Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 360 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 44, 500-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:

Майлыбаев            - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бағлан Асаубайұлы      және ақпарат вице-министрі, хатшы
енгізілсін;
      мына:
"Құл-Мұхаммед        - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы        және ақпарат министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Құл-Мұхаммед        - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы        және ақпарат министрі, төрағаның
                       орынбасары";

      көрсетілген құрамнан Мыңбай Дархан Қамзабекұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов