Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 56 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 833 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 мамырдағы № 516 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.14 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 56 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 2, 28-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбында және 1-тармақта "беру" деген сөзден кейін ", оның қолданысын тоқтата тұру" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесінде:
      тақырыбында және 1-тармақта "берудің" деген сөзден кейін ", оның қолданысын тоқтата тұру" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау, су бұру" деген сөздермен толықтырылсын;
      "уәкілетті орган" деген сөзден кейін "(бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта:
      "Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті" деген сөздер "Уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "аумақтық" деген сөз "өңірлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9-тармақтың бірінші абзацында:
      "су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      "аумақтық" деген сөз "өңірлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "құрылысы" деген сөзден кейін ", гидромелиоративтік жүйелер" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-бөлімде:
      тақырыбы "және қолданысын тоқтата тұру" деген сөздермен толықтырылсын;
      10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Заңды тұлғаның атауының өзгеруі арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттың қайта ресімделуін талап етеді.
      Су шаруашылығы жүйелерін реконструкциялау немесе су тұтыну шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға қайтадан рұқсат алуды талап етеді.
      11. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген уәкілетті орган оның
қолданысын мынадай жағдайларда тоқтатады:
      1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда;
      2) Қазақстан Республикасының су немесе экологиялық заңнамасы
талаптарының бұзылуы анықталғанда.
      Осы тармақта көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың себептерін және оларды жою мерзімін жазбаша нысанда көрсете отырып, су пайдаланушыны хабардар етеді.
      Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру ұсынылған мәліметтердің дұрыс еместігін және анықталған бұзушылықты жою мерзіміне жүзеге асырылады.
      Хабарламада көрсетілген арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға әкеп соққан себептер жойылған жағдайда рұқсаттың қолданысы рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған органның жазбаша растамасының негізінде қайта басталады.";
      12-тармақта:
      "Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті" деген сөздер "Уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "аумақтық" деген сөз "өңірлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесіне қосымшада оң жақ жоғары бұрышында "беру" деген сөзден кейін ", оның қолданысын тоқтата тұру" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов