Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1035
қаулысына
мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесінде:
"Үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстанның биологиялық саналуандығын сақтау қоры" корпоративтік қоры".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов