Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қ
АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторинг жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351
қаулысына
мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшадағы "қосымшаға" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес формула бойынша әрбір салымшы (алушы) бойынша жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына мониторингті жүзеге асырсын;";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келесі 3 жылға арналған жылдық инфляцияның болжамды деңгейі туралы мәліметтерді ұсынсын.";
көрсетілген қаулыға қосымшада:
оң жақтағы жоғары бұрышындағы "Қосымша" деген сөз "1-қосымша" деген сөзбен ауыстырылсын;
"12" деген сандар "12,..." деген сандармен ауыстырылсын;
"І
n
< 100% болған кезде І
n
= 100%" деген жол алып тасталсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 375 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1351 қаулысына
2-қосымша
Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары сомаларын жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып есептеу формуласы
Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы инфляцияның жылдық болжамды деңгейі ескеріле отырып:
Z
k
=Z
k-1
*(1+і
k
)+D
k
*(1+і
k
/2) формуласы бойынша есептеледі, мұнда
Z
k
- салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының k жылдағы инфляцияның болжамды деңгейі ескерілген сомасы, теңгемен;
і
k - тұтыну бағаларының k жылдағы болжамды индексі;
D
k
- k жылдағы міндетті зейнетақы жарналары түсімдерінің сомасы, теңгемен;
k - болжамды жыл.