Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 сәуірдегі
N 585 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 751 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Барлау" қызметі" деген жол алып тасталсын.
2. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі N 1006 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
"12. Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі".
3. "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж, N 12, 140-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардын (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
2-тармақтың реттік нөмірі 357-жолының 3-бағаны "СІМ," деген аббревиатурадан кейін "Сырбар" СБҚ" (келісім бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;
ескертпенің 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Сырбар" СБҚ" - "Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі".
4. "2009-2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы N 916 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 81-жолдың 4-бағаны "ҰҚК," деген аббревиатурадан кейін "Сырбар" СБҚ" (келісім бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;
Ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Сырбар" СБҚ" - "Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі".