Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 327 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы N 1293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 34, 449-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қыркүйектегі N 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 33, 448-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы N 1293 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 ақпандағы N 124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 55-құжат).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов