Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 903 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы N 959 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.08.2017 № 475 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 903 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер қаралған жағдайда, Комиссияның отырыстарына мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары шақырылады.

      Комиссия отырысының материалдарына қоса тіркеу үшін мемлекеттік органның қорытындысы мемлекеттік орган басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, жазбаша түрде ұсынылуы тиіс.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 22 маусымдағы
N 959 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 22 қыркүйектегі
N 903 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Сауда саясаты және халықаралық
экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Шөкеев - Қазақстан Республикасы

      Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің бірінші

       орынбасары, төраға

      Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия

      Әсет Өрентайұлы және сауда министрі, төрағаның

       орынбасары

      Айтжанова - Қазақстан Республикасының Индустрия

      Жанар Сейдахметқызы және сауда вице-министрі, хатшы

      Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет

      Марат Бақытжанұлы вице-министрі

      Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік және

      Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрі

      Евниев - Қазақстан Республикасының Ауыл

      Арман Қайратұлы шаруашылығы вице-министрі

      Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика

      Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

      Мағауов - Қазақстан Республикасының Энергетика

      Әсет Маратұлы және минералдық ресурстар

       вице-министрі

      Смайылов - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Әлихан Асханұлы вице-министрі

      Құдайбергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи

      Ескендір Көпбосынұлы монополияларды реттеу агенттігі

       төрағасының орынбасары

      Қожахметов - Қазақстан Республикасы Бәселестікті

      Жанат Мұратұлы қорғау агенттігі төрағасының

       орынбасары

      Ерғожин - Қазақстан Республикасы Қаржы

      Дәулет Еділұлы министрлігі Салық комитетінің төрағасы

      Тен - Қазақстан Республикасы Қаржы

      Игорь Викторович министрлігінің Кедендік бақылау

       комитеті төрағасының орынбасары