Қазақстан Республикасының 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығына байланысты Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері мен қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне арналған қосымша жеңілдіктер мен материалдық көмек белгілеу туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі N 1027 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Комитетін Қазақстан Республикасының 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығына байланысты Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері мен қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне арналған қосымша жеңілдіктер мен материалдық көмек белгілеу туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы хабардар етсін
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов