Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 672 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 562-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      11, 15, 42, 48-тармақтар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 59-тармақпен толықтырылсын:
      "59. Қызылорда - Астана.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов