Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 377 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Марченко Григорий Александрович (келісім бойынша),
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Смайылов Әлихан Асханұлы".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер Министрі                                      К. Мәсімов