Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Менің Отаным - Қазақстан" республикалық туристік экспедициясын (туристік жорығын) өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
2. "Менің Отаным - Қазақстан" республикалық туристік экспедициясын (туристік жорығын) (бұдан әрі - экспедиция) ұйымдастыру үш кезеңде жүзеге асырылады деп белгіленсін:
1) бірінші кезең - аудандық (өткізілу мерзімі наурыздың 31-не дейін, жыл сайын);
2) екінші кезең - облыстық (өткізілу мерзімі мамырдың 31-не дейін, жыл сайын);
3) үшінші кезең - республикалық (өткізілу мерзімі тамыздың 31-не дейін, жыл сайын).
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері экспедицияның аудандық және облыстық кезеңдерін ұйымдастыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. "Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы N 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 6, 77-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары:
мынадай мазмұндағы 11-бөліммен толықтырылсын:
"11. "Менің Отаным - Қазақстан" республикалық туристік экспедициясының (туристік жорығының) (бұдан әрі - экспедиция) жобасын іске асыру
78. |
Экспедицияны іске асыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеу және қабылдау |
ТСМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009 жылғы ақпан |
Талап етілмейді |
|
79. |
Экспедицияны іске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу және жергілікті атқарушы органдарға жіберу |
Экспедицияны іске асыру жөніндегі ұсынымдар |
ТСМ |
2009 жылғы ақпан |
Талап етілмейді |
|
80. |
Экспедицияны өткізу жөніндегі облыстық және аудандық ұйымдастыру комитеттерін қалыптастыру |
ТСМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009 жылғы ақпан |
Талап етілмейді |
|
81. |
Экспедицияның бағдарларын әзірлеу |
Экспедицияны өткізу жөніндегі аудандық, облыстық және республикалық ұйымдастыру комитеттерінің шешімі |
ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009 жылғы ақпан |
Талап етілмейді |
|
82. |
"Менің Отаным - Қазақстан" республикалық туристік экспедициясын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірлескен бұйрығын жалпы орта, техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының және интернаттық ұйымдардың назарына жеткізу |
ТСМ-ге ақпарат |
БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009 жылғы ақпан |
Талап етілмейді |
|
83. |
Қосымша білім беру ұйымдарында "Қазақстан саяхатшысы" белгісін алуға нормаларды және талаптарды зерделеуді енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
БҒМ |
2009 жылғы шілде |
Талап етілмейді |
|
84. |
Экспедицияны бірінші және екінші кезеңде жалпы орта, техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында және интернаттық ұйымдарда өткізуді ұйымдастыру |
ТСМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, БҒМ |
2009 жылғы шілде |
2009 жылға арналған жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде |
|
85. |
Экспедицияның бірінші және екінші кезеңдері қатысушыларының арасында экспедицияның үшінші кезеңінде өткізуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ТСМ |
2009 жылғы желтоқсан |
Республикалық бюджет, 011 "Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
|
86. |
Экспедицияға қатысушыларды экспедицияны өткізу кезінде жатақханалар мен мектеп-интернаттарға орналастыру жөнінде шаралар қабылдау |
ТСМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009 жылғы желтоқсан |
2009 жылға арналған жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде |
|
87. |
Экспедицияны өткізу кезінде тамақ дайындау сапасына санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ету |
ТСМ-ге ақпарат |
ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
|
88. |
Экспедицияға қатысушыларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау |
ТСМ-ге ақпарат |
ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
|
89. |
Экспедицияның белсенді түрлерін (тау, жаяу жүру, су туризмі, рафтинг) өткізу кезінде бақылауды қамтамасыз ету |
ТСМ-ге ақпарат |
ТЖМ |
2009 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
|
90. |
Экспедицияға қатысушылардың қозғалысы кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
ТСМ-ге ақпарат |
ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
|
91. |
Экспедицияға қатысушылар тұратын жерлерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету |
ТСМ-ге ақпарат |
ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
|
92. |
Экспедицияның барлық кезеңдерінде республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық қолдау көрсетуді өткізу |
Медиа- жоспар |
МАМ, ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009 жылғы желтоқсан |
Республикалық бюджет, 025 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде және жергілікті бюджет, 002 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
|
93. |
Қосымша және жалпы орта білім беру, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында және интернаттық ұйымдарда жас туристер станцияларының, туризм бойынша клубтары мен секцияларының жүйесін кеңейту жөнінде шаралар қабылдау |
ТСМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, БҒМ |
2009 жылғы желтоқсан |
2009 жылға арналған жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде |
".
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 қаңтардағы
N 61 қаулысымен
бекітілген
"Менің Отаным - Қазақстан" республикалық туристік экспедициясын (туристік жорығын) өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Өскенбаев - Қазақстан Республикасының Туризм және
Қайырбек Айтбайұлы спорт вице-министрі, төраға
Никитинский - Қазақстан Республикасы Туризм және
Евгений Сергеевич спорт министрлігі Туризм индустриясы
комитетінің төрағасы, төрағаның
орынбасары
Жанқалов - Қазақстан Республикасы Туризм және
Жақсылық Асқарбекұлы спорт министрлігінің Туризм индустриясы
комитеті туристік бағдарламаларды іске
асыру және үйлестіру басқармасының
бастығы, хатшы
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Анатолий Александрович министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің төрағасы
Қырықбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Арман Оразбайұлы ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің
төрағасы
Оразалиев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Молдияр Молыбайұлы министрлігі Әкімшілік полициясы
комитетінің төрағасы
Коваль - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Игорь Александрович министрлігі Орман және аңшылық
шаруашылығы комитеті төрағасының
орынбасары
Мәмеков - Қазақстан Республикасы Көлік және
Дәулет Әбірбекұлы коммуникация министрлігі Азаматтық
авиация комитеті төрағасының орынбасары
Санатова - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Майра Тақауқызы министрлігі Орта білім беру
департаментінің директоры
Федоренко - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Александр Анатольевич министрлігі Азаматтық қорғаныс, әскери
бөлімдер және жедел ден қою департаменті
директорының орынбасары