Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
"Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу" деген бөлімде :
бірінші абзацтағы "Астана мен Алматы қалаларында", "Алматы және Астана қалаларында" деген сөздер "Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысында", "Алматы, Астана қалаларында және Алматы облысында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "10,5 % - 12,5 %" деген сандар "9 % - 11 %" деген сандармен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы "Астана және Алматы қалаларының" деген сөздер "Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Шағын және орта бизнесті қолдау" деген бөлімде:
төртінші абзацтағы "14 %" деген сандар "12,5 %" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында :
"Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу" деген III бөлімде:
"Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі жаңа тетіктерді іске асыру" деген кіші бөлімде:
2) тармақшаның екінші абзацындағы "12,5 %" деген сандар "11 %" деген сандармен ауыстырылсын;
10-тармақта:
1) тармақшадағы "12,5 %" деген сандар "11 %" деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "10,5 %" және "12,5 %" деген сандар "9 %" және "11 %" деген сандармен ауыстырылсын;
"Шағын және орта бизнесті қолдау" деген IV бөлімде:
1-тармақта:
"-жылдық 12,5 %-дан аспайтын номиналдық ставка бойынша және" деген сөздер алынып тасталсын;
"14 %" деген сандар "12,5 %" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов