Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндеғі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 677 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 1686 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) жыл сайын, 20 маусымнан және 20 желтоқсаннан кешіктірмей Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, 10 шілдеден және 10 қаңтардан кешіктірмей Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 8 мамырдағы
N 677 қаулысымен 
бекітілген    

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі құқықтық базаны жетілдіру

1

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сілтеме жасалатын бланкеттік нормаларды барынша азайту, әр түрлі нормативтік құқықтық актілердің құқықтық нормалары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін нормалар арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

2009 жылғы тамыз

Талап етілмейді

-

2

"Мүдделерге қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

2009 жылғы қазан

Талап етілмейді

-

3

Тергеуге дейінгі тексерісті жүргізу тәртібі мен шарттарын құқықтық регламенттеуді, сондай-ақ нақты қылмыстар жасағаны үшін жауаптылықтың көп нұсқалылығын тарылтуды көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Заң жобасы

БП (келісім бойынша)

2009 жылғы қазан

Талап етілмейді

-

4

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның қарауына құқықтық статистика органдарына теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдарды есепке алуды жүргізу жөніндегі өкілеттіктерді беруді көздейтін заң жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның шешімі

БП (келісім бойынша)

2010 жылғы маусым

Талап етілмейді

-

5

"Нұр Отан" ХДП-мен бірлесіп, БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, пара беруге уәде бергені және ұсынғаны үшін жауапкершілікті енгізу, материалдық емес игіліктерді пара заты деп белгілеу туралы мәселені қарау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ҚПА (жинақтау) (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), Әділетмині, "Нұр Отан" ХДП

2009 жылғы шілде

Талап етілмейді

-

2. Сыбайлас жемқорлықты азайту жөніндегі мемлекеттік шараларды жетілдіру

6

Лицензияланатын қызмет түрлерін және мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын қысқарту, сондай-ақ лицензияларды алу және рұқсат беру тәртібін оңайлату жөніндегі жұмысты жалғастыру

ҚПА-ға ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын, 20 желтоқсаннан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

7

Мемлекеттік органдар қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді тиісті ден қою шараларын қабылдай отырып, сыбайлас жемқорлық тудыру жайына тексеруді жүзеге асыру

ҚПА-ға ақпарат

БП (жинақтау) (келісім бойынша) Әділетмині

Жарты жылдың қорытындысы бойынша, 20 маусымнан және 20 желтоқсаннан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

8

Бизнестегі "корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа", сондай-ақ кез келген айла-амалдарға, жалған банкроттыққа, капиталды шетелге заңсыз әкетуге қарсы күресті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚПА (жинақтау) (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ІІМ, Әділетмині, Қаржымині

Жарты жылдың қорытындысы бойынша, 10 шілдеден және 10 қаңтардан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

9

Елдің құқық қорғау органдарын беделді халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдарға ықпалдастыру жөнінде іс-шаралар жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚПА (жинақтау) (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), СІМ, ІІМ

Жыл сайын, 10 қаңтардан кешіктірмей

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

РБ

10

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесін зерделеу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі халықаралық келісімдерді іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚПА (жинақтау) (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), СІМ, ІІМ

Жарты жылдың қорытындысы бойынша, 10 шілдеден және 10 қаңтардан кешіктірмей

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

РБ

11

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту  үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеу

ҚПА-ға ақпарат

МҚА (жинақтау), МБА

Жарты жылдың қорытындысы бойынша, 20 маусымнан және 20 желтоқсаннан кешіктірмей

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

РБ

3. Ведомстволық және өңірлік жоспарларды көпшілік тыңдауға шығара отырып әзірлеу

12

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2009 — 2010 жылдарға арналған өңірлік жоспарларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып әзірлеу

ҚПА-ға ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар

2009 жылғы мамыр

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

РБ

13

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2009 - 2010 жылдарға арналған ведомстволық жоспарларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы әзірлеу

