Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі N 1068 Қаулысы

Қолданыстағы

      Экономиканы үдемелі индустриялық-инновациялық, дамытуды
қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Нығметұлы Ахметовті Директорлар кеңесінің төрағасы етіп "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" (Kаzаkhstаn Еngіnееrіng) акционерлік коғамының;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Бекболатұлы Нұрашевты "Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кеңесшісі Құралбай Сейітбайұлы Бұхарбаевты "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының;
      4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Бекболатұлы Нұрашевты "Каzуnа Саріtаl Маnаgеmеnt" акционерлік қоғамының;
      5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қалымтайұлы Қазыбаевты "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамының;
      6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық-инновациялық даму департаментінің директоры Игорь Владимирович Цойды "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамының;
      7) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық-инновациялық даму департаментінің директоры Игорь Владимирович Цойды "Біріккен химия компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңестерінің (қадағалау кеңестерінің) құрамдарына сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 14 шілдедегі
N 1068 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 518-құжат):
      осы қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
      үшінші абзацта:
      "бірінші басшылары" деген сөздер "өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Сұлтанов                     - Қазақстан Республикасы Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы               бюджеттік жоспарлау министрі"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Мамытбеков                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Еділ Құламқадырұлы              және сауда вице-министрі".

      3. "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 980 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Дұрмағамбетов                - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Ерлан Дмитрийұлы                және байланыс агенттігі төрағасының
                                орынбасары"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Дәрібаев                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Мұрат Амангелдіұлы              сауда министрлігі Өнеркәсіп
                                комитетінің төрағасы".

      4. "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 1091 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Бабақұмаров                  - Қазақстан Республикасы
Ержан Жалбақұлы                 Премьер-Министрінің
                                Кеңсесі Басшысының орынбасары"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Исекешев                     - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы                 және сауда министрі".

      5. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1102 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Өтепов                       - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлович                 министрлігі Мемлекеттік мүлік
                                және жекешелендіру
                                комитетінің төрағасы"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Бұхарбаев                    - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Құралбай Сейітбайұлы            сауда министрінің кеңесшісі".