Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1235
қаулысына
мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіші бар (сипаттама) паспортының үлгісінде:
9-тармақта:
үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бетте тігінен мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
"МӘЛІМЕТ/OBSERVATIONS";
мемлекеттік және орыс тілдерінде:
"ҰЛТЫ/НАЦИОНАЛЬНОСТЬ".
деген жазу орналасқан";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы азаматының паспортында ұлты иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов