Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне , "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес және мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде "Тұрмыстық қалдықтарды жоюды жаңғырту және Астана қаласының экологиялық жағдайын жақсарту" жобасын іске асыру үшін Іnstіtuto de Credіto оf the Кіngdоm оf Sраіn мен "Қалалық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (қазіргі уақытта - "Астана қалалық коммуналдық шаруашылық" акционерлік қоғамы) арасында жасалған 2001 жылғы 23 мамырдағы Кредиттік келісім бойынша 1284726,38 (бір миллион екі жүз сексен төрт мың жеті жүз жиырма алты доллар отыз сегіз цент) АҚШ долларына баламалы сомада негізгі борыш пен сыйақыны, сондай-ақ уақтылы орындалмаған міндеттемелер үшін есептелген айыппұлды өтеу жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "Қазақстанның Даму Банкі" және "Астана қалалық коммуналдық шаруашылық" акционерлік қоғамдарымен республикалық бюджеттен оқшауландырылған каражатты қайтаруды қамтамасыз ететін қосымша келісімдер жасассын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов