Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 380 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 317 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасына:
"Тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері" деген 3-бөлімде:
"Медицина және фармацевтика кадрларын даярлау құрылымдарын өзгерту" деген 5.1-параграфта:
он жетінші абзацтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"медициналық-профилактикалық іс бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып "медициналық-профилактикалық іс" (5 жыл);";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны ", 2009 жылғы 2-тоқсан" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов