Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 275 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 539 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 308 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 308 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Дағдарысқа қарсы кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 275 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен құрылған Дағдарысқа қарсы кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Түсіпбеков             - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Рашид Төлеутайұлы

Пизиков                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Сергей Валерьевич        штаттан тыс кеңесшісі, USAID Прагма
                         корпорациясының Қазақстан бойынша жобасының
                         директоры (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхянқызы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов