Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 281 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
      13-тармақта:
      6) тармақша ", арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 100), 101), 102), 103), 104), 105), 106), 107) тармақшалармен толықтырылсын:
      "100) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекіту;
      101) халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар әзірлеген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін келісуді жүзеге асыру;
      102) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту;
      103) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
      104) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
      105) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
      106) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      107) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру.";
      14-тармақ мынадай мазмұндағы 29), 30) тармақшалармен толықтырылсын:
      "29) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      30) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов