Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 856 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "төлеуге жұмсайды" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) осы қаулыға 3-1-қосымшада көрсетілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді және білім беру қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мен қатысу үлестері мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 2010 - 2012 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер және мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер төлеуден босатылады";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-1-қосымшада көрсетілген ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамытуға алынған таза табысты тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.";

      3-тармақта "3" деген саннан кейін ", 3-1" деген сандармен толықтырылсын;

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 маусымдағы
N 856 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
633 қаулысына
3-1-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеу мен
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді және білім беру
қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мен қатысу
үлестері мемлекет меншігіндегі агроөнеркәсіптік кешеннің
акционерлік қоғамдары мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктерінің тізбесі

      1. "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы.

      2. "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы.

      3. "Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      4. "Қарабау" элиталық тұқым шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      5. "Түгіскен" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      6. "Мерке" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      7. "Кондратов тәжірибе-көрсету орман питомнигі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      8. "Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы"

      жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      9. "Қаскелең тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      10. "Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      11. "Заречное" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      12. "Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      13. "Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      15. "Қазақ тұлпары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      16. "Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.