Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1048 Қаулысы

Жаңартылған

      Индустриялық-инновациялық саясат саласындағы қызметті жандандыру және мемлекеттік органдардың күш-жігерін шоғырландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Үйлестіру кеңесінің құрамы;
      2) Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 9 шілдедегі
N 1048 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі
үйлестіру кеңесі туралы ереже

      Осы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Үйлестіру кеңесі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік даму институттарының, салалық кәсіпкерлер бірлестіктерінің және тәуелсіз сарапшылардың үдемелі индустриялық саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі ұсынымдарын әзірлеу мақсатында құрылды.
      2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
      4. Үйлестіру кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болады.

2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары

      5. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:
      1) дамуы елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту көзқарасы тұрғысынан маңызды болып табылатын өнеркәсіптің нақты кіші салалары мен секторларын айқындау;
      2) басым бағыттар шеңберінде нақты кіші салалар бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеу;
      3) ел экономикасын қамтамасыз ету үшін іске асыру қажет үдемелі индустриялық-инновациялық, инвестициялық және экспорттық саясат іс-шаралары;
      4) Үйлестіру кеңесінің орталық және өңірлік салалық жұмыс топтарының қызметін үйлестіруі бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.
      6. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында мыналарға:
      1) үдемелі индустриялық-инновациялық, инвестициялық және экспорттық саясатты іске асыруға тікелей немесе жанама әсер ететін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыруға тұжырымдамалық көзқарастарға;
      2) мемлекеттік даму институттарының, холдингтердің келісілген инвестициялық саясатын қамтамасыз етуге, олардың арасында ақпаратпен тиімді алмасу мен инвестициялық және инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыруға;
      3) инвестициялық ахуалды жетілдіруге және ел экономикасының шикізатқа қатысты емес секторына тікелей шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға;
      4) үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөнінде 5 жылдық мемлекеттік бағдарламалық құжат әзірлеуге;
      5) өнеркәсіптің түйінді және сервистік салаларын дамытуға, сондай-ақ оларды іріктеу жөнінде әдіснама әзірлеуге;
      6) Өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемаларын әзірлеу мен бекітуге;
      7) бизнес-бастамалар мен инвестициялық жобаларды тексеруге;
      8) инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдеріне қатысты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функцияларды орындайды.

3. Үйлестіру кеңесінің құқықтары

      7. Үйлестіру кеңесінің өз құзыреті шегінде:
      1) үдемелі индустриялық-инновациялық дамуды іске асыру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды және нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобаларын, сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша жасалған жұмыс туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізуге;
      2) өз жұмысына мемлекеттік органдардың басшыларын, ғалымдарды, сарапшыларды және мамандарды тартуға;
      3) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға;
      4) салалық жұмыс топтарын құруға;
      5) Үйлестіру кеңесі отырыстарының хаттамаларын бекітуге;
      6) Үйлестіру кеңесінің, салалық жұмыс топтарының жұмыс жоспарларын бекітуге;
      7) өз қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс топтарын құруға;
      8) жергілікті үйлестіру кеңестеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға құқығы бар.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.26 № 133 Қаулысымен.

3. Жұмысты ұйымдастыру

      8. Үйлестіру кеңесін төраға - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, оның отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Үйлестіру кеңесінің төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары атқарады.
      9. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі болып табылады.
      10. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Үйлестіру кеңесі жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      11. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы:
      1) күн тәртібін қалыптастырады;
      2) Үйлестіру кеңесінде қарауға арналған ұсыныстарды жинауды жүзеге асырады. Үйлестіру кеңесінің қарауына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар енгізетін ұсыныстарды қалыптастырады;
      3) Үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылайды;
      4) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты сұратады.
      12. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыруды, оның отырыстарын өткізуге дайындауды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Үйлестіру кеңесінің отырыстарынан кейін хаттама ресімдеуді Үйлестіру кеңесінің хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылмайды.
      13. Үйлестіру кеңесі отырыстарының материалдары Үйлестіру кеңесі отырыстарына дейін кемінде екі жұмыс күнінен кешіктірілмей Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жіберіледі.
      14. Үйлестіру кеңесінің отырысын Үйлестіру кеңесінің төрағасы өз бастамасы, Төраға орынбасарының бастамасы, не Үйлестіру кеңесі мүшесінің бастамасы бойынша Үйлестіру кеңесінде қарауға ұсынылатын материалдар негізінде шақырады.
      15. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі және, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады. Үйлестіру кеңесінің мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      16. Үйлестіру кеңесі отырыстарының қорытындылары бойынша оның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері мен хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.
      17. Үйлестіру кеңесінің шешімі оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.

4. Үйлестіру кеңесінің қызметін тоқтату

      18. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Үйлестіру кеңесінің қызметін тоқтату үшін негіздеме болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 9 шілдедегі
N 1048 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі
үйлестіру кеңесінің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.26 № 133 Қаулысымен.

Исекешев                      - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы                 және сауда министрі, төраға

Құсайынов                     - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы                және бюджеттік жоспарлау
                                вице-министрі, төрағаның орынбасары

Кәрібжанов                    - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
Айдан Табониязұлы               қоры" акционерлік қоғамының
                                басқарушы директоры, төрағаның
                                орынбасары (келісім бойынша)

Айтаев                        - Қазақстан Республикасы Индустрия
Ренат Құрметжанұлы              және сауда министрлігі
                                Индустриялық-инновациялық дамуды
                                салааралық үйлестіру департаментінің
                                директоры, хатшы

Бобров                        - Қазақстан Республикасының Парламенті
Владимир Яковлевич              Мәжілісінің депутаты (келісім
                                бойынша)

Пішембаев                     - Қазақстан Республикасының Парламенті
Мейрам Құдайбергенұлы           Мәжілісінің депутаты (келісім
                                бойынша)

Әбдіқалықова                  - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы               халықты әлеуметтік қорғау министрі

Өзібеков                      - Қазақстан Республикасы Жер
Өмірзақ Өзібекұлы               ресурстарын басқару агенттігінің
                                төрағасы

Қуанғанов                     - Қазақстан Республикасы Білім және
Фархад Шаймұратұлы              ғылым министрлігінің жауапты хатшысы

Махамбетажиев                 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Батыр Әпенұлы                   және байланыс агенттігінің жауапты
                                хатшысы

Бектұров                      - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы                  коммуникация вице-министрі

Евниев                        - Қазақстан Республикасының Ауыл
Арман Қайратұлы                 шаруашылығы вице-министрі

Сәдуақасова                   - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Елдана Мақынқызы                ортаны қорғау вице-министрі

Смайылов                      - Қазақстан Республикасының Қаржы
Әлихан Асханұлы                 вице-министрі

Тұрғанов                      - Қазақстан Республикасының Энергетика
Дүйсенбай Нұрбайұлы             және минералдық ресурстар
                                вице-министрі

Нұрпейісов                    - Қазақстан Республикасы Алматы
Дархан Қадырбайұлы              қаласының өңірлік қаржы орталығының
                                қызметін реттеу агенттігі төрағасының
                                орынбасары

Танысбаев                     - Қазақстан Республикасы Төтенше
Қуат Мұратұлы                   жағдайлар министрлігі Мемлекеттік
                                материалдық резервтер комитетінің
                                төрағасы

Әбдішев                       - "Нұр Отан" халықтық-демократиялық
Бауыржан Тұйтейұлы              партиясы" қоғамдық бірлестігінің
                                Инновациялық комитеті төрағасының
                                орынбасары (келісім бойынша)

Байсейітов                    - "Центр Кредит банкі" акционерлік
Бақытбек Рымбекұлы              қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы
                                (келісім-бойынша)

Арынов                        - "Kazneх" акционерлік қоғамының
Ерлан Асатайұлы                 Басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Есқалиев                      - "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік
Ғали Нәжімеденұлы               қоғамының Басқарма төрағасы (келісім
                                бойынша)

Қабашев                       - "Альянс Банк" акционерлік қоғамының
Мақсат Рақымжанұлы              Басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Құлсейітов                    - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік
Айдын Жеңісұлы                  қоғамының басқарма төрағасы (келісім
                                бойынша)

Мәжібаев                      - "RESMI" компаниялар тобы байқау
Қайрат Қуанышбайұлы             кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Шөжеева                       - "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық
Әзиза Тимурқызы                 холдингі" акционерлік қоғамының
                                Басқарма төрағасының орынбасары
                                (келісім бойынша)

Мусина                        - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі"
Лилия Сәкенқызы                 акционерлік қоғамының Басқарма
                                төрағасының орынбасары (келісім
                                бойынша)

Серіков                       - "СамұрықҚазынаИнвест" акционерлік
Асылхан Жұмағалиұлы             қоғамы бас директорының орынбасары
                                (келісім бойынша)

Есентүгелов                   - "Қазақстан Республикасының Үкіметі
Арыстан Есентүгелұлы            және Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық
                                талдау орталығы" акционерлік
                                қоғамының тәуелсіз директоры
                                (келісім бойынша)

Жақыпов                       - Қазақстан Республикасының Білім және
Айдар Бексұлтанұлы              ғылым вице-министрі

Сембин                        - "Citis Kazyna Investment Fund"
Асқар Болатұлы                  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
                                басшысының орынбасары (келісім
                                бойынша)

Перуашев                      - "Атамекен" одағы" ұлттық экономикалық
Азат Тұрлыбекұлы                палатасының төрағасы (келісім
                                бойынша)

Аханов                        - "Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы"
Серік Ахметжанұлы               заңды тұлғалар бірлестігінің
                                төрағасы (келісім бойынша)

Радостовец                    - "Тау-кен өндіру және тау-кен
Николай Владимирович            металлургиясы кәсіпорындары
                                республикалық қауымдастығы" заңды
                                тұлғалар бірлестігінің атқарушы
                                директоры (келісім бойынша)

Беклемишев                    - "Белкамит" бірлескен кәсіпорны"
Павел Иннокентьевич             акционерлік қоғамының бас директоры
                                (келісім бойынша)

Кравченко                     - "Беккер және КО" жауапкершілігі
Иван Михайлович                 шектеулі серіктестігінің бас
                                директоры (келісім бойынша)

Аббас                         - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Бауыржан Аббасұлы               холдингі» акционерлік қоғамы
                                төрағасының орынбасары
                                (келісім бойынша)

Смирнов                       - «Ресей жинақ банкі» акционерлік
Олег Евгеньевич                 қоғамы еншілес банкінің басқарма
                                төрағасы (келісім бойынша)

Тен                           - «Сaspian Group» акционерлік қоғамының
Александр Эрикович              басқарма төрағасы (келісім бойынша)