Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 148 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 518 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 148 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтағы "2009 жылғы 1 наурызға дейін" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов