"Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға түзеу мекемелерінің түрлерін тағайындау жөніндегі сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 7 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 4 Қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін заңға сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға түзеу мекемелерінің түрлерін тағайындау жөніндегі сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 7 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      9-тармақта "қатаң" деген сөз "ерекше" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

М. Әлімбеков

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев