Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы N 1125
қаулысына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Тимур Мұратұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Дүйсембаев - Қазақстан Республикасының Көлік және
Еркін Сейдеғалиұлы коммуникация вице-министрі
Әріпханов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Айдар Әбдіразақұлы және байланыс агенттігі төрағасының
орынбасары
мына:
"Шөкеев - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Ақылбай - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Серік Байсейітұлы Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму
комитетінің хатшысы (келісім бойынша)"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Шөкеев - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары,
төраға";
"Ақылбай - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Серік Байсейітұлы Сенаты Заңнама және құқықтық мәселелер
комитетінің хатшысы (келісім бойынша)"
көрсетілген құрамнан Пірматов Ғалымжан Олжаұлы, Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы, Бишіғаев Асқар Дәруішұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов