Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 167-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2009 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 мамырдағы
N 667 қаулысымен
бекітілген
2009 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі
Р/с |
Жобаның атауы |
Донор |
Атқарушы агенттік |
Іске асыру кезеңі |
Жобаның жалпы құны |
Грант сомасы |
Мемлекеттік бюджеттен берілетін грантты бірлесіп қаржыландыру сомасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1. |
Қазақстан Республикасының орнықты даму қағидаттарына көшуіне жәрдемдесу |
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
2009-2010 жылдар |
350 000 АҚШ доллары |
150 000 АҚШ доллары |
200 000 АҚШ доллары |
2. |
Қазақстан Республикасында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және отбасының жағдайын жақсарту шараларын жетілдіру жөніндегі қызметтер |
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі |
2009-2011 жылдар |
600 000 АҚШ доллары |
300 000 АҚШ доллары |
300 000 АҚШ доллары |
3. |
Еуропалық одақ тәжірибесі бойынша мал шаруашылығы (қой шаруашылығы) саласында шағын кластер құру |
Еуропалық Одақ |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігі |
2009-2010 жылдар |
25 000 000 еуро |
12 500 000 еуро |
12 500 000 еуро (жергілікті бюджет, не заттай мәндегі үлес) |
4. |
Тікелей шетелдік инвестициялар үшін қазақстандық ресурстарды әртараптандыру және секторалдық инвестицияларды дамыту жөніндегі бағдарламаларды жетілдіру |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігі |
2009-2011 жылдар |
3 800 000 еуро |
2 000 000 еуро |
1 800 000 еуро |