Индустриялық-инновациялық саясат саласындағы қызметті жандандыру және мемлекеттік органдардың күш-жігерін шоғырландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесінің құрамы;
2) Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 9 шілдедегі
N 1048 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі
үйлестіру кеңесі туралы ереже
Осы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Үйлестіру кеңесі экономиканың орнықты әрі теңгерімді өсуі және елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.14 № 1176 Қаулысымен.
2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Үйлестіру кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болады.
2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары
5. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:
1) дамуы елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту көзқарасы тұрғысынан маңызды болып табылатын өнеркәсіптің нақты кіші салалары мен секторларын айқындау;
2) үдемелі индустриялық-инновациялық даму жолымен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3) ел экономикасын қамтамасыз ету үшін іске асыру қажет үдемелі индустриялық-инновациялық, инвестициялық және экспорттық саясат іс-шаралары;
4) Үйлестіру кеңесінің орталық және өңірлік салалық жұмыс топтарының қызметін үйлестіруі бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.14 № 1176 Қаулысымен.
6. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында мыналарға:
1) үдемелі индустриялық-инновациялық, инвестициялық және экспорттық саясатты іске асыруға тікелей немесе жанама әсер ететін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыруға тұжырымдамалық көзқарастарға;
2) мемлекеттік даму институттарының, холдингтердің келісілген инвестициялық саясатын қамтамасыз етуге, олардың арасында ақпаратпен тиімді алмасу мен инвестициялық және инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыруға;
3) инвестициялық ахуалды жетілдіруге және ел экономикасының шикізатқа қатысты емес секторына тікелей шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға;
4) қазақстандық бизнестің шетелдік нарықтарға шығу үдерісін нысаналы жүйелік қолдауды ұйымдастыруға;
5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.14 № 1176 Қаулысымен;
6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.14 № 1176 Қаулысымен;
7) бизнес-бастамалар мен инвестициялық жобаларды тексеруге;
8) инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдеріне қатысты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функцияларды орындайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.14 № 1176 Қаулысымен.
3. Үйлестіру кеңесінің құқықтары
7. Үйлестіру кеңесінің өз құзыреті шегінде:
1) үдемелі индустриялық-инновациялық дамуды іске асыру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды және нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобаларын, сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша жасалған жұмыс туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізуге;
2) өз жұмысына мемлекеттік органдардың басшыларын, ғалымдарды, сарапшыларды және мамандарды тартуға;
3) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға;
4) салалық жұмыс топтарын құруға;
5) Үйлестіру кеңесі отырыстарының хаттамаларын бекітуге;
6) Үйлестіру кеңесінің, салалық жұмыс топтарының жұмыс жоспарларын бекітуге;
7) өз қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс топтарын құруға;
8) жергілікті үйлестіру кеңестеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға құқығы бар.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.26 № 133 Қаулысымен.
3. Жұмысты ұйымдастыру
8. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары атқарады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.14 № 1176 Қаулысымен.
9. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.14 № 1176 Қаулысымен.
10. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Үйлестіру кеңесі жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
11. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы:
1) күн тәртібін қалыптастырады;
2) Үйлестіру кеңесінде қарауға арналған ұсыныстарды жинауды жүзеге асырады. Үйлестіру кеңесінің қарауына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар енгізетін ұсыныстарды қалыптастырады;
3) Үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылайды;
4) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты сұратады.
12. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыруды, оның отырыстарын өткізуге дайындауды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Үйлестіру кеңесінің отырыстарынан кейін хаттама ресімдеуді Үйлестіру кеңесінің хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылмайды.
13. Үйлестіру кеңесі отырыстарының материалдары Үйлестіру кеңесі отырыстарына дейін кемінде екі жұмыс күнінен кешіктірілмей Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жіберіледі.
14. Үйлестіру кеңесінің отырысын Үйлестіру кеңесінің төрағасы өз бастамасы, Төраға орынбасарының бастамасы, не Үйлестіру кеңесі мүшесінің бастамасы бойынша Үйлестіру кеңесінде қарауға ұсынылатын материалдар негізінде шақырады.
15. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады. Үйлестіру кеңесінің мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.14 № 1176 Қаулысымен.
16. Үйлестіру кеңесі отырыстарының қорытындылары бойынша оның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері мен хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.
17. Үйлестіру кеңесінің шешімі оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
4. Үйлестіру кеңесінің қызметін тоқтату
18. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Үйлестіру кеңесінің қызметін тоқтату үшін негіздеме болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 9 шілдедегі
N 1048 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасын
үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі
үйлестіру кеңесінің
құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.14 № 1176 Қаулысымен.
Исекешев - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі, төраға
Paу - Қазақстан Республикасының
Альберт Павлович Индустрия және жаңа технологиялар
бірінші вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Кәрібжанов - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
Айдан Табониязұлы қоры» акционерлік қоғамының
басқарма төрағасының орынбасары,
төрағаның орынбасары (келісім
бойынша)
Бекенов - Қазақстан Республикасы Индустрия
Берік Темірғалиұлы және жаңа технологиялар
министрлігі Стратегиялық
жоспарлау департаменті
директорының орынбасары, хатшы
Бобров - Қазақстан Республикасы
Владимир Яковлевич Парламентінің Мәжілісі
төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Пішембаев - Қазақстан Республикасының
Мейрам Құдайбергенұлы Парламенті Мәжілісінің депутаты
(келісім бойынша)
Ыбыраев - Қазақстан Республикасы
Азамат Болатұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Басшысының орынбасары
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Аман - Қазақстан Республикасы Ауыл
Евгений Иосифович шаруашылығы министрлігінің
жауапты хатшысы
Өзібеков - Қазақстан Республикасы Жер
Өмірзақ Өзібекұлы ресурстарын басқару агенттігінің
төрағасы
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік
Азат Ғаббасұлы және коммуникация вице-министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономикалық даму және сауда
вице-министрі
Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Біржан Бидайбекұлы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі
Орынханов - Қазақстан Республикасының Білім
Мұрат Қадесұлы және ғылым вице-министрі
Сарсенов - Қазақстан Республикасының
Сәкен Сейітжаппарұлы Байланыс және ақпарат
вице-министрі
Смайылов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Жанболат Амангелдіұлы жағдайлар вице-министрі
Толымбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай
Берік Зиябекұлы және газ вице-министрі
Тұрмағамбетов - Қазақстан Республикасының
Мәжит Әбдіқалықұлы Қоршаған ортаны қорғау
вице-министрі
Әлімқұлов - Қазақстан Республикасы
Еркеғали Амантайұлы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік)
төрағасының орынбасары
Жарқынбаев - Қазақстан Республикасы Статистика
Жасер Әзімханұлы агенттігі төрағасының орынбасары
Арынов - «KAZNEX INVEST» экспорт және
Ерлан Асатайұлы инвестициялар ұлттық агенттігі»
акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Байсейітов - «Центр Кредит банкі» акционерлік
Бақытбек Рымбекұлы қоғамы директорлар кеңесінің
төрағасы (келісім бойынша)
Есентүгелов - «Қазақстан Республикасының
Арыстан Есентүгелұлы Үкіметі жанындағы Ұлттық талдау
орталығы» акционерлік қоғамының
директорлар кеңесінің төрағасы
тәуелсіз-директор (келісім
бойынша)
Бектұрғанов - «Парасат» үлттық ғылыми-
Нұралы Сұлтанұлы технологиялық холдингі»
акционерлік қоғамы төрағасы
(келісім бойынша)
Бопиева - «Экономикалық зерттеулер
Жәмила Қадырқызы институты» акционерлік қоғамының
президентінің міндетін атқарушы
(келісім бойынша)
Құсайынов - «Қазақстанның Даму банкі»
Нұрлан Жетпісұлы акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Қабашев - «Альянс Банк» акционерлік
Мақсат Рақымжанұлы қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Қажыкен - «Қазақстан индустриясын дамыту
Мейрам Зекешұлы институты» акционерлік қоғамының
президенті (келісім бойынша)
Құлсейітов - «Ұлттық инновациялық қор»
Айдын Жеңісұлы акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Мәжібаев - «RESMI» компаниялар тобы»
Қайрат Қуанышбайұлы акционерлік қоғамы директорлар
кеңесінің төрағасы (келісім
бойынша)
Мырзахметов - «Атамекен» Қазақстанның ұлттық
Абылай Исабекұлы экономикалық палатасының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Смирнов - «Ресей жинақ банкі» акционерлік
Олег Евгеньевич қоғамы еншілес банкінің басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Тен - «Caspian Group» акционерлік
Александр Эрикович қоғамы директорлар кеңесінің
төрағасы (келісім бойынша)
Құрманғалиева - «Зерде» ұлттық
Бикеш Қайдарқызы инфокоммуникациялық холдингі»
акционерлік қоғамының басқарма
төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Мусина - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы
Лилия Сәкенқызы холдингі» акционерлік қоғамының
басқарма төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Оразғұлов - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
Расул Қабдоллаұлы партиясы» қоғамдық бірлестігінің
Орталық аппараты басшысының
орынбасары (келісім бойынша)
Якупбаева - «Қазақстан қаржыгерлері
Юлия Константиновна қауымдастығы» заңды тұлғалар
бірлестігінің кеңесі төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Беклемишев - «Белкамит» бірлескен кәсіпорны»
Павел Иннокентьевич акционерлік қоғамының бас
директоры (келісім бойынша)
Радостовец - «Тау-кен өндіру металлургиясы
Николай Владимирович және тау-кен кәсіпорындары
республикалық қауымдастығы» заңды
тұлғалар бірлестігінің атқарушы
директоры (келісім бойынша)
Есімбеков - «Самұрық-Казына» ұлттық әл-ауқат
Сабыр Сайлаубекұлы қоры» акционерлік қоғамының
инвестициялық жобалар
департаментінің директоры
(келісім бойынша)
Кравченко - «Беккер және К» жауапкершілігі
Иван Михайлович шектеулі серіктестігінің бас
директоры (келісім бойынша)
Ким - «G4 City» жауапкершілігі шектеулі
Вячеслав Ореонович серіктестігінің бас директоры
(келісім бойынша)
Сембин - «СИТИК Қазына Эдвайзер»
Асқар Болатұлы жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
(келісім бойынша)
Ысқақов - «Самұрық-Қазына Инвест»
Диас Жұмағазыұлы жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі бас директорының
орынбасары (келісім бойынша)