"Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығын және "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынысын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 қаңтардағы
N 80 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму
стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.10 N 1803 Қаулысымен.
Р/с N |
Іс -шара |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Болжамды шығыстар (млн. теңге) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Елдің перспективалық және тиімді аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
Астана қаласы мен оның қала маңы аймағында көліктік-логистикалық және логистикалық-процессингтік қызметтердің, технологиялық трансферттің, инновациялық дамудың, туристік-рекреациялық маманданудың, сондай-ақ азық-түлік белдеуінің көп функционалдық аймақтарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныс |
ЭБЖМ (жинақтау) Қоршағанортамині, АШМ, БҒМ, ДСМ, ИСМ, ТСМ, ККМ, ЖРА, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері |
2010 жылғы |
Талап етілмейді |
|
2 |
Макроөңірлердің бекітілген мамандануына сәйкес экономика секторларын дамытудың мастер-жоспарларын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭБЖМ, "Қазына-Самұрық" ҰӘҚ" АҚ, ӘКК |
2010 жылғы |
2009 жыл - 350,0 |
Республикалық бюджет |
3 |
Астана, Алматы, Қарағанды және Қостанай қалаларының ірі ауқымды топографиялық жоспарларын жасау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ЖРА |
Жыл сайын |
2009 жылы |
Республикалық бюджет |
4 |
Алматы қаласының қала маңы аймағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдар |
2009 жылғы 4-тоқсан |
2009 жылы |
Республикалық бюджет |
5 |
Астана қаласының қала маңы аймағында кала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеуге арналған бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу |
Республикалық бюджет комиссиясының шешімі |
ҚІжТКША, Астана қаласының және Ақмола, Қарағанды облыстарының әкімдері |
2011 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
|
6 |
Тұрғындарды таратып орналастыру мен өндіргіш күштерді орналастыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеуді бастау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҚІжТКША, мүдделі мемлекеттік органдар |
2010-2012 жылдар 15 қаңтар, |
2010 жылы |
Республикалық бюджет |
7 |
Алматы қаласы мен Алматы облысының 2015 жылға дейін ұзақ мерзімді экономикалық ұстанымдану тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды көздейтін нысаналы индикаторларды жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына енгізу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, ИСМ, ККМ, АШМ, БҒМ, ДСМ, ЭМРМ, ТСМ, АӨҚОҚРА, |
2010-2012 жылдар 15 қаңтар |
Талап етілмейді |
|
8 |
Облыстардың, Алматы қаласының 2015 жылға дейінгі даму стратегияларының (бәсекелік стратегиялары) және Астана қаласының тұрақты дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды көздейтін нысаналы индикаторларды жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына енгізу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қоршағанортамині, АШМ, Еңбекмині, БҒМ, ДСМ, ИСМ, ЭМРМ, ТСМ, ККМ, ЖРА, |
2010-2012 жылдар 15 қаңтар |
Талап етілмейді |
|
9 |
Республиканың тірек қалаларының 2015 жылға дейінгі даму стратегияларының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды көздейтін нысаналы индикаторларды жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына енгізу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Облыстардың әкімдері Қоршағанортамині, АШМ, Еңбекмині, БҒМ, ДСМ, ИСМ, ЭМРМ, ТСМ, ККМ, ЖРА, |
2010-2012 жылдар 15 қаңтар |
Талап етілмейді |
|
10 |
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясының басымдықтарын есепке ала отырып, тұрғындарының саны 100 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеу немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобалары |
Облыс әкімдері, ҚІжТКША |
Жыл сайын 4-тоқсан |
Жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде |
Жергілікті бюджет |
11 |
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясының басымдықтарын есепке ала отырып, республиканың 100 мыңнан кем тұрғыны бар елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеу немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Облыстық мәслихаттардың шешімдері |
Облыс әкімдері, ҚІжТКША |
Жыл сайын 4-тоқсан |
Жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде |
Жергілікті бюджет |
12 |
Республиканың тірек қалаларына және еңбек ресурстары тапшы өңірлерге жұмыс күшін тартуды экономикалық ынталандырудың тетіктерін әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
Еңбекмині, ЭБЖМ, облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009 жылғы |
Талап етілмейді |
|
13 |
Бұрын таратылған шекара маңындағы жекелеген аудандарды кезең-кезеңімен қалпына келтіру мүмкіндігін қарауына ұсыныс енгізу |
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі |
ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2010-2012 жылдар 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
|
14 |
Шекара маңындағы аумақтардың экономикалық әлеуетін және инфрақұрылымын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар, шекара маңындағы облыстардың әкімдері |
2009 жылғы |
Талап етілмейді |
|
15 |
Шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша ұсыныстарды пысықтау |
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі |
ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар, шекара маңындағы облыстардың әкімдері |
2009 жылғы 3-тоқсан |
Талап етілмейді |
|
2. Аумақтарды экономикалық ұйымдастыру | ||||||
16 |
Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық ресурстарын игерудің 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы |
ЭМРМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдері |
2009 жылғы 4-тоқсан |
Талап етілмейді |
|
17 |
2030 жылға дейін электр энергетикасын дамыту бағдарламасын іске асыру мониторингін жүргізу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ЭМРМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыс әкімдері |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
18 |
Республика мен өңірлердің индустриялық-инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ету (арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар) |
Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
19 |
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына аумақтардың ресурстық әлеуетін (жер, су, минералдық-шикізаттық, рекреациялық) ұтымды пайдалануды көздейтін нысаналы индикаторларды енгізу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Қоршағанортамині, АШМ, ЭМРМ, ККМ, ТСМ, ЖРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010-2012 жылдар 15 қаңтар |
Талап етілмейді |
|
20 |
Тірек қалаларда перспективалы өндірістер қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Облыстардың әкімдері |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
21 |
Облыстардың, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің жанындағы бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша ұсыныстарды пысықтау |
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі |
ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
3. Аумақтық дамуды институционалдық қамтамасыз ету | ||||||
22 |
Қазақстан Республикасының қазіргі әкімшілік-аумақтық құрылысы жүйесінің тиімділігіне талдау жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ЭБЖМ, облыстардың әкімдері |
2010 жылғы |
Талап етілмейді |
|
23 |
Халықты ұтымды таратып орналастыру бойынша жұмыста қолдану үшін өңірлер бөлінісінде (облыстар, аудандар, қалалар) 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша талдамалық ақпарат беру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
СА, мүдделі мемлекеттік органдар |
2010 жылғы |
Талап етілмейді |
|
24 |
2009 жылғы халық санағының қорытындыларын ескере отырып, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері бойынша жіктемесін жүргізу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
АШМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдері |
2011 жылғы |
Талап етілмейді |
|
25 |
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы |
АШМ, Қоршағанортамині, Еңбекмині, БҒМ, ДСМ, ИСМ, ЭМРМ, ТСМ, ККМ, ЖРА, облыстардың әкімдері, ҚІжТКША |
2010 жылғы 4-тоқсан |
Талап етілмейді |
|
26 |
Республикалық және облыс бюджеттері, республикалық маңызы бар қала мен астана бюджеттері арасындағы 2011 - 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
ЭБЖМ |
2010 жылғы 3-тоқсан |
Талап етілмейді |
|
4. Аумақтық дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету | ||||||
27 |
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және спорт объектілерін басымдықты салу жолымен тірек қалалар мен басқа да перспективті елді мекендердің тартымдылығын күшейту жөнінде шаралар қабылдау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
БҒМ, ДСМ, Еңбекмині, ТСМ, облыстардың әкімдері |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
28 |
Экономиканың көлік қызметтеріне және өңірлік және әлемдік экономикалық жүйемен елдің кірігу қажеттілігін қамтамасыз ететін ұлттық көлік-коммуникация инфрақұрылымын қалыптастыру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ККМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
29 |
Жергілікті (облыстық және аудандық) маңызы бар автомобиль жолдарын сақтау және жеделдетіп қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ККМ, облыстардың әкімдері |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
30 |
Қоршаған ортаны қорғау объектілерін (қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, қоқысты қайта өңдеу зауыттарын, кәріздік-тазалау құрылыстарын) басымдықты салу жолымен тірек қалалар мен басқа да перспективті елді мекендердің тартымдылығын күшейту жөнінде шаралар қабылдау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Қоршағанортамині, облыстардың әкімдері |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
31 |
Ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерін азайту, өндіріс және қалалық агломерациялардың тұтыну қалдықтарын орналастыру мен сақтау жөніндегі табиғатты қорғау іс-шараларын жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына енгізуді қамтамасыз ету |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Қоршағанортамині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010-2012 жылдар 15 қаңтар |
Талап етілмейді |
|
32 |
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны, Арал өңірі аумақтарының проблемаларын кешенді шешуді көздейтін нысаналы индикаторлар мен міндеттерді енгізу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Қоршағанортамині (жинақтау), БҒМ, АШМ, ИСМ, ЭМРМ, ККМ, ТСМ, ЖРА, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері, ҚІжТКША |
2010-2012 жылдар 15 қаңтар |
Талап етілмейді |
* Іс-шаралар бойынша қаражаттың көлемі "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланады
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
агенттігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
АӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі