Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы N 1428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 сәуірдегі N 468 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1227 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 № 1227 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік меншікті қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі және Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы N 1428 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      бірінші абзацта "Әйкенов Марат Оршанұлы" деген сөздер "Әбдірахым Нұрлан Ерғалиұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "Сейітжанов Қайсар Доқтырбекұлы" деген сөздер "Сахипова Нұрғайша" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов