Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 167 Қаулысы

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының " Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы " 1998 жылғы 9 шілдедегі және " 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес, асыл тұқымды өніммен (асыл тұқымды материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 17 ақпандағы 
N 167 қаулысымен    
бекітілген      

Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) аттестатталған асыл тұқымды мал зауыттарының, малды асылдандырушы шаруашылықтардың, малды асылдандырушы орталықтардың, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі - тауар өндірушілер) ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту мақсатында 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 083 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Бюджеттік субсидиялар:
      1) тауар өндірушілер сатқан асыл тұқымды төлдің, бір тәуліктік балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқалардың, сондай-ақ тауар өндірушілер сатып алған аталық бұқалар ұрықтарының құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
      2) мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық малды асылдандырушы орталық (бұдан әрі - малды асылдандырушы орталық) және асылдандыру ісін дамыту үшін қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды зауыты сатып алатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтарды (бұдан әрі - жабдықтар), сондай-ақ арнайы ауыл шаруашылығы техникасының және ұйымдастыру техникасының (бұдан әрі - техника) құнын толық өтеуге;
      3) асылдандырушы орталыққа асыл тұқымды бұқаларды және аталық қошқарларды, шет елдік селекцияның ұрықтары мен эмбриондарын сатып алу, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды және аталық қошқарларды күтіп-бағу, олардың ұрықтары мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі шығындарды толық өтеуге;
      4) етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылыққа (бұдан әрі - асылдандырушы шаруашылық) асыл тұқымды құстарды сатып алу және ұстау жөніндегі шығындарды толық өтеуге;
      5) қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау және жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеуге арналады.
      3. Бюджеттік субсидиялар:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге тауар өндірушілерге сатылған, белгіленген тәртіппен бағалаудан өткізілген өз төлінен өсірілген асыл тұқымды төл үшін;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге құс фабрикаларына - ата-тегі және (немесе) ата-енесі жағынан асыл тұқымды жұмыртқаны және тәуліктік балапандарды сатқаны үшін төленеді. Құс фабрикаларына жатпайтын кәсіпорындарға, сондай-ақ халыққа сатылған асыл тұқымды жұмыртқа, тәуліктік балапандар субсидиялауға жатпайды;
      3) тауар өндірушілерге асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінен сатып алынған және пайдаланылған аталық бұқалардың ұрығы үшін төленеді.
      4. Тауар өндірушілерге ақысыз берілген, айырбас бойынша, өзара есеп айырысу есебіне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларға сатылған (ата-тегі жағынан асыл тұқымды жұмыртқаны қоспағанда) асыл тұқымды төл, асыл тұқымды жұмыртқа, тәуліктік балапандар (бұдан әрі - асыл тұқымды өнімдер), сондай-ақ аталық бұқалардың ұрықтары (бұдан әрі - асыл тұқымды материал) субсидиялауға жатпайды.
      5. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген бюджеттік субсидиялар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге нақты сатылған асыл тұқымды өнім үшін, ал тауар өндірушілерге облыстардың жергілікті атқарушы органдары белгілеген квоталар шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінен нақты сатып алынған және пайдаланылған асыл тұқымды материал үшін төленеді.
      6. Асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әр түріне субсидиялар нормативі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      7. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілері асыл тұқымды өнімді тауар өндірушілерге төленетін субсидиялар мөлшерін есепке алмай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекіткен бағадан жоғары емес баға бойынша дербес, ал асыл тұқымды материалды нарықтық баға бойынша (Министрлік бекіткен малды асылдандырушы орталықтың асыл тұқымды материалды сату бағасын қоспағанда) сатады.
      8. Облыстар бөлінісінде қаражатты бөлу сметасын, аудан, облыс бойынша асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) сатып алу-сату шартының, сатылғаны туралы жиынтық актілерді, аналықтарды ұрықтандыру актісінің ұсынылатын нысандарын сондай-ақ Министрлікке ведомстволық бағынысты малды асылдандырушы орталықтың, малды асылдандырушы шаруашылықтың, қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының қаражатын бөлудің жылдық сметасын Министрлік бекітеді.
      9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде Министрлік төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы қол қойылған келісім шеңберінде облыстық бюджеттерге асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.

2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидияларды пайдалану тәртібі

      10. Асыл тұқымды өнімді сатқаны, сондай-ақ сатып алынған және пайдаланылған асыл тұқымды материал үшін бюджеттік субсидиялар алу үшін:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер, сондай-ақ тауар өндірушілер осы Ереженің ресми жарияланған күнінен бастап бір апта мерзімде аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі - бөлім) асыл тұқымды өнім сатудың жоспарланған мөлшеріне, сондай-ақ сатып алынатын асыл тұқымды материалдың санына өтінімдер береді;
      2) бөлім өтінімдерді алған сәттен бастап жиналған өтінімдерді үш жұмыс күні ішінде облыс әкімдігінің Ауыл шаруашалығы басқармасына (бұдан әрі -Басқарма) асыл тұқымды өнімді сатуға немесе асыл тұқымды материалды сатып алуға арналған квотаны қалыптастыруға және бекітуге ұсынады;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілері, сондай-ақ тауар өндірушілер мәмілелер жасасу шамасына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей бөлімге мынадай құжаттарды:
      асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) сатып алу-сату шартын;
      аталық бұқалардың ұрығын пайдаланған кезде аналықтарды ұрықтандыру актісін;
      асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) сатылғанын (сатып алынғанын) растайтын төлем құжаттарының (кассалық кіріс ордерінің, банктің төлем тапсырмасы мен шот-фактураның) көшірмелерін ұсынады;
      4) бөлім ай сайын құжаттардың түсуіне қарай екі жұмыс күні ішінде, бірақ 2009 жылғы 22 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған кұжаттарды тексереді. Олар сәйкес болған жағдайда аудан бойынша асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) сатылғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді, жиналған құжаттарды (асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) сатып алу-сату шартының түпнұсқасын немесе нотариалды бекітілген көшірмесін, аналықты ұрықтандырудың төлем құжаттарының көшірмесі бар актісін) Басқармаға ұсынады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бөлім екі жұмыс күнінен кешіктірмей оларды асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріне, сондай-ақ тауар өндірушілерге құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеу себептерін сипаттай отырып, пысықтауға қайтарады;
      5) Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күні ішінде, бірақ 2009 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей қарайды және олар сәйкес келген жағдайда облыс бойынша асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) сатылғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді, асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) оларда көрсетілген көлемі мен әрбір түріне субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындайды және белгіленген квоталар шегінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біріктірілген жиынтық ведомості және төлеу шоттарын қалыптастырады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы, сондай-ақ Тауар өндірушілер тиісті субъектілердің ағымдағы шоттарына тиесілі субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне (бұдан әрі - аумақтық қазынашылық бөлімшелері), 2 данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Басқарма үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны белгіленген талаптарға сәйкес келмеу себебін сипаттай отырып бөлімге пысықтауға қайтарады.
      11. Асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтар мен техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
      1) малды асылдандырушы орталық мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға Министрлікпен келісілген тізбе бойынша асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, отандық немесе шетелдік селекцияның ұрығы мен эмбриондарын, жабдықтарды, техниканы сатып алуға арналған шарттарды бір данадан ұсынады;
      2) Басқарма ұсынылған шарттарды он жұмыс күн ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості, сондай-ақ төлемге шоттарды қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтарды және техниканы сатып алу үшін малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
      Малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтарды, техниканы сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
      12. Малды асылдандырушы орталықта асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, сақтауға, пайдалануға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
      1) малды асылдандырушы орталық мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі есептемелердің бір данасын, сондай-ақ асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
      2) Басқарма ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості, сондай-ақ төлемге шоттарды қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, сақтауға, пайдалануға малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
      13. Асыл тұқымды құстарды сатып алу жөніндегі шығындарды толық өтеу үшін:
      1) малды асылдандырушы шаруашылық мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға асыл тұқымды құстарды сатып алуға арналған шарттарды бір данадан ұсынады;
      2) Басқарма ұсынылған шарттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості, сондай-ақ, төлемге шоттарды қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды құстарды сатып алу үшін малды асылдандырушы шаруашылықтың ағымдағы шотына аударады.
      Малды асылдандырушы шаруашылық асыл тұқымды құстарды сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
      14. Асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
      1) малды асылдандырушы шаруашылық, мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей, Басқармаға асыл тұқымды құстарды ұстау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
      2) Басқарма ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості, сондай-ақ төлемге шоттарды қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды құстарды ұстауға малды асылдандырушы шаруашылықтың ағымдағы шотына аударады.
      15. Жабдықтар мен техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
      1) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауыты мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға жабдықтар мен техниканы Министрлікпен келісілген тізбе бойынша сатып алуға арналған шарттарды бір данадан ұсынады;
      2) Басқарма жасалған шарттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості, сондай-ақ төлемге шоттарды қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды жабдықтар мен техника сатып алу үшін қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына аударады.
      Қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауыты жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
      16. Асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
      1) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауыты мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей, Басқармаға асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөніндегі есептемелердің бір данасын және асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
      2) Басқарма ұсынылған есептемелерді он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості, сондай-ақ төлемге шоттарды қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына аударады.
      17. Басқарма осы Ереженің 11, 12, 13, 14, 15, 16-тармақтарына сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне 2 данадан төлемге шоттардың тізілімін және төлемге шоттарды ұсынады.
      18. Бөлім осы Ереженің 10-тармағына сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
      19. Басқарма осы Ереженің 11, 12, 13, 14, 15, 16-тармақтарына сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
      20. Қандай-да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық бюджетте бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
      21. Басқарма ай сайын келесі есепті айдың 5 күніне дейінгі мерзімде, бірақ 2009 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлікке орындалған жұмыстардың көлемі, құны мен тиімділігі, төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы есепті ұсынады.
      22. Облыс әкімдері Министрлікке жарты жылдықтың қорытындылары бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің іс жүзіндегі жетістіктері туралы аралық есепті 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
      23. Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге уақтылы аудармағаны үшін жауапты болады.
      24. Облыс әкімдері нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімдерге сәйкес пайдаланбағаны үшін, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.
      25. Министрлік пен облыс әкімдері ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауапты болады.

                                                          Ережеге
                                                         1-қосымша

                  Субсидиялардың нормативтері

      1. Асыл тұқымды төл субсидияларының нормативтері      

Р/с
N

Малдың түрлері мен тұқымдары

1 килограмм тірі салмағына субсидиялар нормативтері, теңге

Ірі қара мал:


сүтті бағыттағы:


1.

Қара-ала (голштин) сиыры

150

2.

Қызыл (қырдың қызыл) сиыры

150

3.

Қоңыр (алатау) сиыры

150

4.

Қызғылт сары шұбар (симментал) сиыры

150


етті бағыттағы:


1.

Қазақтың ақбас сиыры

150

2.

Әулиекөл сиыры

150

3.

Санта-гертруда сиыры

150

4.

Шароле сиыры

150

5.

Герефорд сиыры

150

Қой


биязы жүнді бағыттағы:


1.

Қазақтың биязы жүнді қойы

125

2.

Қазақтың арқар мериносы

125

3.

Оңтүстік қазақ мериносы

125

4.

Солтүстік қазақ мериносы

125

5.

Австралия мериносы

125


биязылау жүнді бағыттағы:


1.

Сығай қойы

125

2.

Қазақтың биязылау кроссбредті жүнді қойы

125

3.

Дегерес етті-жүнді қойы

125


Етті-майлы бағыттағы:


1.

Еділбай қойы

125

2.

Қазақтың құйрықты қылшық жүнді немесе қазақтың биязалау жүнді қойы

125

3.

Сарыарқа құйрықты қойы

125

4.

Қиссар қойы

125

5.

Қаракөл қойы

125

Жылқы


өнімдік бағыттағы:


1.

Қазақтың жабы жылқысы

100

2.

Көшім жылқысы

100

3.

Мұғалжар жылқысы

100


спорт бағытындағы:


1.

Қостанай жылқысы

300

Шошқа

1.

Ірі ақ шошқа

120

2.

Немістің асыл текті шошқасы

120

3.

Дюрок

120

Түйе

1.

Қазақтың айыр өркешті түйесі

75

2.

Аруана

75

  2. Қолдан ұрықтандыруға арналған субсидиялар нормативтері  

Р/с
N

Атау

1 бас сиыр мен қашарды қолдан ұрықтандыруға арналған субсидия нормативтері, теңге

1.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер

1000

     3. Бір тәуліктік балапандарға субсидия нормативтері      

Р/с
N

Асыл тұқымды өнімдердің түрлері

Сатылған 1 басқа субсидия нормативтері, теңге

1.

Тәуліктік балапан

322

         4. Асыл тұқымды жұмыртқаның 1 данасына арналған
                субсидиялар нормативтері, теңге

Р/с
N

Асыл тұқымды жұмыртқаның түрлері

Ата-текті табындары бар

Ата-енелі табындары бар

асыл тұқымды шаруашылықтарға

1.

Тауық (жұмыртқалағыш) жұмыртқасы

30

25

2.

Тауық (етті) жұмыртқасы

60

40

3.

Үйрек жұмыртқасы

35

30

                                                             Ережеге
                                                            2-қосымша

         "Бекітемін"
_______________________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы ______________________
         (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
2009 жылғы "__"_______________

  _____________________ облысы бойынша 2009 жылдың _____ айындағы
__________________________________________________________________
(асыл тұкымды төл, тұкымдық бұқалар ұрығы, асыл тұқымды жұмыртқа - қажеттісі
                                    қалдырылсын)
         асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) сату
             туралы және субсидиялар төлеу туралы
             біріктірілген жиынтық ведомость*

Атауы

Жылдық квота

Сатылған асыл тұқымды өнімнің бір бірлігі (т/с кг, дана) үшін немесе 1 бас малды ұрықтандыру үшін субсидиялар нормативі, теңге

Асыл тұқымды өнімнің асылдандыру мақсатына нақты сатылғаны (кг т/с, дана) немесе қолдан ұрықтандырылған бас

Жыл басынан  бері тиесілі субсидия сомасы, теңге

Жыл басынан  бері төленгені, теңге

Субидияның  тиесіл  сомасының қалдығы, теңге

Төленуге тиісті, теңге

ауданның

асыл тұқымды өнімді сатушының немесе асыл  тұқымды материалды сатып алушының

(қолдан ұрықтандырылатын мал басы кг, дана)

теңге

жыл басынан

есептіай ішінде












      * Сатылған асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әрбір түріне жеке жасалады.
      Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы ______________ (Т.А.Ә., қолы)
      Бас бухгалтер                     ______________ (Т.А.Ә., қолы)

                                                        Ережеге
                                                       3-қосымша

         "Бекітемін"
_______________________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы ______________________
         (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
2009 жылғы "__"_______________

        Малды асылдандырушы орталыққа, малды асылдандырушы
  шаруашылыққа, қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына
       2009 жылдың _____ айы үшін тиесілі субсидиялар туралы
                    (ай)
                         жиынтық ведомость      

Шығындардың баптары

Бюджет қаражатын бөлу сметасында көзделген сома, мың теңге

Сатып алынған тауарларды  (жануарлардың), орындалған қызметтер мен жұмыстардың нақты көлемі

Жыл басынан бері тиесілі сома, мың теңге

Жыл басынан бері төленгені, мың теңге

Тиесілі соманың қалдығы,  мың теңге

Төленуге тиісті, мың теңге








Жиыны







Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы _________________ (Т.А.Ә., қолы)
Бас бухгалтер                     _________________ (Т.А.Ә., қолы)