Жеңіл енеркәсіптің тұтыну тауарлары өндірісін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары және мүдделі ұйымдар (келісім бойынша) тоқсанына бір рет есепті айдан кейінгі айдың 15 күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі тоқсанына бір рет есепті айдан кейінгі айдың 20 күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 сәуірдегі
N 485 қаулысымен
бекітілген
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары
р/с
|
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Болжанып отырған шығыстар (млн.теңге) |
Қаржыландыру көздері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібін дамыту жөнінде тұжырымдама әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ, АШМ, Қаржымині, ЭБЖМ, ЖӨКҚ (келісім бойынша), "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП (келісім бойынша) |
2010 жылғы 2 тоқсан |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
2 |
Жеңіл өнеркәсіпке арналған жоғары технологиялық жабдықтың, оған жинақтаушы және қосалқы бөлшектердің, жеңіл өнеркәсіп үшін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін шикізаттың, химикаттардың импорты кезінде кедендік әкелу баждарын түзету жөнінде ұсыныстар дайындау |
Сауда саясаты мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия да қарау және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу |
ИСМ (жинақтау), Қаржымині, ЭБЖМ, ЖӨКҚ (келісім бойынша) |
2009 жылғы қазан |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
3 |
Тоқыма өнеркәсібіне арналған жеңілдікті лизинг бағдарламасын әзірлеу |
Үкіметке ақпарат |
ИСМ (жинақтау), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
2009 жылғы 20 шілде |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
4 |
Алматы облысының "Қарғалы" АҚ базасында жүннен жасалған тоқыма жіптер мен маталар өндірісінің жобасы бойынша қорытынды дайындау |
ИСМ-ге ақпарат |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
2009 жылғы 15 шілде |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
5 |
"Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 қаулысына жеке тұлғалар алып жүретін жеңіл өнеркәсіп тауарлары бойынша салмақтық және құндық нормаларды азайту бөлігінде өзгерістер енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ (жинақтау), Қаржымині, ЭБЖМ, ЖӨКҚ (келісім бойынша) |
2009 жылғы 3 тоқсан |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
6 |
Сыртқы нарықтарға жеңіл өнеркәсіп өнімін жылжыту бойынша ұсыныстар әзірлеу |
ИСМ-ге ақпарат |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
2009 жылғы 15 шілде |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
7 |
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 кодексіне тауар белгісін заңсыз қолданғаны үшін, сертификатталмаған, декларацияланбаған өнімді сатқаны үшін айыппұлды ұлғайту бөлігінде өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу |
Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсыныстар енгізу |
ИСМ (жинақтау), Қаржымині, ЖӨКҚ (келісім бойынша) |
2009 жылғы 20 шілде |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
8 |
Мынадай тауарлардың:
|
Үкіметке ақпарат |
ИСМ (жинақтау), ЖӨКҚ (келісім бойынша) |
2009 жылғы 20 қазан |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
9 |
Мамандар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарын хабардар ету үшін орындар саны мен мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы бос орындардың болуы туралы мәліметтер беру |
БҒМ-ға ұсыныс |
ИСМ (жинақтау), ЖӨКҚ (келісім бойынша) |
2009 жылғы 20 қазан |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
10 |
Жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен балалар бұйымдарына арналған мемлекеттік стандарттарды әзірлеуді көздеу |
ИСМ-нің бұйрығы |
ИСМ, ЖӨКҚ (келісім бойынша) |
2008 жылғы 20 шілде |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
11 |
Тауар өндірушілердің жүнді бастапқы өңдеу фабрикаларымен және тоқыма өнеркәсібімен жүн мен арқан өндіру, дайындау және сату жөніндегі біріктірілген жүйесін құру туралы ұсыныстар енгізу |
Үкіметке ұсыныс |
ИСМ (жинақтау), АШМ, облыстар әкімдері |
2009 жылғы 20 қазан |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
12 |
Жүнді бастапқы өңдеу жөніндегі өндірістерді қалпына келтіру және құру жөнінде ұсыныстар енгізу |
ИСМ-ге ақпарат |
АШМ (жинақтау), облыстар әкімдері, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша) |
2010 жылғы 15 қаңтар |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
13 |
Биязы жүнді қой шаруашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау |
ИСМ-ге ақпарат |
АШМ (жинақтау), облыстар әкімдері |
2010 жылғы 15 қаңтар |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
14 |
Биязы және жартылай биязы жүн өндірісіне мемлекеттік қолдау көрсету |
ИСМ-ге ақпарат |
АШМ (жинақтау), ЭБЖМ |
2010 жылғы 15 сәуір |
Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау жөніндегі қолданыстағы бағдарлама шеңберінде |
Республикалық бюджет |
15 |
Қойды механикалық қырқу, биязы жүнді дайындауды ұйымдастыру жөнінде жәрдем көрсету |
ИСМ-ге ақпарат |
АШМ (жинақтау), облыстар әкімдері, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша) |
2010 жылғы 15 қаңтар |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
16 |
Алматы қаласының АҚБИ ММ аумағындағы коммуналдық меншіктегі объектілерді "Қазақстанда жасалған" индустриялық аймағына жекешелендірудің құқықтық және ұйымдық мәселелерін шешу жөніндегі мәселені пысықтау |
Үкіметке ақпарат |
ИСМ (жинақтау), Алматы қаласының әкімдігі, "Қазақстанда жасалған" консорциумы (келісім бойынша) |
2009 жылғы 20 қазан |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
17 |
Алматы технологиялық университетінің, базасында Тоқыма және жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша инженерлік орталық құру жөнінде ұсыныс енгізу |
ИСМ-ге ұсыныс |
БҒМ (жинақтау), ИСМ ЭБЖМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша |
2009 жылғы 15 қазан |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
18 |
Алматы технологиялық университеті базасында Тоқыма және жеңіл өнеркәсібінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің инженерлік орталығын құру жөнінде ұсыныс енгізу |
ИСМ-ге ұсыныс |
БҒМ (жинақтау), ИСМ, ЭБЖМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша |
2009 жылғы 15 қазан |
Талап етілмейді |
Талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат
қоры" акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингі"
акционерлік қоғамы
"Атамекен" Одағы" ҚҰЭП - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
экономикалық палатасы
ЖӨКҚ - Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп
кәсіпорындарының қауымдастығы
"Қазақстанда жасалған - "Қазақстанда жасалған" консорциумы
консорциумы"
АҚБИ ММ - "Алматы қаласының бизнес-инкубаторы"
мемлекеттік мекемесі