"Астананың жаңа университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы N 957 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Астананың жаңа университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында білім беру қызметін көрсету болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 64800000 (алпыс төрт миллион сегіз жүз мың) теңге бөлінсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғамның жарғысын бекітуді;
      2) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
      1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат есебінен 64800000 (алпыс төрт миллион сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамның Директорлар кеңесін қосымшаға сәйкес құрамда сайлауды қамтамасыз етсін;
      3) екі ай мерзімде тәуелсіз директор кандидатуралары бойынша ұсыныстар енгізсін.
      6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 20 маусымдағы
N 957 қаулысымен    
бекітілген       

«Назарбаев Университеті» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.03 N 1032, 2009.10.02 N 1512, 2010.06.07 № 532 Қаулыларымен.

Мәсімов                      - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы              Премьер-Министрі, төраға

Әшімбаев                     - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мәулен Сағатханұлы             Әкімшілігі Басшысының орынбасары
                               (келісім бойынша)

Орынбаев                     - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы              Премьер-Министрінің орынбасары

Сұлтанов                     - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы              көмекшісі (келісім бойынша)

Түймебаев                    - Қазақстан Республикасының
Жансейіт Қансейітұлы           Білім және ғылым министрі

Жәмішев                      - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы              министрі

Келімбетов                   - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
Кайрат Нематұлы                қоры" акционерлік қоғамының басқарма
                               төрағасы (келісім бойынша)

Тасмағамбетов                - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Құлыбаев                     - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Тимур Асқарұлы                 акционерлік қоғамы басқарма
                               төрағасының орынбасары
                               (келісім бойынша)

Лакшми Миттал                - "Арселор Миттал" компаниясы
                               Директорлар кеңесінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Машкевич                     - "Еurаsіаn Naturаl Rеsоurсеs
Александр Антонович            Соrроrаtiоn РLS" компаниясы
                               Директорлар кеңесінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Ким                          - "Қазақмыс" корпорациясы"
Владимир Сергеевич             жауапкершілігі шектеулі
                               серіктестігінің президенті
                               (келісім бойынша)

Феттах Таминдже              - "Сембол Иншаат" құрылыс компаниясының
                               құрылтайшысы (келісім бойынша)

Дэвид Меркель                - тәуелсіз директор

Фредерик Старр               - тәуелсіз директор

Сәрінжіпов                   - «Назарбаев университеті» коммерциялық
Аслан Бәкенұлы                 емес акционерлік қоғамының Президенті

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 20 маусымдағы
N 957 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат);
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-115-жолмен толықтырылсын:
      "21-115. "Астананың жаңа университеті" АҚ".
      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-5-жолмен толықтырылсын:
      "222-33-5. "Астананың жаңа университеті" АҚ".
      3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "3. Акционерлік қоғам" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
      "8. "Астананың жаңа университеті".
      4. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-3-жолмен толықтырылсын:
      "19-3. "Астананың жаңа университеті" акционерлік қоғамы 100%".