Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі N 462 Қаулысы

Қолданыстағы

      Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған өңірлік жоспарларды әзірлесін және бекітсін.
      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы және мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын, 20 шілдеден және 20 қаңтардан кешіктірмей Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын, 30 шілдеден және 30 қаңтардан кешіктірмей Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2009 жылғы 2 сәуірдегі
N 462 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнінде қабылданатын шараларды ақпараттық насихаттау бойынша жыл сайынғы ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту

Медиа-жоспар

Әділетмині, МАМ, ІІМ, Еңбекмині, БП (келісім бойынша)

Жыл сайын, 20 қаңтардан кешіктірмей

Жыл сайын 6000,0

МАМ 025 бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыста көзделген қаражат шегінде

РБ
(006 "Нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды әзірлеу және сараптау";
025 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламалары шеңберінде)

2.

Білім беру ұйымдарында адамның құқықтары мен бостандықтары, оларды сақтау және қорғау туралы құқықтық білім бойынша дербес оқыту курстарын іске асыру

Әділетминіне ақпарат

БҒМ

Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей

Талап етілмейді

-

3.

Республиканың өңірлік жоғары оқу орындарының негізінде ҮЕҰ мен жастардың қатысуымен "Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары" атты тақырыпта семинар-кеңестер ұйымдастыру және өткізу

Әділетминіне ақпарат

БҒМ

2009 жылғы 3 тоқсан

Талап етілмейді

-

4.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін ҮЕҰ-ны және халықаралық ұйымдарды тарта отырып қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

Жыл сайын, 30 қаңтардан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

5.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде адам саудасына қарсы күрес мәселелеріне арналған ақпараттық науқан ұйымдастыру (бейнероликтер, хабарлар халықпен кездесулер, деректі фильмдер, кітапшалар, плакаттар түрінде баспа өнімдерін дайындау және көрсету)

Әділетминіне ақпарат

МАМ,

Кезекті есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын

МАМ 025 бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыста көзделген қаражат шегінде

РБ
(025 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде),
ЖБ

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, оның ішінде:
Қостанай,

2009 жыл - 80,0
2010 жыл - 90,0
2011 жыл - 95,0

Жамбыл,

2009 жыл - 1000,0

Павлодар,

2009 жыл - 300,0
2010 жыл - 300,0
2011 жыл - 300,0.

Маңғыстау әкімдіктері

2009 жыл - 4500,0

6.

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген, сондай-ақ басқа қылмыстардан зардап шек-кен және форс-мажорлық жағдайларға ұшыраған азаматтарына қаржылық көмек көрсету

Әділетминіне ақпарат

СІМ

Кезекті есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын

Жыл сайын 12221,0

РБ
(010 "Қазақстан Республикасының шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайларға ұшыраған азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде)

7.

Көші-қон қызметінің қызметкерлерін қоса алғанда, ішкі істер органдарының қызметкерлерін адам саудасы жөніндегі қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және оларды ашу әдістеріне (халықаралық сарапшыларды тарта отырып) кәсіби дайындау

ІІМ
Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының Заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес жөніндегі оқу орталығында оқыту

ІІМ

2009 - 2011 жылдар ішінде

ІІМ
001, 012 бюджеттік бағдарламалары шеңберінде тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

РБ
(001 "Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын ұйымдастыру және айқындау жөніндегі қызметтер";
012 "Жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламалары шеңберінде),
2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өз ара түсіністік туралы меморандумға қосымша хаттама шеңберіндегі грант

8.

Прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін адам саудасына байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша қадағалау және сотта мемлекеттік айыптауды қолдауды жүзеге асыру әдістемесі бойынша арттыру

Біліктілікті арттыру семинарлары

БП (келісім бойынша)

2009 - 2011 жылдар ішінде

-

2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметімен мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметінің арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша хаттама шеңберіндегі грант

9.

Судьялардың адам саудасы жөніндегі қылмыстарға байланысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі (халықаралық сарапшыларды тарта отырып) біліктілігін арттыру

Оқыту семинарлары, тренингтер

ЖС (келісім бойынша)

2009 - 2011 жылдар ішінде

Жыл сайын 3000,0

РБ
(001 "Жоғары сот органының азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделері сот арқылы қорғалуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде),
2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша хаттамасы шеңберіндегі грант

10.

Қазақстан Республикасының адам саудасы құрбандары әкелінген, әкетілген және транзиттелген елдермен қылмыстық істер және адамдарды беру жөніндегі құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу

БП (келісім бойынша)

2009 - 2011 жылдар ішінде

Талап етілмейді

-

11.

Қазақстан Республикасының адам саудасы құрбандары әкелінген, әкетілген және транзиттелген елдермен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы, адамдар саудасы жөніндегі қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және тергеу жөніндегі өзара іс-қимылды қоса алғанда, халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу

ІІМ

2009 - 2011 жылдар ішінде

Талап етілмейді

-

12.

Шет мемлекеттермен заңсыз еңбек көші-қонының жолын кесу және адамдар саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу жөніндегі өзара іс-қимыл туралы ережені қамтитын еңбек көші-қоны мәселелері бойынша халықаралық шарттар жасасу

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу

Еңбекмині

2009 - 2011 жылдар ішінде

Талап етілмейді

-

13.

Жұмысқа орналастыру агенттіктерінің, азаматтардың шетелге шығуын ресімдеу жөнінде қызметтер ұсынатын ұйымдардың, модельдік және неке агенттіктерінің қызметіне тексерулер жүргізу

Әділетминіне ақпарат

БП (келісім бойынша), Еңбекмині, ІІМ

Тоқсан сайын, кезекті есептік тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей

Талап етілмейді

-

14.

Заңсыз еңбек көші-қонын болдырмау мақсатында көші-қон процестерін талдауды және болжамдауды жүргізу

Әділетминіне ақпарат

Еңбекмині, ІІМ

Жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей

Талап етілмейді

-

15.

Адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша қылмыстық істерді тергеуге (ҚР ҚК 113 125 128 133 270 271 -баптары) қылмыстық құқықтық статистиканың деректерін ескере отырып, талдау жүргізу

Әділетминіне ақпарат

БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ

Жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей

Талап етілмейді

-

16.

ҚР ҚК 113, 125, 126 , 128, 133, 270, 271-баптарында көзделген қылмыстар бойынша сот практикасын қорытуды жүргізу

Сот тәжірибесін қорыту

ЖС (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

-

17.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау жұмысы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына 2008 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу туралы хаттаманың нормаларын имплементациялау жөніндегі заң жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау жұмысы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі

Әділетмині (жинақтау), ІІМ, Еңбекмині, БП (келісім бойынша), МАМ, ӘІОДСҰО (келісім бойынша), Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша), Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

-

18.

Адам саудасы және адам бостандығы мен құқықтарына қарсы басқа қылмыстардың құрбандарын оңалту үшін, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып дағдарыс орталықтарын құруды және оның қызметін қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау

ҮЕҰ-ға қаржы және ұйымдастырушылық көмегін көрсету

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, оның ішінде:
Қостанай,

2009 - 2011 жылдар ішінде

2009 жыл - 500,0
2010 жыл - 550,0
2011 жыл - 600,0

ЖБ

Солтүстік Қазақстан,

2009 жыл - 1500,0
2010 жыл - 1600,0
2011 жыл - 1800,0

Маңғыстау әкімдіктері

2009 жыл - 4000,0

19.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу

Әділетминіне ақпарат

МАМ, ІІМ

2009 - 2011 жылдар ішінде

МАМ
018 бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыста көзделген қаражат шегінде

РБ
(018 "Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде)

20.

Адамдар саудасы жөніндегі қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және ашу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу (ЕҚЫҰ халықаралық сарапшыларын тарта отырып)

Бірлескен бұйрық

ІІМ, Әділетмині, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы желтоқсан

Талап етпейді

-

21.

Адам саудасына қарсы күресті халықаралық сарапшыларды тарта отырып насихаттау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

Әдістемелік Ұсынымдар

Әділетмині, АҚҰО, ӘІОДСҰО (келісім бойынша), Облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2009 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

22.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың адам саудасы құрбандарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі өзара іс-қимылы туралы жасалған меморандум шеңберінде ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл

Әділетминіне ақпарат

ІІМ, Еңбекмині, МАМ, "Қазақстан дағдарыс орталықтары одағы" ЗТБ, "ЖАРиА" ҚБ

2009 - 2011 жылдар ішінде

Талап етілмейді

-

23.

Адам саудасына қарсы әрекет бойынша шет мемлекеттердің оң тәжірибесін енгізу бойынша ұсыныс дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметке ұсыныс

Әділетмині, СІМ

2010 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

-

24.

Шетел азаматтарын өз мемлекеттеріне қайтаруды қаржыландыру туралы мәселені қоса алғанда, адамдар саудасы құрбандарын әкететін, әкелетін және транзиттейтін елдермен реадмиссия бойынша халықаралық шарттар жасасу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Әділетминіне ұсыныс

СІМ, ІІМ, Еңбекмині, БП (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

-

25.

Қатыгез әрекеттің салдарынан қиын өмір жағдайындағы адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласында мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Әділетминіне ұсыныс

ДСМ, Еңбекмині, БҒМ, ІІМ, ӘІОДСҰО (келісім бойынша), "Қазақстан дағдарыс орталықтары одағы" ЗТБ

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

-

      Іс-шаралар бойынша қаражат көлемі "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланады

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
      БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      АҚҰО - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық
      ӘЮДСҰО - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
      Ведомствоаралық комиссия - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия
      ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
      ҚР ҚК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
      РБ - республикалық бюджет
      ЖБ - жергілікті бюджет
      ЕҚЬІҰ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым
      ЗТБ - Заңды тұлғалар бірлестігі
      ҚБ - Қоғамдық бірлестік