Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - "Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" және "Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне, Астана қаласы, бірігу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - "Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" және "Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне, Қостанай қаласы, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, болып;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы, болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлімде:
"Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік инспекциялары және облыстық аумақтық инспекциялары:" деген жолда "және облыстық аумақтық инспекциялары" деген сөздер алынып тасталсын;
"
Ақмола облыстық |
5 |
Ақтөбе облыстық |
4 |
Жамбыл облыстық |
4 |
Қостанай облыстық |
4 |
Қарағанды облыстық |
4 |
Солтүстік Қазақстан облыстық |
4 |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Есіл облысаралық бассейндік |
9 |
Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік |
8 |
Шу-Талас облысаралық бассейндік |
4 |
Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік |
4 |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы су көлігінің тиесілілік табелінде:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлімде:
"Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік инспекциялары және облыстық аумақтық инспекциялары:" деген жолда "және облыстық аумақтық инспекциялары" деген сөздер алынып тасталсын; "
Ақмола облыстық |
- |
3 |
7 |
Ақтөбе облыстық |
- |
2 |
6 |
Жамбыл облыстық |
- |
2 |
6 |
Қостанай облыстық |
- |
2 |
6 |
Қарағанды облыстық |
- |
2 |
6 |
Солтүстік Қазақстан облыстық |
- |
2 |
6 |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Есіл облысаралық |
- |
5 |
13 |
Тобыл-Торғай облысаралық |
- |
4 |
12 |
Шу-Талас облысаралық |
- |
2 |
6 |
Нұра-Сарысу облысаралық |
- |
2 |
6 |
";
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 сәуірдегі
N 480 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 6 сәуірдегі
N 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1.
Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қызылорда қаласы.
2. Балқаш-Алакөл облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қапшағай қаласы.
3. Зайсан-Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Өскемен қаласы.
4. Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Атырау қаласы.
5. Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Астана қаласы.
6. Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қостанай қаласы.
7. Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Тараз қаласы.
8. Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қарағанды қаласы.