Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 588 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 шілдедегі N 1023 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 588 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов