"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы 15-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар ету ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 маусымдағы
N 984 қаулысымен
бекітілген
Ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру
кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда,
жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды
хабардар ету ережесі
1. Осы Ереже "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы 15-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар ету тәртібін белгілейді.
2. Желісінде жұмыс істейтін абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтарының тізілімін жүргізетін ұялы байланыс операторлары желіде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, олар анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бірінші басшының немесе оның міндеттерін орындайтын адамның қолымен тиісті хабарламаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жібереді.
3. Хабарлама ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарттың көшірмелерімен және онда көрсетілген мәліметтерді бейнелейтін құжаттармен қоса осы Ережеге қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Ұялы байланыс операторларының
өз желісінде бірдей сәйкестендіру
кодтары бар бірнеше абоненттік
құрылғыларды байқаған жағдайда,
жедел-іздестіру қызметін жүзеге
асыратын органдарды хабардар
ету ережесіне қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқау туралы хабарлама
_____________________________________________________________________
(ұялы байланыс операторының атауы)
бізге тиесілі ұялы байланыс желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар мынадай абоненттік құрылғылар жұмыс істейтіні туралы хабарлайды:
Р/с |
Сәйкестендіру коды |
Желіде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғылар анықталған күні және уақыты |
Желіде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғылар анықталған сәтте абоненттік құрылғының жұмыс орны (базалық станцияның жұмысы шегінде) |
Абоненттік нөмір |
Абонент туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық картаның деректері, шоттарды жеткізу үшін мекенжайы; жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, почталық мекен-жайы) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ұялы байланыс
операторының басшысы ______________ ___________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)