Техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу мен сараптама жүргізуді, мастер-жоспарларды қаржыландыру, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылға арналған бөлінетін 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 565 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.08.21. N 1224 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу мен сараптама жүргізуді, мастер-жоспарларды қаржыландыру, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылға арналған бөлінетін 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.08.21. N 1224 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 21 сәуірдегі
N 565 қаулысымен 
бекітілген     

Техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу мен сараптама
жүргізуді қаржыландыру, мастер-жоспарларды, концессиялық
жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылға
арналған бөлінетін 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық
және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың
техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның
сараптамасы, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу"
бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі

       Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.08.21. N 1224 Қаулысымен.

Р/с
N

Жобаның атауы

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді және оларға мемлекеттік сараптама жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Концесиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді және оларға мемлекеттік сараптама жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Мастер-жоспарларды қаржыландыру көлемі (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

1

Қазақстан Республикасында Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет (БКДҚ) құру

22 000




Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы

2

Республикалық ұлан бригадасының әскери қалашығын салу

37 700




Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

3

"Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Қырғыз Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас" автомобиль жолының "Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы" учаскесін қайта жаңарту


30 000



4

Зияткерлік көлік жүйесін (ЗКЖ) енгізу және Көкшетау қаласы арқылы Астана - Петропавл автомобиль жолының "Астана - Щучинск" учаскесін пайдалану


60 000



5

"Алматы - Өскемен" автомобиль жолының "Алматы - Қапшағай" учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану



32 050


6

"Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы" автомобиль жолының "Астана - Қарағанды" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану



48 342


7

"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану



69 212


8

"Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Қырғыз Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент -Т араз - Қорғас" автомобиль жолының "Алматы - Қорғас" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану



72 938


9

Көлік инфрақұрылымы салаларын дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеу




210 000

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

10

Өнеркәсіп және машина жасау салаларын дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеу




469 112

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

11

Туристік индустрияның неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспар әзірлеу




22 598

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

12

Агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығын қайта өңдеу салаларын дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеу




201 526

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

13

Телекоммуникация инфрақұрылымы салаларын дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспар әзірлеу




58 600


Жиыны:

59 700

90 000

222 542

961 836