Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы N 1005 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі N 526 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы N 1005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 42, 470-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 5, 6 және 7-жолдармен толықтырылсын:
"

5

Астана қаласының жаңа көлік жүйесі

Астана қаласының әкімдігі

6

"Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен бірге Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Қорғасқа" автомобиль жолының "Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы" учаскесін қайта жаңарту

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

7

"Зияткерлік-көлік жүйесін (ЗКЖ) енгізу және Көкшетау қаласы арқылы Астана - Петропавл автомобиль жолының "Астана - Щучье" учаскесін пайдалану

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов