Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 72 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 394 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамына:
      Каспий теңізі, Жайық өзені және Қиғаш өзені бойынша мыналар енгізілсін:

Кемалов                   - Атырау облысы әкімінің орынбасары;
Сайфолла Насырұлы

Мұхсанов                  - "Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу
Әбілқайыр Мұтиұлы           институты" жауапкершілігі шектеулі
                            серіктестігі Атырау филиалының директоры
                            (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Тасыбаев Манас Мұхитұлы, Бокова Елена Борисовна шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов