Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 66 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 маусымдағы N 942 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін қалыптастыру және аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 66 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 2, 27-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов