"2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының
12-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын аударуды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ай сайын ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 қаңтардағы
N 15 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының
12-бабына
сәйкес әзірленді және республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 018 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі - 018 бюджеттік бағдарламасы) бойынша бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының
бюджет
заңнамасына
және мемлекеттік сатып алу туралы
заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің,
белгіленген
тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша 018 бюджеттік бағдарламасының жеке қаржыландыру жоспарының негізінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ағымдағы нысаналы трансферттердің қаражатын пайдалану туралы есептерді ұсынады.
5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу үшін мемлекеттік қабылдау комиссиясының
заңнамада
белгіленген тәртіппен бекітілген объектіні пайдалануға беру актісі шарт болып табылады.
6. Ағымдағы нысаналы трансферттер жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға, атап айтқанда: жалақыға, өтемақы төлемдеріне (еңбек демалысында сауықтыруға арналған материалдық көмекке), әлеуметтік салыққа және әлеуметтік аударымдарға, тамақтандыруға, дәрі-дәрмектерге, елдің ішіндегі іссапарлар мен қызметтік шығуларға, басқа да материалдарға (ЖЖМ-ға, шаруашылық тауарларына, кеңсе тауарларына, баспасөзге жазылуға), коммуналдық қызмет төлеміне, байланыс қызметі төлеміне, электр қуаты үшін төлемге, жылу үшін төлемге, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналарына, ғимараттарды, үй-жайларды ұстауға, қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеуге, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды жөндеуге, басқа да қызметтер мен жұмыстарға, басқа да ағымдағы шығындарға пайдаланылады.