Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 728 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 15 мамырдағы
N 728 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж, N 40, 455-құжат):
      1-тармақта:
      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Түсіпбеков                - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы           министрі, төраға

Сәдуақасова               - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Елдана Мәкенқызы            қорғау вице-министрі

Нұрымбетов                - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы          халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Саванков                  - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Александр Михайлович        вице-министрі

Дәулеталин                - Қазақстан Республикасының Парламенті
Сатыбалды Телағысұлы        Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары
                            (келісім бойынша)

Байжанов                  - Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы
Ғабит Жақыпбайұлы           барлау қызметі директорының бірінші
                            орынбасары (келісім бойынша)
      мына:

"Қуанғанов                - Қазақстан Республикасының Білім және
Фархад Шаймұратұлы          ғылым вице-министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қуанғанов                - Қазақстан Республикасының Білім
Фархад Шаймұратұлы          және ғылым министрлігінің жауапты
                            хатшысы";

      көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхияқызы, Бірәлиев Әлжан Хамидоллаұлы, Бекбаев Ерзат Зейноллаұлы, Ахметов Қабдығали, Әбденов Серік Сақбалдыұлы, Федоров Олег Анатольевич, Тілеухан Нәркес Түлекқызы шығарылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.23 N 632 Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.
      5. "Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 8, 92-құжат):
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Түсіпбеков                - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы           министрі, төраға

Лукин                     - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Андрей Иванович             қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                            күрес агенттігі (қаржы полициясы)
                            төрағасының орынбасары, төрағаның
                            орынбасары (келісім бойынша)

Темірболатов              - Қазақстан Республикасының Парламенті
Серік Ғабдоллаұлы           Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Тұрмағамбетов             - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мәжит Әбдіхалықұлы          қорғау вице-министрі

Білісбеков                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұрғали Дәулетбекұлы        комитеті төрағасының орынбасары
                            (келісім бойынша)

Нұрымбетов                - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы          халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Дәулеталин                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сатыбалды Телағысұлы        Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары
                            (келісім бойынша)

Рахметов                  - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Саттар Мұқанұлы             қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                            күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қаржы
                            полициясы академиясының Ғылыми-зерттеу
                            орталығы және адъюнктура бастығы, заң
                            ғылымдарының докторы, профессор
                            (келісім бойынша)

Баймаханов                - "Қазақ гуманитарлық заң университеті"
Мұрат Тәжімұратұлы          акционерлік қоғамы Ғылыми сараптама және
                            талдау институтының директоры, заң
                            ғылымдарының докторы, профессор,
                            Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                            академиясының академигі (келісім бойынша)

Бабушкин                  - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Михаил Федорович            Сотының судьясы (отставкада)
                            (келісім бойынша)
      мына:

"Қуанғанов                - Қазақстан Республикасының Білім
Фархад Шаймұратұлы          және ғылым вице-министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қуанғанов                - Қазақстан Республикасының Білім
Фархад Шаймұратұлы          және ғылым министрлігінің жауапты
                            хатшысы";

      көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхияқызы, Қожамжаров Қайрат Пернешұлы, Баймағамбетова Бағила Бірмағамбетқызы, Ахметов Қабдығали, Сәрсембаев Зейнолла Сәкенұлы, Бишеғаев Асқар Дарұшұлы, Бекбаев Ерзат Зейноллаұлы, Байжанов Нұрсейіт Әбсаттарұлы, Шаяхметов Әділ Шаяхметұлы,; Әбденов Серік Сақбалдыұлы, Тілеухан Нәркес Түлекқызы шығарылсын.