Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 237 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2009 жылғы 3 наурыздағы
      N 237 қаулысымен   
      бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 45, 493-құжат):
      кіріспедегі "монополиялар" деген сөзден кейін " және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартта:
      1-тармақта:
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесі - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме нарықтың қатысушыларымен жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі шарттарға сәйкес әрбір күнтізбелік тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамасын регламенттейтін жүйелік оператор бекіткен құжат;";
      он бірінші абзацтағы ", беру" деген сөз алып тасталсын;
      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкілетті орган - электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      24-тармақтың бірінші абзацындағы "жаңа тариф қолданысқа енгізілгенге дейін он күнтізбелік күн бұрын" деген сөздер "ол қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергиясын өңіраралық деңгейдің желілері арқылы беру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартта:
      1-тармақта:
      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкілетті орган - электр энергетика саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      34-тармақтағы "жаңа тариф қолданысқа енгізілгенге дейін он күнтізбелік күн бұрын" деген сөздер "ол қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи газды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған үлгі шартта:
      1-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
      16-тармақтың 3) тармақшасындағы "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи газды сақтау жөніндегі қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған үлгі шартта:
      1-тармақтың бесінші абзацындағы "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақтың 3) тармақшасындағы "10 (он)" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткізу қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартта:
      1-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      9-тармақтың 6) тармақшасындағы "10 (он)" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) көрсетілген қаулымен бекітілген Сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суды бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған үлгі шартта:
      1-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
      21-тармақтың 8) тармақшасындағы "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған үлгі шартта:
      6-тармақтың 8) тармақшасындағы "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      23-тармақтағы "Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      39-тармақтағы "Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ өкілі немесе басқа" деген сөздер алып тасталсын;
      8) көрсетілген қаулымен бекітілген Аэронавигация қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартта:
      4-тармақ 7) тармақшадағы "сақтауға" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) Тапсырысшыны тарифтердің (алымдар ставкаларының) өзгеруі туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге";
      5-тармақтың 2) тармақшасындағы "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      "уәкілетті" деген сөз алып тасталсын;
      "табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) көрсетілген қаулымен бекітілген Кейіннен порттан шығып жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге мақсаттар үшін теңіз портына кеменің кіргені үшін (кеменің кіруі) теңіз портының қызметтер көрсетуіне арналған үлгі шартта:
      3-тармақта:
      "уәкілетті" деген сөз алып тасталсын;
      "табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтың 4) тармақшасындағы "он күнтізбелік" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11-тармақтың 2) тармақшасындағы "он күнтізбелік" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз портының күшімен және құралдарымен орындалатын теңіз портының тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуіне арналған үлгі шартта:
      3-тармақтағы "табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың 3) тармақшасындағы "он күнтізбелік" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақтың 2) тармақшасындағы "он күнтізбелік" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) көрсетілген қаулымен бекітілген Әуежайлардың реттелетін қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартта:
      3-тармақтағы "табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың 3) тармақшасындағы "он күнтізбелік" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақтың 2) тармақшасындағы "он күнтізбелік" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12) көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартта:
      1 -тармақта:
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      он төртінші абзацтағы "бақылау мен реттеуді" деген сөздер "басшылықты" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз мұқтаждары және (немесе) өткізу үшін өндіруді, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ұйым.";
      28-тармақтағы "жаңа тариф қолданысқа енгізілгенге дейін он күнтізбелік күн бұрын" деген сөздер "ол қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) көрсетілген қаулымен бекітілген Жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартта:
      1-тармақта:
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      оныншы абзацтағы "бақылау мен реттеуді" деген сөздер "басшылықты" деген сөзбен ауыстырылсын;
      15-тармақтың 3) тармақшасындағы "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      22-тармақтағы "жаңа тариф қолданысқа енгізілгенге дейін он күнтізбелік күн бұрын" деген сөздер "ол қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) көрсетілген қаулымен бекітілген Байланыс операторлары үшін байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне жергілікті деңгейде, аймақішілік және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, ІР-телофония (Интернет-телефония) операторларының желісінен (-не) өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартта:
      бүкіл мәтін бойынша "байланыс саласындағы" деген сөздерден кейін "және табиғи монополия саласындағы және реттелетін нарықтардағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "трафигін" деген сөзден кейін "қосу және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(есеп айырысу ставкаларына)" деген сөздер алып тасталсын;
      "табиғи монополия саласындағы" деген сөздер "байланыс саласындағы және табиғи монополия саласындағы және реттелетін нарықтардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Телефон трафигін қосу және өткізу жөніндегі реттелмелі қызметтерге арнап байланыс саласындағы және табиғи монополия саласындағы және реттелетін нарықтардағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер болмаған кезде, өзара есеп айырысулар тараптардың келісімімен белгіленген тарифтер бойынша жүргізіледі.";
      15-тармақтағы "(есеп айырысу ставкалары)" деген сөздер алып тасталсын;
      48-тармақтағы "мен табиғи монополия саласындағы уәкілетті органды" деген сөздер алып тасталсын;
      15) көрсетілген қаулымен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартта:
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне ақы төлеу табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргізіледі.";
      23-тармақтың 12) тармақшасындағы "күнтізбелік" деген сөз алып тасталсын;
      16) көрсетілген қаулымен бекітілген Жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартта:
      12-тармақтағы "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақтың 8) тармақшасындағы "күнтізбелік" деген сөз алып тасталсын;
      17) көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартта:
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Қызметтерге ақы төлеу табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргізіледі.";
      20-тармақтың 8) тармақшасындағы "күнтізбелік" деген сөз алып тасталсын;
      18) көрсетілген қаулымен бекітілген Суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шартта:
      1-тармақтың он бірінші абзацындағы "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) көрсетілген қаулымен бекітілген Телефон (кәбілдік) кәрізін байланыс операторларына пайдалануға беруге арналған үлгі шартта:
      тақырыбындағы "байланыс операторларына" деген сөздер алып тасталсын;
      бүкіл мәтін бойынша "Оператор", "Оператордың", "Операторға", "Оператормен", "байланыс Операторының" және "Операторды" деген сөздер "Жалға алушы", "Жалға алушының", "Жалға алушыға", "Жалға алушымен", "Жалға алушының" және "Жалға алушыны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың төртінші абзацындағы "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1796 (ресми жарияланғанынан кейiн күнтізбелік жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).