Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 540 Қаулысы

Жаңартылған

      "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Анатолий Валерьевич Шкарупа Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.04 № 911 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов