"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 42 қаулысымен
бекітілген
"Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
1. Осы "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті мынадай айналымға шығарылатын және пайдалануға берілетін:
шыққан еліне қарамастан жаңа, бұрын пайдалануда болмаған;
жаңғыртудан кейін пайдалануда болған;
Қазақстан Республикасына әкелінетін, бұрын пайдалануда болған төменвольтті жабдыққа қолданылады.
2. Осы техникалық регламент 2-бөлімінің айқындамасына сәйкес келетін және 1000 В дейінгі ауыспалы тоқты қоса алғандағы және 1500 В дейін тұрақты тоқты қоса алғандағы атаулы кернеу кезінде қолдануға арналған электр жабдығы осы Техникалық регламентте төменвольтті электр жабдығы деп түсініледі.
3. Оларға қатысты осы техникалық регламентпен қауіпсіздік талаптары белгіленетін техникалық реттеу объектілері болып мыналар табылады:
1) электр машиналары;
2) электротехникалық жабдықтар мен материалдар;
3) кәбіл өнімі;
4) есептеу техникасы;
5) жалпы өнеркәсіптік мақсаттағы автоматтандыру аспаптары және құралдары;
6) арнайы мақсаттағы автоматтандыру аспаптары және құралдары;
7) тракторлар және ауыл шаруашылығы машиналары;
8) құрылыс, жол және коммуналдық машина жасау өнімі;
9) жеңіл және тамақ өнеркәсібіне арналған технологиялық жабдық және тұрмыстық аспаптар;
10) радиобайланыс, радиохабарларын тарату және телевидение құралдары;
11) сымды байланыс құралдары және түпкі және аралық радиобайланыс аппаратурасы;
12) мәдени-тұрмыстық, шаруашылық, оқу мақсатындағы, жеңіл өнеркәсіп үшін қосалқы театр-ойын-сауық кәсіпорындарының бұйымдары.
4. Төменвольтті жабдықты біріздендіру таңбалау және ілеспе құжаттары, өлшемдері, көрсеткіштері және жиынтығында тану үшін жеткілікті талаптар бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану жолымен жүргізіледі.
5. Осы техникалық регламент мыналарға қолданылмайды:
1) кемінде 5 ВТ атаулы қуаты бар және ауыспалы тоқтың 50 В қоса алғанға дейін және тұрақты токтың 75 В қоса алғанға дейін атаулы кернеу кезінде қолдануға арналған электр жабдығы;
2) жарылыс қауіпті орталардағы жұмысқа арналған электр жабдығы;
3) радиологиялық жабдық;
4) жиынтықты төменвольтті құрылғылар мен электр қозғалтқыштарын қоспағанда лифтілер мен көтергіштердің электр бөліктері;
5) медициналық жабдық;
6) теміржол, автомобиль көлігінде және әуе, су кемелерінде пайдалануға арналған электр жабдығы;
7) қорғаныс өнімі;
8) ол туралы мәлімет мемлекеттік құпияны құрайтын өнім.
2. Терминдер мен айқындамалар
6. Осы техникалық регламентте мынадай тиісті айқындамалармен мынадай терминдер пайдаланылды:
1) пайдалануға беру - төменвольтті жабдықты мақсаты бойынша қолдануға дайындықты тіркейтін, құжатты рәсімдеу оқиғасы;
2) жаңғырту - пайдаланудағы төменвольтті жабдықтың конструкциясына өзгерістер енгізу;
3) төменвольтті жабдықтың атаулы кернеуі - осы жабдықта және пайдалану құжаттарында дайындаушы келтірген төменвольтті жабдықтың кіріс және (немесе) шығыс кернеуі;
4) төменвольтті жабдықтың нарықтағы айналымы - оны шығару аяқталғаннан кейін төменвольтті жабдық өтетін барлық процестерді қамтитын дайындаушыдан тұтынушыға (пайдаланушыға) осы жабдықтың қозғалысы;
5) мақсаты бойынша қолдану - дайындаушы осы жабдықта және (немесе) пайдалану құжаттарында көрсеткен мақсатына сәйкес төменвольтті жабдықты пайдалану;
6) дайындаушының өндірістік бақылауы - дайындаушы төменвольтті жабдықты шығару процесінде жүзеге асыратын және құжатты ресімделетін техникалық бақылау;
7) төменвольтті жабдықты нарықта орналастыру - дайындаушының (уәкілетті өкілдің, импорттаушының) оны айналымға шығару үшін төменвольтті жабдықты беруі;
8) төменвольтті жабдықтың құрамдас бөлігі - төменвольтті және салуға арналған конструктивті аяқталған құрастыру бірлігі;
9) электр жабдығы - электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, беруге, таратуға және пайдалануға арналған, оның ішінде, тікелей пайдалану үшін және машиналарға, тетіктерге, аппараттарға, аспаптарға және басқа бұйымдарға салынған жабдық;
10) компонент (жинақтаушы бұйым) - электр жабдығының қауіпсіз жұмыс істеуі үшін қажетті кез келген бұйым;
11) мақсаты бойынша қолдану - жабдық тобына сәйкес 5-бөлімде көрсетілген және дайындаушы беретін электр жабдығының қауіпсіз жұмыс істеуіне арналған қажетті ақпаратпен электр жабдығын қолдану.
3. Нарықта орналастыру шарттары
7. Төменвольтті жабдық нарықта орналастырылады немесе осы техникалық регламентке, сондай-ақ, күші оған қолданылатын басқа да техникалық регламенттерге оның сәйкестігі кезінде пайдаланылады.
8. Оның сәйкестігі осы техникалық регламенттің талаптарына расталмаған төменвольтті жабдық осы техникалық регламентке сәйкестік белгісімен таңбаланбауы тиіс және нарықта орналастыруға немесе пайдалануға беруге жол берілмейді.
4. Өнімді бірегейлендіру
9. Электр жабдығы сәйкестікті растау талаптарын және рәсімдерін белгілеу мақсатымен бірегейлендірілуі тиіс.
10. Бірегейлендіру мыналардан тұрады:
1) осы техникалық регламенттің қолданылу саласына нақты түрдегі электр жабдығының тиістілігін айқындау;
2) оған ілеспе құжаттарында көрсетілген және (немесе) мысалы, мынадай нақты таңбаланған өнімнің негізгі сипаттамаларын салыстыру:
3) бұйым атауы, тип, модель, модификация;
4) өнімді дайындаушының атауы немесе бұйымның шығу тегі бойынша деректер;
5) ол бойынша бұйым шығарылатын нормативтік құжат;
6) өнімнің негізгі (немесе функционалдық) арналуы немесе оны қолдану саласы;
7) ілеспе құжаттарында көрсетілген атаулы деректер;
8) осы партияға тиістілігі;
9) осы техникалық регламентпен белгіленетіндердің санынан нақты түрдегі электр жабдығы үшін сәйкестікті растау рәсімінің жиынын айқындау.
11. Сәйкестікті растау рәсіміне қатысушылар электр жабдығын бірегейлендіруді жүргізеді:
1) сәйкестік (сәйкестікті декларациялау кезінде) туралы декларацияны қабылдайтын тұлға;
2) өзінің аккредиттеу саласындағы шегіне сәйкес растау мақсатында сәйкестікті растау жөніндегі органмен немесе сәйкестік туралы декларацияны қабылдайтын тұлғамен шарт жағдайында өнім үлгілерінің сынақтарын жүзеге асыратын сынақ зертханасы;
3) сәйкестікті растау жөніндегі орган (электр жабдығын сертификаттау кезінде).
12. Сынақ зертханасы және сәйкестікті растау жөніндегі орган бұл ретте, осы техникалық регламентте жазылған электр жабдығының сәйкестігіне растау жүргізу ережесіне сәйкес жұмыс істейді.
13. Нақты электр жабдығын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін ақпарат сәйкестік туралы декларацияда немесе сәйкестік сертификатында көрсетілуі тиіс.
5. Қауіпсіздіктің негізгі талаптары
14. Төменвольтті жабдық оны мақсаты бойынша қолдану және пайдалану құжаттарында көзделген қызметтің барлық мерзімі ішінде техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды орындау кезінде бұл жабдық мыналарды қамтамасыз ететіндей әзірленуі және дайындалуы тиіс:
1) электр тогының тікелей немесе жанама әсер етуден адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың қажетті деңгейі;
2) қауіптердің пайда болуына алып келуі мүмкін жоғары температуралардың, доғалы разрядтардың немесе сәулеленулердің туындауының жол берілмейтін тәуекелінің болмауы;
3) төменвольтті жабдықты қолдану кезінде туындайтын электр емес тектегі қауіптіліктерден адамның өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғаудың қажетті деңгейі;
4) оқшаулау қорғаудың қажетті деңгейі;
5) сыртқы ортаның тиісті климаттық жағдайлары кезінде сыртқы әсер ететін факторларға, оның ішінде, механикалық емес сипаттағы факторларға тұрақтылықтың қажетті деңгейі;
6) сыртқы әсер ететін факторлардың әсерімен туындайтын ауырлықтар кезінде жол берілмейтін қатердің болмауы;
7) қосу және (немесе) монтаждау кезінде жол берілмейтін қатердің болмауы.
15. Төменвольтті жабдықтың атауы мен белгіленуі (типі, маркасы, моделі), оның өлшемдері және қауіпсіздікке әсер ететін сипаттамалары, дайындаушының атауы және (немесе) тауарлық белгісі, дайындаушы елдің атауы төменвольтті жабдыққа тікелей белгіленуі және оған қоса берілетін пайдалану құжаттарында көрсетілуі тиіс.
Жаңғыртудан өткен төменвольтті жабдық үшін жаңғыртудан кейін оның өлшемдері мен сипаттамаларын (олар өзгерген кезде), жаңғыртуды жүргізген шаруашылық жүргізуші субъектінің атауын және (немесе) тауарлық белгісін және оның күнін көрсетеді.
Жаңғыртуға дейін төменвольтті жабдықта келтірілген таңбалау деректері жаңғыртуды жүргізген ұйымның шешімі бойынша сақталуы мүмкін.
16. Егер, осы регламенттің 16-тармағында келтірілген мәліметтерді төменвольтті жабдыққа тікелей белгілеу мүмкін болмаса, онда олар осы жабдыққа қоса берілген пайдалану құжаттарында ғана көрсетілуі мүмкін. Бұл ретте, дайындаушының атауы және (немесе) оның тауарлық белгісі, төменвольтті жабдықтың атауы және белгіленуі (типі, маркасы, моделі) орамаға белгіленуі тиіс.
17. Төменвольтті жабдықты таңбалау анық, жеңіл оқылатын және қарау үшін қолжетімді төменвольтті жабдықтың бетіне белгіленуі тиіс.
18. Төменвольтті жабдыққа пайдалану құжаттары мыналарды қамтуы тиіс:
1) осы баптың 16-тармағында аталған ақпарат;
2) оның мақсаты туралы ақпарат;
3) негізгі тұтынушылық қасиеттері немесе сипаттамалары;
4) қауіпсіз пайдаланудың ережелері мен шарттары;
5) сақтаудың, тасымалдаудың, өткізудің, монтаждаудың және кәдеге жаратудың ережелері мен шарттары (қажеттілік кезінде - оларға қойылатын талаптар);
6) осы жабдықтың ақаулығы табылған кезде қабылдау қажет шаралар туралы ақпарат;
7) дайындаушының орналасқан жері, онымен байланыс үшін ақпарат;
8) дайындаушының, импорттаушының уәкілетті өкілінің атауы және орналасқан жері, онымен байланыс үшін ақпарат;
9) дайындау күні;
10) осы жабдықтың осы техникалық регламентке сәйкестігі туралы декларацияның көшірмесі.
19. Техникалық құжаттама мен таңбалау мемлекеттік және орыс тілінде орындалады.
6. Міндетті талаптар
20. Электр жабдығына қатысты сатып алушыға арналған ақпарат мыналарда:
1) бұйымның таңбалауында;
2) ілеспе құжаттарда;
3) техникалық құжаттамада келтірілуі тиіс.
21. Жалпы жағдайдағы бұйымды таңбалау мынадай негізгі және қосымша деректерден тұруы тиіс:
Негізгі деректер:
1) бұйымның атауы, тип, модель, модификация, сауда атауы;
2) дайындаушының немесе жауапты жеткізушінің атауы, сауда таңбасы немесе тауарлық белгісі;
3) дайындаушы елдің атауы;
4) нарықтағы айналым белгісі;
5) ол бойынша бұйым шығарылатын нормативтік құжат;
6) пайдаланылатын токтың сипаттамасы және электр тогымен соғудан қорғау деңгейі;
7) электр тогының атаулы кернеуі немесе атаулы кернеулер диапазоны;
8) егер, атаулы жиілігі көрсетілмесе, ток түрінің шартты белгіленуі;
9) электр тогымен соғудан қорғауды классын шартты белгілеу;
10) қабықшамен қамтамасыз етілетін қорғау деңгейі.
22. Қажеттілік кезінде қолданылатын қосымша деректер:
1) атаулы тұтынылатын немесе пайдалы қуат не атаулы ток;
2) электр тогының жиілігі;
3) өнімділік;
4) салмағы.
7. Электр жабдығына арналған ілеспе құжаттардағы және техникалық құжаттамадағы сатып алушы үшін ақпаратқа қойылатын негізгі талаптар
23. Сатып алушы үшін ақпарат нақты электр жабдығына арналған ілеспе құжаттарда және техникалық құжаттамада мынадай негізгі деректерден тұруы тиіс:
1) бұйымның атауы, тип, модель, модификация, сауда атауы;
2) дайындаушының немесе жауапты жеткізушінің атауы, сауда маркасы немесе тауарлық белгісі;
3) дайындаушы елдің атауы;
4) өнімнің негізгі (немесе функционалдық) мақсаты немесе оны қолдану саласы;
5) қауіпсіз сақтаудың, тасымалдаудың, қауіпсіз және тиімді пайдаланудың, жөндеудің, қалпына келтірудің, кәдеге жаратудың, жоюдың (қажеттілік кезінде) ережелері мен шарттары;
6) негізгі тұтынушылық қасиеттері немесе сипаттамалары;
7) сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның (олар болған жағдайда) деректемелері туралы мәліметтер;
8) дайындаушының және (немесе) сатушының заңды мекен-жайы.
24. Электр жабдығын қосу-іске қосу жұмыстары, пайдалану, тасымалдау, сақтау кезінде қауіпсіздіктің арнайы шараларын сақтау қажеттілігі кезінде дайындаушы тиісті нұсқаулықты беруге міндетті.
25. Өнiмнiң түрi мен техникалық күрделiлiгiне қарамастан сатып алушы үшiн ақпарат нақты өнiмге тiкелей қоса берiлетiн мәтiндiк құжат түрiнде (паспорт, формуляр, қолдану жөнiндегi нұсқаулық және басқа), жекелеген жағдайларда өнiмге арналған нормативтiк құжатты (ұлттық стандарт, ұйымның стандарты) белгiлеудi көрсете отырып, таңбалау түрiнде берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
26. Сатып алушы үшін ақпарат шынайы болуы тиіс. Мәлімделген ақпаратқа өнімнің сәйкестігі дайындаушы мен сатушы үшін міндетті талап болып табылады.
8. Елеулі (ең аз қажетті) талаптар
27. Электр жабдығы қауіпсіздіктің мынадай ең аз қажетті талаптарына сәйкес келуі тиіс:
1) электр жабдығындағы және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықта оны қауіпсіз орнату, пайдалану және кәдеге жарату үшін қажетті және жеткілікті ақпарат көрсетілуі тиіс;
2) электр жабдығы электр тогымен соғудан қорғау класының (0, 01, I, II, III) және қатты заттар мен ылғалдың түсуінен қорғау деңгейінің тиісті пайдалану шарттары болуы тиіс;
3) электр жабдығының конструкциясы пайдаланушының ток жүргізуші бөлшектермен байланыс жасау мүмкіндігін болдырмауы тиіс;
4) электр беріктігі мен оқшаулау қарсылығы жеткілікті болуы тиіс, ал токтың шығып кетуі өнімді пайдалану кезінде нормаланған талаптардан аспайтын ылғалдың әсер етуінен кейін қалыпты және жұмыс температурасы кезінде, сондай-ақ, егер, бұйымға арналған құжаттамада ол осы жағдайларда пайдалану үшін арналған деп көрсетілген агрессиялық ортаның, тұзды тұманның және (немесе) тозаңның әсер етуі кезінде электр жабдығын қауіпсіз пайдалану үшін шамадан тыс болмауы тиіс;
5) электр жабдығы оның қызмет мерзімінің ішінде дұрыс пайдалану және тиісті сервистік қызмет көрсету шартымен оның қауіпсіздігін айқындайтын сипаттамалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс;
6) қоректендіру көздеріне қосылған ішкі сым, сыртқы икемді шнурлар мен сыртқы сымдар үшін қысқыштар электр жабдығының сенімді қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс;
7) 01 және 1 классты электр жабдығының қолжетімді металл бөлшектері тұрақты және сенімді жермен қосылуы тиіс;
8) жинақтаушы бұйымдар электр жабдығын қауіпсіз пайдалануды бұзбауы тиіс;
9) электр жабдығы оны пайдаланудың шарттарымен, сондай-ақ, пайдалануға беруге дейін тасымалдау және сақтаумен айқындалатын сыртқы әсер ететін факторларға тиісті төзімділікке ие болуы тиіс;
10) электр жабдығы пайдалану кезінде механикалық берік және тұрақты болуы тиіс. Электр жабдығының қозғалмалы бөліктері қалыпты пайдалану кезінде пайдаланушыны жарақаттан жеткілікті қорғауды қамтамасыз ететіндей орналастырылуы немесе қоршалуы тиіс;
11) электр жабдығының мақсатына сәйкес оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тозуға төзімді пайдаланудың тиісті шарттары болуы тиіс;
12) электр жабдығы пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезінде шамадан тыс қызбауы және пайдаланушы үшін қауіпті болмауы тиіс;
13) электр жабдығы пайдаланудың қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету кезінде өрт қауіпсіз болуы тиіс. Электр жабдығында қолданылатын материалдық емес материалдар жеткілікті жылуға төзімді, отқа төзімді және трекинг төзімді болуы тиіс;
14) электр жабдығы пайдаланушыны санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормативтерінен асатын иондаушы және иондамайтын сәулеленудің, шудың, дірілдің әсер етуінен қорғауды қамтамасыз етуі тиіс және уытты заттарды бөлулердің көзі болмауы тиіс;
15) электр жабдығын пайдалану кезінде туындайтын дірілакустикалық әсер ету адам мен қоршаған ортаға зиянды әсер көрсететін рұқсат етілетін деңгейден жоғары болуы тиіс.
9. Электр жабдығы үшін елеулі нақтылайтын бөлшектерінің (ең аз қажетті) талаптары
28. Электр жабдығына арналған талаптар (көрсеткіштер):
1) жабдық мынадай жолмен құрастырылуы тиіс: кернеуде орналасқан бөлшектерден электр тогымен соғудан қажетті қорғаудың болуы; қолмен орындалатын операцияларда электр тогымен соғу қаупінің болмауы (қоректендіру кернеуін орнату немесе қоректендіру түрін өзгерту, индикаторларға жарық бергіштердің балқытылған қыстырғыштарын және элементтерін ауыстыру, жылжымалы бөлшектерді манипуляциялау және т.б.);
2) токты шектеумен тізбектер рұқсат етілетін шектеулер қалыпты жағдайларда және жабдықтағы кейбір бүліну жағдайларында пайдалану кезінде аспайтындай осындай конструкциясы болуы тиіс;
3) ауыспалы токтың қоректендіру желісінен жұмыс істейтін шектеулі қуаттағы қоректендірудің желілік көзі немесе ауыспалы токтың қоректендіру желісінен зарядталатын жүктемені қоректендіру уақытында шектеулі қуаттың аккумулятор көзі өз құрамында оқшаулағыш трансформаторы болуы тиіс;
4) жермен қосудың қорғау шықпасы оңай қолжетімді және тиісті жолмен таңбаланған болуы тиіс. Қорғау жермен қосудың сымдары мен клеммалары қарсыласудың есептік мәндерінен аспауы және тиісті токқа шыдауы тиіс;
5) қызып кету тогынан, қысқа тұйықталудан, жерге тұйықталудан бастапқы тізбектегі қорғау жабдықтың құрамына кіруі тиіс;
6) қалыпты жағдай кезінде қауіптілікті білдіретін саладағы оператордың қол жетімділігі рұқсат етілген жерлерде қорғау бұғаттаулары орнатылуы тиіс. Бұл талап іс жүзінде орындалуы мүмкін емес жағдайларда қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулар көрсетілуі тиіс;
7) оқшаулау материалдары пайдаланудың болжамды жағдайларында жеткілікті электр, жылу және механикалық беріктікті қамтамасыз етуі тиіс;
8) оқшаулау үшін гигроскопиялық материалдар, сондай-ақ, асбесттен, табиғи шайырдан тұратын материалдар пайдаланылмауы тиіс;
9) саңылаулар мөлшерлері жабдыққа әсер етуі мүмкін ауыспалы процестерден туындайтын кернеудің артуы және жабдықта генерациялануы мүмкін кернеудің шекті мәні саңылаудың тесігіне алып келмейтіндей болуы тиіс. Шығып кету жолдарының мөлшерлері осы жұмыс кернеуі және ластану деңгейі үшін ұшқынды жабу болмайтындай немесе оқшаулауды бұзу (трекинг) болмайтындай болуы тиіс;
10) ішкі сымдар мен қосылыс кәбілдерінің көлденең қима аумағы қалыпты жүктеме режиміндегі жабдықтың жұмысы кезінде осы сымдар бойынша өтетін токқа сәйкес келуі тиіс. Бұл ретте, оның жұмыс қабілетін сақтай отырып, өткізгіштің ең көп рұқсат етілетін температурасының асуы мүмкіндігі болмауы тиіс. Сымдар жабдықпен шарттасқан (өткір жиектер, жылжымалы бөліктер, тарту, бекітудің беріктігі және т.б.) механикалық бүлінуден қорғалуы тиіс. Винттік қосылыстар жабдықтың барлық қызмет мерзімінің ішінде сенімді электр байланысын қамтамасыз етуі тиіс;
11) қосу құралдары (алынбайтын шнурлар, клеммдар, аспаптық және кәбілдік қосулар) ауыспалы токқа және қорғалатын жермен қосуға қауіпсіз және сенімді қосуды қамтамасыз етуі тиіс;
12) тұрақты қосылған аппаратура қоректендірудің барлық жеткізетін желілерін бір мезгілде ажырату үшін ажыратқышпен жарақтандырылуы тиіс. Ажырататын құрылғы немесе құрылғылар пайдалану кезінде ауыспалы токтың желісінен жабдықты ажырату мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс;
13) пайдаланудың қалыпты жағдайларында жабдық және жекелеген блоктар пайдаланушыны және қызмет көрсететін персоналды қауіптілікке ұшыратудың осындай деңгейіне дейін физикалық тұрақтылықты жоғалтпауы тиіс. Физикалық тұрақтылықты дайындаушы жеткізу жиынына кіретін аяққа немесе тіреуішке жабдықты орнату кезінде де қамтамасыз етілуі тиіс;
14) жабдық тиісті механикалық беріктілікке ие болуы және оны пайдалану уақытындағы мүмкін болатын әсер етулерге шыдайтындай құрастырылуы, сондай-ақ, мүмкін болатын абайсыз жұмыс істеу кезінде де қауіпсіз болып қалуы тиіс. Розеткаға қосуға арналған штырлармен жабдықталған "желілік вилка" түрінде құрастырылған қондырғы осы розетканың ұяшықтарында шамадан тыс механикалық кернеулерді жасамауы тиіс;
15) пайдаланушы үшін қауіптілік тудыратын өткір жиектер немесе бұрыштар болмауы тиіс.
Басқарудың барлық органдарын (рукояткалар, кнопкалар, тұтқалар, рычагтар және басқалары) пайдалану жағдайында әлсірету мүмкіндігі болмауы тиіс.
Кез келген сымды, винтті, гайканы, шайбаны, серіппені немесе басқа да осындай бөліктерді әлсірету немесе ажырату азаматтардың өмірі немесе денсаулығы үшін қауіптіліктің туындауына алып келмеуі тиіс.
Пайдаланылатын вилкалар мен розеткалар бұрыс қосылудың мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
Жабдықтағы қыздыру элементтері қалыпты жұмыстың бұзылуы кезінде өрттің туындау қаупінің алдын алу үшін қорғалуы тиіс.
Кинескопты қоспағанда шынының сынуы жағдайында оның сынықтарымен адам терісінің жарақаттануына жол берілмеуі тиіс.
Батареясы бар жабдық қалыпты жағдайлар кезінде өрттің, жарылыстың және химиялық ағып кетулердің қатерін азайтуды ескере отырып және жабдықтағы сирек бұзылулардан кейін құрастырылуы тиіс.
Аппарат дайындаушысы айқындаған қоректендіру көзінен ғана қоректендіру үшін жобаланған аппарат қоректендірудің арнайы көзі оны өзгертусіз жалпы мақсаттағы қоректендіру көзіне ауыстырылмайтындай жолмен құрастырылуы тиіс.
Жабдықтың конструкциясында мыналар болмауы тиіс:
электр тогының соғуы;
өрт пен жарылыстардың туындауы;
иондаушы, радиациялық, инфрақызыл және ультракүлгін сәулеленудің әсер етуі;
зиянды заттардың, дірілдің, соққылардың, шудың әсер етуі;
электромагниттік және электростатистикалық өрістердің әсер етуі;
жоғары температураға дейін қызған жабдықтың бөліктерімен және басқаларымен адамдардың жанасуы нәтижесінде күйіп қалу;
16) жарақаттың әлеуетті себебі болып табылатын жабдықтың қауіпті жылжымалы бөліктері персоналдың болуы мүмкін жарақаттардан қажетті қорғауды қамтамасыз ететіндей жолмен орналасуы, қоршалуы және қорғалуы тиіс;
17) жабдықты болжамды пайдалану процесінде оның бөлшектерінің бірде біреуі шамадан тыс температураға дейін қызбауы тиіс.
Жабдықта пайдаланылатын материалдар температураның қалыпты жүктемесімен жұмыс кезінде қауіпсіз мәннен аспайтындай таңдалуы тиіс.
Желімен қосылған бөлшектерді ұстап тұратын оқшаулаушы материал қызуға төзімді болуы тиіс.
Жоғары температуралар кезінде жұмыс істейтін компоненттер салалас материалдар мен компоненттердің қызуын тудырмайтындай тиімді қоршалуы немесе бөлінуі тиіс;
18) оттың таралуын шектейтін тиісті материалдарды, компоненттерді, конструкциялар мен өртке қарсы қаптамаларды пайдалану жолымен жабдықтың ішінде де және оның сыртында да оттың тұтану және таралу қаупі азайтылуы тиіс;
19) жабдық жанасу тогы да және қорғау жермен жанасу сымының тогы да пайдалану уақытында пайда болуы мүмкін мүмкін болатын климаттық факторлардың әсер етуі кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп тудырмайтындай әзірленуі тиіс;
20) аппараттың қауіпсіздігі пайдалану уақытында пайда болуы мүмкін ылғалдылықтың, температураның және басқа да климаттық факторлардың әсер етуі кезінде бұзылмауы тиіс;
21) қолжетімді бөлшектер мен оларға қосылған бөлшектер және өмір үшін қауіпті бөлшектер арасындағы оқшаулау ауыспалы процестермен шарттасқан асқын кернеуге немесе КЗ тогына шыдауы тиіс.
Жоғары кернеу кезінде жұмыс істейтін компоненттер мен асқын кернеулерден қорғауға арналған ұшқын разрядниктері өрт немесе қандай-да бір өзге де қауіпсіздік көзі болмауы тиіс;
22) электр тогымен соғудан қорғау аппарат ақаулықтар жағдайында жұмыс істеген кезде де қамтамасыз етілуі тиіс.
Аппарат ақаулықтар жағдайында жұмыс істеген кезде, онда оның бөлшектерінің бірде біреуі: аппараттың маңында өрттің туындау қауіптілігі пайда болатын; аппарат бөлетін жылудың шектен тыс санынан шекті деңгейден төмен оның қауіпсіздігі төмендеген; осындай температураға дейін қызбауы тиіс;
23) резисторлар, қысқа тұйықталу немесе ақаулықтар жағдайындағы жұмыс кезінде қауіпсіздіктің талаптарын бұзуды тудыратын үзілу, сондай-ақ, желілік ажыратқыштардың байланыстары арасындағы резисторлар, шунтирлайтын аралықтар жүктеме режимінде қарсыласудың жеткілікті тұрақты мәніне ие болуы тиіс.
Жабдыққа орнату кезіндегі қысқа тұйықталу немесе үзілу ақаулықтар жағдайында қауіпсіздіктің талаптарын бұзуды тудыратын және электр тогымен бүлінумен қауіптілік жасайтын конденсаторлар тиісті сынақтарға шыдауы тиіс.
Аппараттың қауіпсіздігін нашарлатуы мүмкін индуктивтілік, ақаулылық (мысалы, оқшаулаушы трансформатор) каталог бойынша типін немесе нөмірін белгілеумен өндірушінің немесе сауда маркасының атын көрсетумен таңбалауы болуы тиіс. Өндірушінің аты және типті белгілеу кодтық нөмірлермен ауыстырылуы мүмкін.
Қорғау құрылғылары және ажыратқыштар олардың атаулы мәндеріне сәйкес қолданылуы және тиісті сынақтарға шыдауы тиіс.
Электр қозғалтқыштар оларды ұзақ қалыпты пайдалану кезінде қауіпсіздікті бұзуға алып келетін қандай-да бір электр және механикалық ақаулықтар мүмкіндігін болдырмайтындай құрастырылуы тиіс. Оқшаулау бүлінбеуі тиіс, ал қызу, діріл және т.б. кезіндегі контактілер мен қосылыстар бұзылмауы тиіс;
24) икемді желілік шнурлардың қорғау қабықшасы, көлденең қимадағы жеткілікті атаулы аумағы және электр беріктігі болуы тиіс.
Аппаратпен бірге пайдаланылатын және адам өміріне қауіпті сымдардан тұратын икемді шнурлар қалыпты пайдалану кезіндегі орны бар көп реттік бүктеулер мен басқа да механикалық кернеулерге шыдауы тиіс және өткізгіштерді қосу орны тартуға, сырттай жабу - бүлінуге, ал сым - бұрауға ұшырамайтындай жолмен аппаратқа қосылуы тиіс.
Жылжымалы аппараттардың (музыкалық аспаптар және олармен бірге жұмыс істейтін күшейткіштер) алынатын шнурдың көмегімен желіге қосу үшін сыртқы шнурды енгізу құрылғысы болуы тиіс немесе ол пайдаланылмаған (мысалы, бөлікте) кезде оны салу үшін ыңғайласпа немесе қаусырмада не басқа ыңғайласпамен бекіту болуы тиіс;
25) телевизиялық қабылдағыш кинескопы қосымша қорғаусыз жарылыстан қорғалған болуы тиіс; олай болмаған жағдайда телевизиялық қабылдағыш кинескоптың жарылысының салдарларынан сенімді қорғалуы тиіс;
26) дисплейдің көрнекі өлшемдері (белгінің жарықтығы, экранның жұмыс өрісі жарықтығының теңсіздігі, бейнелеудің уақытша тұрақсыздығы (жыпылықтауы), түстердің көрінбеуінің деңгейі, жұмыс өрісі бойынша бейненің бұрмалануы) дисплейде көрінетін ақпаратты қауіпсіз және ыңғайлы санауды қамтамасыз етуі тиіс.
Дисплей жасайтын өріс (экранның электр статистикалық әлеуеті, ауыспалы электр магниттік өрістің электр құрайтын кернеуі, магниттік ағынның тығыздығы) пайдаланушы үшін қауіпсіз болуы тиіс;
27) кедергі эмиссиясының деңгейі радио тарату және байланыс қызметтерін қорғауды, сондай-ақ, басқа аппаратураның қолайлы қашықтықта тиісті жолмен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Жабдықтың кедергі тұрақтылық өлшемдері қоршаған электромагниттік жағдайдағы мақсатына сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс;
28) пайдалану кезінде құрылатын шу мен дірілдің деңгейі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің нормативтерінен аспауы тиіс. Шу спектрінде тональдық құрайтындар болмауы тиіс.
10. Сәйкестікті растау
29. Тәуекелді бағалау негізінде өнімді бірегейлендіру.
Электр жабдығы тәуекелдің мынадай факторларына бөлінеді:
1) 1 санатты тәуекел деңгейі;
2) 2 санатты тәуекел деңгейі;
3) 3 санатты тәуекел деңгейі;
4) 4 санатты тәуекел деңгейі.
30. Өнімнің әлеуеттік қауіптілігі жоғары болған сайын, тәуекел деңгейінің мәні артады.
31. 1 санатты тәуекел деңгейімен электр жабдығына мыналар жатады:
1) қауіпсіз аса төмен кернеумен қоректендірілетін электр жабдығы;
2) тұрмыстық электр пісіру агрегаттары;
3) аккумуляторлар және батареялар;
4) 1 кВт-қа дейінгі қозғалтқыштар;
5) электромагниттік реле (әлсіз токты).
32. 2 санатты тәуекел деңгейімен электр жабдығына мыналар жатады:
1) басқару кәбілдері;
2) бақылау кәбілдері;
3) пластмассалық оқшаулаумен монтаждық сымдар;
4) тұрмыстық штепсельдік қосқыштар;
5) кондиционерлер, ылғалдандырғыштар;
6) электр жылытқыштар;
7) ауаны тазартуға арналған вентиляторлар мен аспаптар;
8) жинау машиналары: шаңсорғыштар, полотерлер;
9) өлшеу аспаптары;
10) сырттан жарықтандыруға арналған жарық бергіштер;
11) тұрмыстық радиоэлектр аппаратурасы (телевизорлардан басқа);
12) разрядтық шамдарды іске қосуды реттейтін аппараттар. Жағу құрылғылары;
13) люминсценттік шамдарға арналған бықситын разрядты стартерлер;
14) электр шамдары;
15) электр шамдарына арналған бұрандалы патрондар. Галогендік қыздыру шамдарына арналған трансформаторлар мен түрлендіргіштер;
16) сұйықтықтарды қыздыруға арналған аспаптар;
17) троллейбустарды, трамвайларды тартуға арналған күштік электр жабдығы.
33. 3 санаттардың тәуекелі деңгейімен электр жабдығына мыналар жатады:
1) қорғау ажыратуына арналған құрылғылар;
2) автоматты ажыратқыштар;
3) сақтандырғыштар;
4) ажыратқыштар, ауыстырып қосқыштар;
5) контакторлар мен жіберушілер;
6) электромагниттік реле (күшті токты);
7) асқын кернеуден қорғау құрылғысы;
8) тұрмыстық және өнеркәсіптік қолдануға арналған төмен вольтті кешенді құрылғылар (ТКҚ);
9) үтіктер, үтіктеу машиналары;
10) ас үй машиналары;
11) шырақтар (сыртқы жарық беру шырақтарынан басқа);
12) жалпы пайдаланудағы радиобайланыс, радиотарату және телевидение құралдары;
13) электрондық цифрлық есептеу машиналары және электрондық цифрлық есептеу кешендері мен машиналарының перифериялық құрылғылары (ақпаратты бейнелеу құрылғыларынан басқа);
14) құжаттарды көшіруге және жедел көбейтуге арналған құралдар;
15) жылжымалы электр машиналары;
16) сораптар;
17) тұрмыстық трансформаторлар;
18) үздіксіз қоректендірудің жүйелері, көздері және агрегаттары;
19) электр кептіргіштер;
20) тамақ дайындауға және сұйықтықты жылытуға арналған тұрмыстық электр аспаптары;
21) тері мен шаштарды күтуге арналған аспаптар;
22) домофондар.
34. 4 санатты тәуекел деңгейімен электр жабдығына мыналар жатады:
1) қағаз оқшаулаумен күш кәбілдері;
2) электр қондырғылары үшін поливинилхлоридті оқшаулаумен сымдар;
3) қосқыш шнурлар, ұзартқыштар, сымдар және қосқыш шнурлар;
4) пластмассалық оқшаулаумен күш кәбілдері;
5) электр таратудың әуе желілеріне арналған оқшауланбаған сымдар;
6) жылыту сымдары мен кәбілдері;
7) стационарлық емес төсеуге арналған күш кәбілдері;
8) икемді көптінді ілмек кәбілдер;
9) бекемдетілген сымдар;
10) телевизорлар, кинескоптар;
11) ақпаратты бейнелеу құрылғысы;
12) тоңазытқыштар;
13) зарядтау құрылғылары;
14) электр қол машиналары;
15) кір жуу машиналары;
16) электр газон кескіштері;
17) электрондық цифрлық және бағдарламалық-техникалық есептеу кешендері;
18) электроагрегаттар мен электростанциялары.
35. Сәйкестік растау нысандары мен кестелері:
Осы техникалық регламентпен белгіленген электр жабдығының сәйкестігін растауды дайындаушы (орындаушы), тұтынушы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі жұмысты орындау үшін аккредиттелген сәйкестік растау жөніндегі орган электр жабдығының тиісті топтары үшін 37-тармақта көзделген рәсімдерді орындау негізінде жүзеге асырады.
36. Тәуекел деңгейінің шамасына байланысты сәйкестікті растаудың мынадай кестелері қолданылады.
Сериялық шығарылатын өнімнің сәйкестігін растау кезінде:
1) 1 санатты тәуекел деңгейі - 1д кестесі.
2) 2 санатты тәуекел деңгейі - 2д, 7д немесе 1с кестелері.
3) 3 санатты тәуекел деңгейі - 4д немесе 3с кестелері.
4) 4 санатты тәуекел деңгейі - 4д, 4с, 5с кестелері.
Өнім партиясының сәйкестігін растау кезінде:
1) 1 санатты тәуекел деңгейі - 1д кесте.
2) 2-4 санатты тәуекел деңгейі - 5д, 6д (дана бұйым) немесе 6с, 7с (дана бұйым) кестелері.
37. Сәйкестікті растаудың қолданылатын кестелерін ашып көрсету:
1) 1д - меншікті айғақтар негізінде сәйкестікті декларациялау;
2) 2д - сәйкестікті декларациялау (меншікті айғақтар негізінде) + аккредиттелген сынақ зертханаларындағы (АСЗ) сынақтар хаттамасы;
3) 3д - сәйкестікті декларациялау (меншікті айғақтар негізінде) + АСЗ хаттамасы + өндіріс барысында ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкестікке арналған сапа жүйесінің сертификаты (бұл ретте, өндіріс процесі өнімді дайындауды, сондай-ақ, оны бақылау мен сынауды қамтиды);
4) 4д - сәйкестікті декларациялау (меншікті айғақтар негізінде) + АСЗ хаттамасы + бақылау және сынақ кезеңдерінде ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкестікке арналған сапа жүйесінің сертификаты;
5) 5д - декларациялау (меншікті айғақтар негізінде) + өнімнің партиясын іріктеп сынаудың АСЗ хаттамасы;
6) 6д - сәйкестікті декларациялау (меншікті айғақтар негізінде) + өнім бірлігінің сынақтар АСЗ хаттамасы;
7) 7д - сәйкестік декларациялау (меншікті айғақтар негізінде) + ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкестікке арналған сапа жүйесінің сертификаты;
8) 1с - өнімді сертификаттау (типтік үлгідегі сынақ);
9) 3с - сертификатталған өнімді одан кейінгі инспекциялық бақылаумен (ИБ) өнімді сертификаттау (типтік үлгідегі сынақ);
10) 4с - сертификатталған өнімді одан кейінгі инспекциялық бақылаумен өнімді сертификаттау (типтік үлгідегі сынақ және өндірістің жай-күйін талдау);
11) 5с - өнімді сертификаттау (типтік үлгідегі сынақ) + сертификатталған өнімді одан кейінгі ИБ-мен ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкестікке арналған сапа жүйесінің сертификаты;
12) 6с - өнім партиясын сертификаттау (өнім партиясын іріктеп сынау);
13) 7с - өнім бірлігін сертификаттау (өнім бірлігін сынау).
38. Электр жабдығының нақты топтарының сәйкестігін растау кестелері мен рәсімдері осы жабдыққа арналған арнайы техникалық регламенттерде өзгертілуі мүмкін.
11. Декларациялау және сертификаттау кестелерін сипаттау
39. Кестелерді белгілеу декларациялау кестесі үшін - "д" әрпімен және сертификаттау кестесі үшін — "с" әрпімен реттік нөмірмен құралады.
Декларациялау кестелерінде өтініш берушінің сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы, сертификаттау кестелерінде өтініш берушінің сәйкестік сертификатын беруі аяқтаушы операция болып табылады.
Өтініш беруші (дайындаушы, сатушы, дайындаушының функциясын орындайтын тұлға) сәйкесті туралы декларация негізінде осы техникалық регламентте белгіленген нарықтағы жұмыс істеу белгісін таңбалауға қойылатын талаптарға сәйкес нарықтағы жұмыс істеу белгісімен өнімді таңбалайды.
40. Декларациялау кестелерін сипаттау
1) 1д кестесі
1д кестесі өтініш беруші орындайтын мынадай операцияларды қамтиды:
1-1) техникалық құжаттама жиынын қалыптастыру;
1-2) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау;
1-3) нарықтағы айналым белгісімен өнімді таңбалау.
Техникалық құжаттама техникалық регламент талаптарына өнімнің сәйкестігіне бағалау жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс. Ол бағалау үшін қажетті шарада жобаны (ұйымдастыру стандартын), өнімді өндіру тәсілін және әрекет ету қағидатын көрсетуі, сондай-ақ, техникалық регламент өніміне сәйкестіктің айғағынан тұруы тиіс.
2) Техникалық құжаттама жиынының құрамы:
2-1) өнімді жалпы сипаттау және әрекет ету қағидаты;
2-2) ұйымның жобалық деректері, сызбалары, кестелері, стандарты;
2-3) толық және ішінара пайдаланылатын стандарттардың тізбесі және техникалық регламент талаптарына өнімнің сәйкестігін қамтамасыз ету үшін шешімдерді сипаттау;
2-4) жобалық есептердің, жүргізілген тексерулердің нәтижелері;
2-5) сынақтар хаттамалары.
Өтініш беруші (дайындаушы) өндіріс процесі дайындалатын өнімнің техникалық құжаттамаға сәйкестігін және оған жататын техникалық регламент талаптарын қамтамасыз ететіндей барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Өтініш беруші оған сәйкестік туралы декларация нарықтағы жұмыс істеу белгісімен қабылданған өнімді таңбалайды.
3) 2д кестесі мынадай операцияларды қамтиды:
3-1) аккредиттелген сынақ зертханасы жүргізген типтік үлгі сынақтары немесе - өтініш берушінің ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкестігіне сапа жүйесіне сертификаттау жүргізуге арналған сертификаттау жөніндегі органға өтініш беру және аккредиттелген органның ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкестікке арналған сапа жүйесінің сертификаттауын жүргізуі;
3-2) өтініш берушінің сәйкестік туралы декларация қабылдауы;
3-3) нарықтағы айналым белгісімен өнімді таңбалау.
Өнім сипаттамаларынан басқа типтік үлгідегі сынақтар хаттамасы ұйымның стандартына немесе басқа ұқсас құжатқа тікелей немесе сілтеме түрінде өнімнің типін сипаттаудан тұруы, сондай-ақ, ол бойынша ол дайындалған техникалық құжаттаманың үлгісіне сәйкестігі туралы қорытындыдан тұруы тиіс.
Өтініш беруші өндіріс процесі техникалық құжаттамаға және техникалық регламент талаптарына дайындалатын өнімнің сәйкестігін қамтамасыз ететіндей барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Өтініш беруші оған сәйкестік туралы декларация өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалайды.
4) 3д және 4д кестесі мынадай операцияларды қамтиды:
4-1) аккредиттелген сынақ зертханасы жүргізген типтік үлгіні санау;
4-2) өтініш берушінің ИСО 9001-2001 талаптарының сәйкестігіне сапа жүйесінің сертификациясын жүргізуге арналған сертификаттау жөніндегі органға өтінім беру;
4-3) аккредиттелген органның ИСО 9001-2001 талаптарының сәйкестігіне арналған сапа жүйесінің сертификаттау жүргізуі;
4-4) өтініш берушінің сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы;
4-5) нарықтағы айналым белгісімен өнімді таңбалау;
4-6) сертификаттау жөніндегі органның сапа жүйесін инспекциялық бақылауы.
Өнімдер сипаттамаларынан басқа үлгілік үлгідегі сынақтар хаттамасы өнім түрінің тікелей немесе ұйым стандартына немесе басқа ұқсас құжатқа сілтеме түріндегі сипаттамасынан тұруы, сондай-ақ ол әзірлеген техникалық құжаттама үлгісінің сәйкестігі туралы қорытындыдан тұруы тиіс.
Өтініш беруші өз таңдауы бойынша сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдардың біріне өз сапа жүйесін ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкестікке сертификациялауға өтінім береді.
Сапа жүйесі дайындалатын өнімнің техникалық құжаттамаға және осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Өтініш беруші сәйкестік туралы декларация қабылдаған өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалайды.
Өтініш беруші осы өнімді өндіру процесінде сертификатталған сапа жүйесінің ережелерінен туындаған талаптарды орындайды және олардың тиісті түрде жұмыс істеуін қолдайды.
Өтініш беруші сертификаттау жөніндегі органды жүйенің барлық жоспарланған өзгерістері туралы хабардар етеді. Сертификаттау жөніндегі орган осы өзгерістерді тексереді және енгізілген өзгерістермен сапа жүйесіне бұрын жүргізілген баға сақталады ма жоқ па шешеді. Ол өз шешімі туралы өтініш берушіге хабарлайды.
Сертификаттау жөніндегі орган өтініш беруші сапаның сертификатталған жүйесінен туындайтын міндеттерді орындауды жалғастырып жатқандығын куәландыру мақсатында сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бақылауды жүзеге асырады. Инспекциялық бақылау мерзімдік тексерулер көмегімен жүргізіледі. Тексерулердің мерзімділігі техникалық регламенттерде белгіленеді.
Сонымен қатар, сертификаттау жөніндегі орган кезектен тыс тексерулер жүргізуге құқылы. Тексерулер кезінде ол сапа жүйесінің тиімді жұмыс істеуін бақылау мақсатында өзі сынақтарды тапсыруы немесе жүргізуі мүмкін.
Инспекциялық тексерулердің нәтижелері актімен ресімделеді және өтініш берушінің назарына жеткізіледі.
5) 5д кестесі мынадай операцияларды қамтиды:
5-1) аккредиттелген сынақ зертханасы жүргізген өнім партияларын сынау және өтініш берушіге сынақтардың хаттамаларын беру;
5-2) өтініш берушінің сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы;
5-3) өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалау.
Дайындаушы өтініш беруші өндіріс процесі техникалық құжаттамаға және регламент талаптарына дайындалатын өнімнің сәйкестігін қамтамасыз ететіндей барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Өтініш беруші сынақтан өткен өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалайды.
6) 6д кестесі мынадай операцияларды қамтиды:
6-1) аккредиттелген сынақ зертханасы жүргізген өнімнің әрбір бірлігін сынау және өтініш берушіге сынақтар хаттамасын беру;
6-2) өтініш беруші сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы;
6-3) өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалау.
Өтініш беруші сынақтан өткен өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалайды.
7) 7д кестесі мынадай операцияларды қамтиды:
7-1) сынақ зертханасы аккредиттелген өнімнің типтік үлгісіне сынақ жүргізу;
7-2) өтініш берушінің сәйкестікті растау жөніндегі органға сапа жүйесінің ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкестігіне сертификаттауды жүргізуге өтініш беруі;
7-3) сәйкестік растау жөніндегі аккредиттелген органның сапа жүйесіне жобалау және өнімді өндіру жүргізуі;
7-4) өтініш берушінің сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы;
7-5) өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалау.
Өнімдер сипаттамаларынан басқа типтік үлгідегі сынақтар хаттамасы өнім типінің тікелей немесе ұйым стандартына немесе басқа ұқсас құжатқа сілтеме түріндегі сипаттамасынан тұруы, сондай-ақ ол әзірлеген техникалық құжаттама үлгісінің сәйкестігі туралы қорытындыдан тұруы тиіс.
Өтініш беруші өз таңдауы бойынша сәйкестік растау жөніндегі аккредиттелген органдардың біріне өз сапа жүйесін ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкестікке сертификациялауға өтінім береді.
Сапа жүйесі дайындалатын өнімнің техникалық құжаттамаға және осы регламенттің талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Өтініш беруші сәйкестік туралы декларация қабылдаған өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалайды.
Өтініш беруші осы өнімді өндіру процесінде сертификатталған сапа жүйесінің ережелерінен туындаған талаптарды орындайды және олардың тиісті түрде жұмыс істеуін қолдайды.
Өтініш беруші сертификаттау жөніндегі органды жүйенің барлық жоспарланған өзгерістері туралы хабардар етеді. Сәйкестік растау жөніндегі орган осы өзгерістерді тексереді және енгізілген өзгерістермен сапа жүйесіне бұрын жүргізілген баға сақталады ма жоқ па шешеді. Ол өз шешімі туралы өтініш берушіге хабарлайды.
Сәйкестік растау жөніндегі орган өтініш беруші сертификатталған сапа жүйесінен туындайтын міндеттерді орындауды жалғастыруда екендігін куәландыру мақсатында сертификацияланған сапа жүйесін инспекциялық бақылауды жүзеге асырады. Инспекциялық бақылау мерзімдік тексерулер көмегімен жүргізіледі. Тексерулердің мерзімділігі 1 жылды құрайды.
Сонымен қатар, сәйкестікті растау жөніндегі орган кезектен тыс тексерулер жүргізуге құқылы. Тексерулер кезінде ол сапа жүйесінің тиімді жұмыс істеуін бақылау мақсатында өзі сынақтарды тапсыруы немесе жүргізуі мүмкін.
Инспекциялық тексерулердің нәтижелері актімен ресімделеді және өтініш берушінің назарына жеткізіледі.
41. Сертификаттау кестелерінің сипаттамасы
1) 1с кестесі мынадай операцияларды қамтиды:
1-1) өтініш берушінің сертификаттау жөніндегі органға сертификациялауды жүргізуге өтініш беруі;
1-2) сәйкестік растау жөніндегі органның өтініштерді қарауы және ол бойынша шешім қабылдауы;
1-3) аккредиттелген сынақ зертханасының типтік үлгісінің сынақтарын жүргізуі;
1-4) сынақтар нәтижелерін талдау және өтініш берушіге сәйкестік сертификатын беруі;
1-5) өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалау.
Өтініш беруші өз өнімін сертификаттауға өтінішті өз таңдауы бойынша аккредиттеу саласындағы осы өнімге ие сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың біріне береді.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш берушіге өтініш бойынша сертификациялауды жүргізу шарттарынан тұратын шешімді хабарлайды.
Типтік үлгіні (типтік үлгілерді) сынауды сынақтар хаттамалары берілетін сәйкестікті растау жөніндегі органмен шарт жағдайында аккредиттелген сынақ зертханасы жүргізеді.
Сынақ нәтижелері оң болған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сәйкестік сертификатын ресімдейді және оны өтініш берушіге береді.
Өтініш беруші алынған сертификаттың негізінде өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалайды.
2) 2с кестесі мынадай операцияларды қамтиды:
2-1) өтініш берушінің сәйкестік растау жөніндегі органға сертификациялауды жүргізуге өтініш беруі;
2-2) сәйкестікті растау жөніндегі органның өтініштерді қарауы және ол бойынша шешім қабылдауы;
2-3) аккредиттелген сынақ зертханасының типтік үлгілердің сынақтарын жүргізуі;
2-4) сертификаттау жөніндегі органның өндіріс жай-күйінің нәтижелерін талдауды жүргізуі;
2-5) сынақтар нәтижелерін қорытындылау және өндіріс жай-күйін талдау және өтініш берушіге сәйкестік сертификатын беру;
2-6) өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалау.
Өтініш беруші өз өнімін сертификаттауға өтінішті өз таңдауы бойынша аккредиттеу саласындағы осы өнімге ие сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың біріне береді.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш берушіге өтініш бойынша сертификаттауды жүргізу шарттарынан тұратын шешімді хабарлайды.
Типтік үлгіні (типтік үлгілерді) сынауды сынақтар хаттамалары берілетін сәйкестікті растау жөніндегі органның тапсырмасы бойынша аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізеді.
Өтініш берушідегі өндірістің жай-күйін талдауды сәйкестік растау жөніндегі орган жүргізеді. Талдау нәтижелері актімен ресімделеді.
Сынақтар нәтижелері оң болған өндірістің жай-күйін талдау жағдайында сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын ресімдейді және оны өтініш берушіге береді.
Өтініш беруші алынған сертификаттың негізінде өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалайды.
3) 3с кестесі мынадай операцияларды қамтиды:
3-1) өтініш берушінің сәйкестікті жүргізу жөніндегі органға сертификациялауды жүргізуге өтініш беруі;
3-2) сәйкестік растау жөніндегі органның өтініштерді қарауы және ол бойынша шешім қабылдауы;
3-3) аккредиттелген сынақ зертханасының типтік үлгісінің сынақтарын жүргізуі;
3-4) сынақтар нәтижелерін талдау және өтініш берушіге сәйкестік сертификатын беру;
3-5) өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалау;
3-6) сертификацияланған өнімді инспекциялық бақылау.
Өтініш беруші өз өнімін сертификаттауға өтінішті өз таңдауы бойынша аккредиттеу саласындағы осы өнімге ие сәйкестік растау жөніндегі аккредиттелген органдардың біріне береді.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш берушіге өтініш бойынша сертификаттауды жүргізу шарттарынан тұратын шешімді хабарлайды.
Типтік үлгіні (типтік үлгілерді) сынауды сынақтар хаттамалары берілетін сәйкестікті растау жөніндегі органның тапсырмасы бойынша аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізеді.
Сынақ нәтижелері оң болған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын ресімдейді және оны өтініш берушіге береді.
Өтініш беруші алынған сертификаттың негізінде өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалайды.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификаты әрекет еткен барлық мерзім ішінде өнімдер үлгілерін мерзімдік сынау арқылы сертификатталған өнімді инспекциялық бақылауды жүргізеді. Үлгілерді (дайындаушыдан және/немесе сатушыдан) іріктеу орны техникалық регламентте белгіленеді.
Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
сәйкестік сертификатының әрекетін расталған деп есептеу;
сәйкестік сертификатының әрекетін тоқтата тұру;
сәйкестік сертификатының әрекетін жою.
4) 4с кестесі мынадай операцияларды қамтиды:
4-1) өтініш берушінің сәйкестікті растау жөніндегі органға сертификаттауды жүргізуге өтініш беруі;
4-2) сәйкестік растау жөніндегі органның өтінішті қарауы және ол бойынша шешім қабылдауы;
4-3) аккредиттелген сынақ зертханасының типтік үлгісінің сынақтарын жүргізуі;
4-4) сәйкестікті растау жөніндегі органның өндіріс жай-күйінің нәтижелерін талдауды жүргізуі;
4-5) сынақтар нәтижелерін қорытындылау және өндіріс жай-күйін талдау және өтініш берушіге сәйкестік сертификатын беру;
4-6) өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалау;
4-7) сертификацияланған өнімді инспекциялық бақылау.
Өтініш беруші өз өнімін сертификаттауға өтінішті өз таңдауы бойынша аккредиттеу саласындағы осы өнімге ие сәйкестік растау жөніндегі аккредиттелген органдардың біріне береді.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш берушіге өтініш бойынша сертификаттауды жүргізу шарттарынан тұратын шешімді хабарлайды.
Типтік үлгіні (типтік үлгілерді) сынауды сынақтар хаттамалары берілетін сәйкестікті растау жөніндегі органның тапсырмасы бойынша аккредиттелген сынақ зертханасы жүргізеді.
Өтініш берушідегі өндірістің жай-күйін талдауды сертификаттау жөніндегі орган жүргізеді. Талдау нәтижелері актімен ресімделеді.
Сынақ нәтижелері оң болған жағдайда сертификаттау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын ресімдейді және оны өтініш берушіге береді.
Өтініш беруші алынған сертификаттың негізінде өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалайды.
Өтініш беруші сәйкестікті растау жөніндегі органды өнімге енгізілген өзгерістер туралы осы өнім өндірісі процесінде хабардар етеді. Сәйкестікті растау жөніндегі орган осы өзгерістерді тексереді және енгізілген өзгерістермен сапа жүйесіне бұрын жүргізілген баға сақталады ма жоқ па шешеді. Ол өз шешімі туралы өтініш берушіге хабарлайды.
Сәйкестік растау жөніндегі орган сәйкестік сертификаты әрекет еткен барлық мерзім ішінде өнімдер үлгілерін мерзімдік сынау және өндірістің жай-күйін талдау арқылы сертификатталған өнімді инспекциялық бақылауды жүргізеді. Сынақтар үшін үлгілерді (дайындаушыдан және/немесе сатушыдан) іріктеу орны техникалық регламентте белгіленеді.
Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
сәйкестік сертификатының әрекетін расталған деп есептеу;
сәйкестік сертификатының әрекетін тоқтату;
сәйкестік сертификатының әрекетін жою.
5) 5с кестесі мынадай операцияларды қамтиды:
5-1) өтініш берушінің сәйкестікті растау жөніндегі органға сертификаттау жүргізуге өтініш беруі;
5-2) сәйкестікті растау жөніндегі органның өтініштерді қарауы және ол бойынша шешім қабылдауы;
5-3) аккредиттелген сынақ зертханасының типтік үлгінің сынақтарын жүргізуі;
5-4) сапа жүйесін ИСО 9001-2001 немесе ҚР МЕМСТ талаптарына сәйкестігіне сертификаттау;
5-5) сынақтар нәтижелерін талдау және сапа жүйесін сертификаттау және өтініш берушіге сәйкестік сертификатын беру;
5-6) өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалау;
5-7) сертификацияланған өнімді және сапа жүйесін инспекциялық бақылау.
Өтініш беруші өз өнімін сертификаттауға өтінішті өз таңдауы бойынша аккредиттеу саласындағы осы өнімге ие сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың біріне береді. Өтініште өтініш беруші ол сапа жүйесін сәйкестікке сертификаттауды жүргізуді болжап отырған құжатты көрсетеді. Өтініш берушіде бұрын алынған сапа жүйесіне сертификат бар болғанда ол оны өтінішпен бірге береді.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш берушіге өтініш бойынша сертификаттауды жүргізу шарттарынан тұратын шешімді хабарлайды.
Типтік үлгіні (типтік үлгілерді) сынауды сынақтар хаттамалары берілетін сәйкестікті растау жөніндегі органның тапсырмасы бойынша аккредиттелген сынақ зертханасы жүргізеді.
Сапа жүйесін сертификаттауды өнімді сәйкестікті растау жөніндегі орган айқындаған сапа жүйелерін сертификаттау жөніндегі орган не өнімді сәйкестікті растау жөніндегі органның өзі жүргізеді. Сапа жүйесін сертификаттау нәтижелері оң болғанда сапа жүйесін сәйкестікті растау жөніндегі орган сапа жүйесіне сертификат береді.
Сапа жүйесін сертификаттау, егер өтініш беруші аккредиттелген орган берген және сапа жүйесінің ИСО 9001-2001 немесе ҚР МЕМСТ талаптарына сәйкестігін растайтын сапа жүйесінің сертификатын ұсынған болса жүргізілмейді.
Сынақ нәтижелері оң болған жағдайда және сапа жүйесіне сертификат болған кезде сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімге сәйкестік сертификатын ресімдейді және оны өтініш берушіге береді.
Өтініш беруші алынған сертификаттың негізінде өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалайды.
Өтініш беруші сәйкестікті растау жөніндегі органды осы өнімді өндіру процесінде өнімге енгізілетін өзгерістер туралы хабардар етеді. Сәйкестікті растау жөніндегі орган осы өзгерістерді тексереді және берілген сертификаттың күшін сақталады ма жоқ па шешеді. Ол өз шешімі туралы өтініш берушіге хабарлайды.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган өнім үлгілерінің мерзімдік сынақтары және сапа жүйесіне мерзімдік бақылау жолмен сәйкестік сертификаты әрекет еткен барлық мерзім ішінде инспекциялық бақылауды жүргізеді. Сынақтар үшін үлгілерді (дайындаушыдан және/немесе сатушыдан) іріктеу орны техникалық регламентте белгіленеді.
Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
сәйкестік сертификатының әрекетін расталған деп есептеу;
сәйкестік сертификатының әрекетін тоқтату;
сәйкестік сертификатының әрекетін жою.
6) 6с кестесі мынадай операцияларды қамтиды:
6-1) өтініш берушінің сәйкестікті растау жөніндегі органға сертификациялауды жүргізуге өтініш беруі;
6-2) сәйкестікті растау жөніндегі органның өтініштерді қарауы және ол бойынша шешім қабылдауы;
6-3) аккредиттелген сынақ зертханасының өнім партиясының сынақтарын жүргізуі;
6-4) сынақтар нәтижелерін талдау және өтініш берушіге сәйкестік сертификатын беруі;
6-5) өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалау.
Өтініш беруші өнім партиясын сертификаттауға өтінішті өз таңдауы бойынша аккредиттеу саласындағы осы өнімге ие сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың біріне береді. Өтініште партияның сәйкестік белгілері және оған кіретін өнімдер бірліктері көрсетілуі тиіс.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш берушіге өтініш бойынша сертификаттауды жүргізу шарттарынан тұратын шешімді хабарлайды.
Өнім партиясын сынауды (партиядан іріктеуді) сынақтар хаттамалары берілетін сәйкестікті растау жөніндегі органның тапсырмасы бойынша аккредиттелген сынақ зертханасы жүргізеді.
Сынақ нәтижелері оң болған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган осы партияға сәйкестік сертификатын ресімдейді және оны өтініш берушіге береді.
Өтініш беруші алынған сертификаттың негізінде өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалайды.
7) 7с кестесі мынадай операцияларды қамтиды:
7-1) өтініш берушінің сәйкестікті растау жөніндегі органға сертификаттауды жүргізуге өтініш беруі;
7-2) сәйкестікті растау жөніндегі органның өтініштерді қарауы және ол бойынша шешім қабылдауы;
7-3) аккредиттелген сынақ зертханасының өнім бірліктеріне сынақтар жүргізуі;
7-4) сынақтар нәтижелерін талдау және өтініш берушіге сәйкестік сертификатын беруі;
7-5) өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалау.
Өтініш беруші өнім бірлігін сертификаттауға өтінішті өз таңдауы бойынша аккредиттеу саласындағы мәлімделген өнімге ие сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың біріне береді. Өтініште өнім бірлігінің сәйкестік белгілері көрсетілуі тиіс.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш берушіге өтініш бойынша сертификаттауды жүргізу шарттарынан тұратын шешімді береді.
Өнім бірлігін сынауды сынақтар хаттамалары берілетін сертификаттау жөніндегі органның тапсырмасы бойынша аккредиттелген сынақ зертханасы жүргізеді.
Сынақ нәтижелері оң болған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің осы бірлігіне сәйкестік сертификатын ресімдейді және оны өтініш берушіге береді.
Өтініш беруші алынған сертификаттың негізінде өнімді нарықтағы айналым белгісімен таңбалайды.
12. Сәйкестік презумпциясы
42. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітілген үйлестірілген стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған төмен вольтті жабдық.
43. Төменвольтті жабдық олардың осы техникалық регламентке сәйкестігі шарты кезінде стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттар бойынша дайындалуы мүмкін.
13. Сәйкестікті растау
44. Төменвольтті жабдықтың осы техникалық регламенттің және қолдану саласына төменвольтті жабдық жататын өзге де техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау сәйкестікті міндетті растау немесе сәйкестікті декларациялау нысандарында өтініш берушінің таңдауы бойынша жүзеге асырылады.
45. Сәйкестікті растау немесе сәйкестікті декларациялау техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
46. Төменвольтті жабдықтың сәйкестігі туралы сертификаттың және декларацияның қолданылу мерзімі техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
14. Өтпелі ережелер
47. Осы техникалық регламентті қолданысқа енгізу күнінен бастап нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін төменвольтті жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету онда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
48. Осы техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және олардың құзыреті шегінде қалыптастырылатын мемлекеттік органдардың өзге де құжаттары техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен үйлестіруге жатады.
49. Осы техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.