ҚПА-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2009 жылғы мамыр

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

ЖБ

4. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау

14

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты жұмыс істейтін айдарлар санын көбейту, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды тұжырымдауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейне- және аудиороликтердің прокатын қамтамасыз ету

ҚПА-ға ақпарат

МАМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жарты жылдың қорытындысы бойынша, 20 маусымнан және 20 желтоқсаннан кешіктірмей

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

РБ, ЖБ

15

"Нұр Отан" ХДП-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акциялар мен науқандар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚПА (жинақтау) (келісім бойынша), БҒМ, МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері, "Нұр Отан" ХДП, қоғамдық бірлестіктер

Жарты жылдың қорытындысы бойынша, 10 шілдеден және 10 қаңтардан кешіктірмей

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

РБ, ЖБ

16

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын қолдану жөнінде жадынама әзірлеу және тарату

Жадынама

ҚПА (жинақтау) (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), МҚА (келісім бойынша) БҒМ, МАМ, Әділетмині

2010 жылғы 1-тоқсан

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

РБ

17

Жастарға сыбайлас жемқорлыққа орнықты төзбеушілікті дарыту мақсатында оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша сабақтар өткізу

ҚПА-ға ақпарат

БҒМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Жарты жылдың қорытындысы бойынша, 10 шілдеден және 10 қаңтардан кешіктірмей

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

РБ

5. Азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл

18

Жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған дәрістер, семинарлар, "дөңгелек үстелдер", форумдар түрінде іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету

ҚПА-ға ақпарат

Мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, қоғамдық бірлестіктер

Жыл сайын, 20 желтоқсаннан кешіктірмей

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

РБ, ЖБ

19

"Транспаренси Қазақстан" ҚҚ-мен бірлесіп, "Сыбайлас
жемқорлықсыз қоғамға" журналын басып шығару және халықтың қалың жігі арасында тарату мүмкіндігін қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚПА (жинақтау) (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, "Транспаренси Қазақстан" ҚҚ

2010 жылғы 10 қаңтар

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

РБ

20

Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруы туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚПА (келісім бойынша)

жыл сайын, 10 қаңтардан кешіктірмей

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

РБ

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық

21

Еуропа Кеңесінің "Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік", "Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік" және "Қылмыстық іс-әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы" конвенцияларына қосылу және ратификациялау жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚПА (жинақтау) (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), СІМ

Жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

22

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қымыл жоспарына қатысушы елдердің, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ, "СЖҚМТ" сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы, "Транспаренси Интернешнл" ҚҚ өкілдерінің қатысуымен экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының шеңберінде халықаралық конференция өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚПА (жинақтау) (келісім бойынша), СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2010 жылғы 10 қаңтар

Бекітіп берілген функцияларды орындау үшін тиісті құқық қорғау органдарын ұстауға көзделген қаражат шегінде

РБ

23

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспары шеңберінде Қазақстан мониторингінің екінші раундын өткізуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚПА (жинақтау) (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2010 жылғы 20 желтоқсан

Талап етілмейді

-

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЖС             - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
      БП             - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      ҰҚК            - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                       комитеті
      ҚПА            - Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа
                       және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
                       агенттігі (қаржы полициясы)
      МҚА            - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
                       істері агенттігі
      СІМ            - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                       министрлігі
      ІІМ            - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      МАМ            - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                       министрлігі
      БҒМ            - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                       министрлігі
      Қаржымині      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭБЖМ           - Қазақстан Республикасы экономика және
                       бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Әділетмині     - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      МБА            - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
                       Мемлекеттік басқару академиясы
      "Нұр Отан" ХДП - "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы
      БҰҰ            - Біріккен Ұлттар Ұйымы
      ЕҚЫҰ           - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
                       ұйымы
      ҚҚ             - қоғамдық қор
      РБ             - республикалық бюджет
      ЖБ             - жергілікті бюджет