Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 802 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 319 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына және өзге де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 802 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақта "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжановқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                   К. Мәсімов