Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесін және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 413
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 16, 184-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-жолмен толықтырылсын:
"
33 |
Юниспаз |
1 таблеткаға құрамы, мг-да:
|
N 12 таблеткалар |
III кесте
|
".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов