Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "нысан бойынша" және "нысандар бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
"1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау" бөлімінде:
"Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасын әзірлеу және бекіту" кіші бөлімі және 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
"Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту" кіші бөлімінде:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) жылдар бойынша үш жылдық кезеңге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамдық сома көрсетіледі;
2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдерін;
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдерін;
4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдерін.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 32) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына қосуға жатпайды.";
8-тармақта:
"(жауапты хатшы) немесе оның міндетін атқарушы мен бас бухгалтері" деген сөздер "не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші абзацта "(жауапты хатшы) мен бас бухгалтері" деген сөздер "не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "осы Ереженің 8-бөліміне сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
"2. Жалпы ережелер" бөлімінде:
13-тармақта:
бірінші абзацтағы "және осындай құрылымдық бөлімшенің басшысына тиісті сенімхат береді" деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзацта:
"ұйымдастырушы" деген сөзден кейін "тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
", осы құрылымдық бөлімшенің басшысынан темен емес" деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақта "алдағы" деген сөздің алдынан "тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақтың үшінші абзацында "Акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы" деген сөздер "Дауыс беретін акцияларының елу және одан астам пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақта:
"тауарлар" деген сөздер тиісінше "тауарлар, жұмыстар, қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тауарларды" деген сөздер тиісінше "тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада "тіркелген" деген сөз "куәландырылған" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшада "тауарларды" деген сөздің алдынан "бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартта көзделген қызмет бөлігінде" деген сөздермен толықтырылсын;
"3. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу" бөлімінде:
"Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту" кіші бөлімінде:
22-тармақта:
1) тармақшада:
төртінші абзацтағы ", сондай-ақ ұсынылатын тауарға меншік құқығын растайтын немесе тауардың меншік иесі не оның ресми өкілі атынан тауарды сатуға арналған құқықты растайтын құжаттардың" деген сөздер алынып тасталсын;
алтыншы абзацта:
"жарғыдан немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
"құжаттардан" деген сөзден кейін "(жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
"кешіктірмей" деген сөз "кейін" деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші абзацта:
"немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі" деген сөздер алынып тасталсын;
"банк филиалының" деген сөздерден кейін "қолы және мөрі бар" деген сөздермен толықтырылсын;
"банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының" деген сөздер "анықтаманың" деген сөзбен ауыстырылсын;
"кешіктірмей" деген сөз "кейін" деген сөзбен ауыстырылсын;
оныншы абзац алынып тасталсын;
он бірінші абзацтағы ", сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер)" деген сөздер алынып тасталсын;
он екінші абзацта:
"жинақтаушы зейнетақы қорларына" деген сөздер алынып тасталсын;
"салық органының басшысы не орынбасарының қолымен конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынған" деген сөздер алынып тасталсын және "жоқтығы туралы" деген сөздерден кейін "не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешектің болуы туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
он үшінші абзац алынып тасталсын;
2) тармақшада:
екінші абзац алынып тасталсын;
20) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтер.";
23-тармақта:
бірінші абзацтағы "анықтау" деген сөзден кейін "және отандық кәсіпкерлерді қолдау" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшада:
бірінші абзацтағы "және ол тартатын қосалқы мердігерде (бірлесіп орындаушыда)" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы "Заңның 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптардан асып түсетін әлеуетті өнім беруші тартатын" деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзацтағы ", жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді" деген сөздер "отандық тауар өндірушілер үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
"менеджменттің" деген сөз "сапа менеджментінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік" деген сөздің алдынан "сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) қазақстандық мазмұн.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не олардың міндетін атқаратын тұлғалар бекітеді.";
27-тармақта:
"ашық не жабық" деген сөздер алынып тасталсын;
"тауарларды" деген сөзден кейін ", жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді" деген сөздермен толықтырылсын;
"Конкурстық комиссияны, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту" кіші бөлімінде:
28-тармақта:
бірінші абзацтағы "әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады" деген сөздер "әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.
Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей тапсырыс берушінің өзі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан әрекет ететін болса, конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.";
бесінші абзацта:
"(олар қажет болған жағдайда)" деген сөздер алынып тасталсын;
"сараптау комиссиясын (сарапшыны тартады) құрады" деген сөздер "сараптау комиссиясын құра (сарапшыны тарта) алады" деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурстық комиссияның төрағасы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиіс. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші өзі әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиіс. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан тапсырыс беруші әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес лауазымды адам анықталуы тиіс.";
32-тармақтың үшінші сөйлемі алынып тасталсын;
38-тармақ алынып тасталсын;
"Әлеуетті өнім берушілерді конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабардар ету" кіші бөлімінде:
41-тармақта:
бірінші абзацтағы "Ашық" деген сөз алынып тасталсын;
3) тармақша ", ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
"Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін беру" кіші бөлімінде:
42-тармақтың бірінші абзацында:
"Ашық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған немесе жабық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру туралы хабарлама жіберілген" деген сөздер "Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі" деген сөздерден кейін ", ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
43-тармақтың бірінші абзацы ", ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
45-тармақта "мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі" деген сөздерден кейін ", ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
46-тармақта "Ашық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланғанға немесе жабық конкурсқа қатысуға шақыру туралы хабарлама жіберілгенге" деген сөздер "Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланғанға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру" кіші бөлімінде:
47-тармақта "ұйымдастырушының уәкілетті өкілі" деген сөздер "ұйымдастырушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
49-тармақта:
"әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен өтпеген болса, мемлекеттік сатып алуды" деген сөздер "кездесу өтетін күн мен уақытта әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен өтпеген болса, мемлекеттік сатып алуды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ұйымдастырушының уәкілетті өкілі кездесу өтетін күн мен уақыт" деген сөздер "ұйымдастырушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"комиссияны және конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге" деген сөздер "комиссияға" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны және оларды беру" кіші бөлімінде:
51-тармақта:
2) тармақшада:
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзінді көшірмесін (жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді көшірмені;";
алтыншы абзацта:
"банк филиалының" деген сөздерден кейін "қолы және мөрі бар" деген сөздермен толықтырылсын;
"банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының" деген сөздер "анықтаманың" деген сөзбен ауыстырылсын;
"бір айдан кешіктірілмей алынуға" деген сөз "бір айдың ішінде берілуі" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзац алынып тасталсын;
сегізінші абзацтағы ", сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер)" деген сөздер алынып тасталсын;
тоғызыншы абзацта:
"жинақтаушы зейнетақы қорларына" деген сөздер алынып тасталсын;
"салық органының басшысы не орынбасарының қолымен конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынған" деген сөздер алынып тасталсын және "жоқтығы туралы" деген сөздерден кейін "не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешектің болуы туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзац алынып тасталсын;
3) тармақшада:
екінші абзац алынып тасталсын;
алтыншы абзацта "бас мердігердің қосалқы мердігерлікке жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығы үштен екісінен астамын беруге" деген сөздер "әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (қоса орындауға) жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығында үштен екісінен астамын беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелігін, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепілдігі, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кестесі (әдістері) және шарттары туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.";
6) және 7) тармақшалар алынып тасталсын;
58-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацында "мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі" деген сөздер алынып тасталсын;
59-тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
үшінші абзацта "мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі" деген сөздерден кейін ", ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
"Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету" кіші бөлімінде:
63-тармақта:
"бөлінген" деген сөздің алдынан "конкурсқа (лотқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінім берілетін лоттарға ғана конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды енгізеді." деген сөйлеммен толықтырылсын;
65-тармақ алынып тасталсын;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды, егер ол:
1) екі сатылы рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші сатысында;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысса, қамсыздандыруға шығармайды.";
"Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу" кіші бөлімінде:
72-тармақта:
"жазбаша" деген сөзден кейін "не ауызша" деген сөздермен толықтырылсын;
"ұйымдастырушының уәкілетті өкілін" деген сөздер "ұйымдастырушыны" деген сөзбен ауыстырылсын;
76-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацында "уәкілетті өкілі" деген сөздерден кейін ", ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
"Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру" кіші бөлімінде:
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда осындай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде қаралады) әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес ресімделеді, конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелер, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурс қатысушысы деп тану) туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды, әрбір бетке бұрыштама қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға болған кезде сараптамалық қорытынды не конкурстық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса тіркелуі мүмкін.";
83-тармақтың бірінші сөйлемі алынып тасталсын;
87-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) конкурстық өтінімді қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайыздан кем мөлшерінде енгізілсе.";
мынадай мазмұндағы 87-1 және 87-2-тармақтармен толықтырылсын:
"87-1. Заңды тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші (конкурс қатысушысы деп танылған), егер:
1) ол және (немесе) қосалқы мердігер не бірлесіп атқарушы мынадай:
заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін және сауда тізілімінен заңдастырылған көшірмесін бермеу, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып нотариалдық куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірмесін бермеу;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін бермеу;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін не егер заңды тұлға қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
жарғыдан немесе құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардан нотариалдық куәландырылған көшірмені (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаса) не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген акцияларды ұстаушылар тізілімінен нотариалдық куәландырылған көшірмені бермеу;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолдары және мөрлері бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан бермеуі) бермеу;
банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған және заңды тұлғаның мөрімен нықталған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасын немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін не егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған және заңды тұлғаның мөрімен нықталған соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқтығы не кемінде бір теңгелік салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан да асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді бермеу;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарға сәйкес келмеу негіздемелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға арналған өтінімі мына:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынбау;
техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің неғұрлым жақсы техникалық, сапалы және пайдалану сипаты бар техникалық ерекшеліктерді беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ерекшелікті беруі;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда) жұмыстар мен қызмет түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілмеген;
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беру;
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етілуін ұсынбау негіздемелері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
87-2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші (конкурс қатысушысы болып танылған), егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы мынадай:
тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
жеке куәліктің (паспорт) нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін бермеу;
СТН-ның нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолдары және мөрлері бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан бермеуі) бермеу;
банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтаманың түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) немесе конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде алынған бір теңгеден кем салықтық берешектің және міндетті зейнетақы жарнасы және әлеуметтік есептеулер бойынша берешектің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан да асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтердің ұсынылмауы;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарға сәйкес келмеу негіздемелері бойынша біліктілік талаптарға сәйкес болмауы;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінім мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынылмаса;
техникалық ерекшеліктер ұсынылмаса;
аса жақсырақ техникалық, сапалы және пайдалануға беру сипаттары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшеліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес емес техникалық ерекшеліктерді әлеуетті өнім беруші ұсынса;
конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмысты орындау бойынша мердігерлер туралы (қызметті көрсету кезінде мәліметтің берілмеуі (қызметті көрсету кезінде қоса орындаушылар), сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар мен қызметтердің түрі (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді тартқан жағдайда (бірлесіп орындаушылар);
әлеуетті өнім берушілердің қосалқы мердігерге қоса алғанда жұмыстың екіден үш көлемін (құрылыс бағасын) мердігерлікке (бірлесіп орындауға), қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда қызметтерді беруі;
конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды ұсынбаса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға
жіберілмейді.";
95-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.";
96-тармақта "әрбір екі жыл сайын бір пайызға" деген сөздер "әрбір жылға жарты пайызға (0,5%)" деген сөздермен ауыстырылсын;
98-тармақта:
"өнім берушінің" деген сөздерден кейін "біршама" деген сөзбен толықтырылсын;
екінші және үшінші сөйлемдер алынып тасталсын;
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауарөндіруші үшін ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осындай конкурстық өтінімнің бағасын екі пайызға азайтады.";
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"100. Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.";
101-тармақта:
"пайызды" деген сөз "жарты пайызды (0,5%)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жеті" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 102-1-тармақпен толықтырылсын:
"102-1. Конкурстық комиссия қазақстандық мазмұнның бар екендігін қараған кезде ереженің осы тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, қазақстандық мазмұнның әрбір он пайызы үшін конкурстық өтінімнің бағасын бір пайызға азайтады.
Әлеуетті өнім беруші тауарларының қазақстандық мазмұны мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнының мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін осы тауарларды әлеуетті өнім беруші сатып алатын отандық тауарөндірушілер тауарлары құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.
Егер тауарлардың әлеуетті өнім берушісі сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия осындай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімнің бағасын қазақстандық мазмұн болғаны үшін он пайызға азайтады.
Жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің әлеуетті өнім берушісінің қазақстандық мазмұны: сатып алу туралы шарттың жалпы құнының әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты орындау үшін жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алынатын отандық тауар өндірушілердің тауарлары құнының, жұмыстарды, қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші жалдаған жеке тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбегіне ақы төлеудің пайыздық мазмұны ретінде анықталады.";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын он пайызға, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық әлеуетті өнім берушісінің - бес пайызға азайтады.";
104-тармақ алынып тасталсын;
105-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қол қойылған хаттама мәтінінің тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастырылуы.";
"Конкурстық баға ұсыныстарын (конкурс) бағалау және салыстыру" кіші бөлімінде:
111-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып анықталады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде конкурстың мәні болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып анықталады.";
113-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыру.";
114-тармақта "ашық" деген сөз алынып тасталсын;
"Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі" кіші бөлімінде:
115-тармақта "бекітілген" деген сөзден кейін "техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшін) және" деген сөздермен толықтырылсын;
116-тармақта "конкурсқа қатысуға ұсынылған барлық конкурстық өтінімдердің" деген сөздер "конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
117-тармақта "барлық ұсынылған конкурстық өтінімдердің" деген сөздер "конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын жабық конкурсты және ашық конкурсты өткізу" кіші бөлімінде:
"жабық конкурсты және" деген сөздер алынып тасталсын;
119-тармақ алынып тасталсын;
120-тармақтың бірінші сөйлемі алынып тасталсын;
121-тармақта:
1) тармақшада:
алтыншы абзацта "Бюллетенде және" деген сөздер алынып тасталсын;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқаратын тұлғаның бекітуі.";
123-тармақта "ашық және жабық конкурстарды" деген сөздер "конкурсты" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өтпей қалды деп тануға негіздемелер" кіші бөлімінде:
124-тармақта "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 124-1-тармақпен толықтырылсын:
"124-1. Арнайы тәртіпті қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда өткізілмеді деп танылады:
1) ұсынылған конкурстық баға ұсыныстарының болмаса;
2) конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға
ұсыныстарының тек біреуі қалса;
3) арнайы тәртіпті қолдана отырып, конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартса.";
"4. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу" бөлімінде:
"Ұйымдастырушының уәкілетті өкіліне", "Ұйымдастырушының уәкілетті өкілі", "Ұйымдастырушының уәкілетті өкілімен" деген сөздер тиісінше "Ұйымдастырушыға", "Ұйымдастырушы", "ұйымдастырушымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерді хабардар ету" кіші бөлімінде:
126-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар саны, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлемі;";
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) сатып алынатын тауарлардың (техникалық жағдайларды көрсете отырып), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаты;
4-2) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
4-3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі;";
"Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі" кіші бөлімінде:
132-тармақтың 2) тармақшасында "128" деген сандар "130" деген сандармен ауыстырылсын;
"Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару" кіші бөлімінде:
139-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі атынан тапсырыс берушінің өзі әрекет еткен жағдайда, осындай мемлекеттік сатып алу қорытындыларын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.";
140-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
"4. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу" бөлімі, "Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерді хабардар ету", "Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі", "Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару" кіші бөлімдері және 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139 және 140-тармақтар алынып тасталсын;
"6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт" бөлімінде:
"Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу" кіші бөлімінде:
156-тармақта:
бірінші абзацтағы "Мынадай жағдайларда:" деген сөздер "Мөлшері төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын тиісті қаржы жылына арналған тауарларды, көрсетілетін қызметтерді жеткізген жағдайда өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге тиіс." деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын;
159-тармақтың 2) тармақшасында "Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға" деген сөздер "Осы Ережеге 12-қосымшаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
162-тармақта "баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
"7. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгі талаптар" бөлімінде:
"Әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар" кіші бөлімінде:
167-тармақ:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) біліктілік талаптарын белгілеуге;";
3) тармақшадағы "мерзіміне" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушілерге қолдау көрсету тәртібіне";
169-тармақта "Заңның 8-бабында белгіленген біліктілік талаптарына" деген сөздер "тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
170-тармақ алынып тасталсын;
171-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
174-тармақта "Заңда белгіленген біліктілік талаптарына, сондай-ақ Хабарламада көзделген қосымша" деген сөздер "тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
179-тармақтың 1) тармақшасында "Заңның 8-бабында белгіленген" деген сөздер "тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптар" кіші бөлімінде:
187-тармақта:
1) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына тізбе мәтінін орналастыруға тиіс.";
188-тармақтың екінші абзацында:
"Заңда белгіленген" деген сөздер "тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
"1)," деген сан алынып тасталсын;
"Біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарына сұрау салу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне қойылатын талаптар және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу" кіші бөлімінде:
202-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруға тиіс.";
"8. Ақпараттық жүйелерді және электрондық құжат айналымын пайдалана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру" бөлімінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі";
"Жалпы ережелер" кіші бөлімінің тақырыбы алынып тасталсын;
205 және 206-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"205. Электрондық мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың веб-порталында электрондық қызметтерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу осы Ережелермен белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібіне сәйкес ережелермен көзделген мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілеріне және басқа мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
206. Мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілеріне және басқа мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтерді көрсетудің ережелерін мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";
"Тапсырыс берушілерді, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларды және әлеуетті өнім берушілерді Жүйеге тіркеу" кіші бөлімінің тақырыбы алынып тасталсын;
207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"207. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық қызметтер көрсетуді электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады.";
208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219 және 220-тармақтар алынып тасталсын;
"Жүйенің жұмыс істеу тәртібі және Жүйедегі жұмыстың шарттары" кіші бөлімі мен 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230 және 231-тармақтар алынып тасталсын;
"Алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Жүйеге орналастыру" кіші бөлімі мен 232, 233 және 234-тармақтар алынып тасталсын;
"Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу" кіші бөлімі мен 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247 және 248-тармақтар алынып тасталсын;
"9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі" бөлімінде:
"Жалпы ережелер" кіші бөлімінде:
249-тармақ алынып тасталсын;
"Қорғаныстың, құқылық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздіктің қажеттілігін, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеті кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі" кіші бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздіктің, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі";
251, 252, 253, 254, 255, 256 және 257-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"251. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше шарттарын белгілеу талап етілетін жағдайда, құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
252. Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.
253. Жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, веб-сайтта мәтіндерге тапсырыс берушілерді жариялауды, конкурсқа қатысуға рұқсат туралы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері ашылған конверттердегі қол қойылған хаттамаларды және конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларын жариялауды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
254. Жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізген кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысу үшін өздері шақырған әлеуетті өнім берушілердің аттарына олардың осындай шақыруды алғанын растауы шартымен жазбаша хабарлама жібереді.
255. Конкурсқа қатысу үшін жазбаша хабарлама жіберілген әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін рұқсаты болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін жазбаша хабарлама жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізімін тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
256. Осы тарауда реттелмеген жағдайда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссиялардың мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.
257. Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер халықаралық қаржы институттары (Дүниежүзілік Банк, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі) беретін қарыздардың қаражаты есебінен сатып алынатын жағдайларда, егер бұл қарыз берудің міндетті шарты болып табылса, сатып алу кредит берушінің рәсімдері бойынша жүргізілуі мүмкін.";
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және амбулаториялық, дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі", "Дәрілік заттарды сатып алудың ерекшеліктері", "Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері" кіші бөлімдері мен 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271 және 272-тармақтар алынып тасталсын;
"Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі" кіші бөлімінде:
295-тармақта:
"аспайтын" деген сөз "асатын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"он мың еселенген" деген сөздер "төрт мың еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
296-тармақта "ашық" деген сөз алынып тасталсын;
297, 298, 299, 300, 301 және 302-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"297. Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, кеңестерді, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін нормаларды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
298. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңмен және осы Ережемен көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама рәсімдеріне қосымша басқа бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама мәтінін жариялауға құқығы бар.
299. Көрмелер өткізу үшін тауарларды, көрсететін қызметтерді мемлекеттік сатып алу екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен жүзеге асырылады, ол мынадай дәйекті кезеңдер жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптау комиссиясын құруы не сарапшыны анықтауы;
тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптау комиссиясының не сарапшының көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырма қалыптастыруы;
Заңда және осы Ережеде көзделген екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырманы ұсынуы;
сараптау комиссиясының не жұмыс сызбалары жобасы мен тұжырымдамалар сарапшысының әлеуетті өнім берушілердің көрмені өткізуді ұйымдастыру және сатып алынатын тауарлардың техникалық, сапалық және (немесе) басқа да сипаттарына қатысты мәселелерді олармен талдау үшін оларды көрсетуді келісу шарттарын қарауы;
сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі;
мемлекеттік сатып алуды әзірлеушінің қонкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бекітуі;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрмені өткізуді ұйымдастыру үшін бірінші кезеңде жұмыс сызбалары мен тұжырымдамаларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңгі рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыруды жіберуі;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар екінші кезеңде жүзеге асырылады.
300. Әлеуетті өнім берушілер тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңгі рәсімдерді пайдаланумен конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін Заңның 18-бабы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес көрмені өткізу үшін осындай мемлекеттік сатып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) заңды тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
көрме өткізуді ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;
көрме өткізуді ұйымдастыру жөнінде жұмыс тәжірибесін көрсете отырып ұсыным хаттарды;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаның білімсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына құқық берілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
көрме өткізуді ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;
көрмені өткізуді ұйымдастыру жөнінде жұмыс тәжірибесін көрсете отырып ұсыным хаттарды.
301. Әлеуетті өнім берушілер тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін көрмені өткізу үшін конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысын жасаған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) заңды тұлғалар:
әлеуетті өнім беруші ұсынған, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны;
2) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:
әлеуетті өнім беруші ұсынған, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны.
302. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен конкурсты өткізу кезінде конкурстық комиссия конверттерді ашу, рұқсат беру және конкурстың қорытындысы туралы хаттамаларын жасайды.";
мынадай мазмұндағы 302-1, 302-2, 302-3, 302-4, 302-5, 302-6, 302-7, 302-8 және 302-9-тармақтармен толықтырылсын:
"302-1. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде көрмелерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысын жасайды.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде көрмелерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген конкурстың екінші кезеңінің қорытындысын жасайды.
302-2. Конкурстық комиссия көрмелерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген конкурстың бірінші кезеңінде, егер:
1) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермесе;
2) көрмені ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобалары техникалық тапсырманың талаптарына жауап бермесе, берілген конкурстық өтінімді қабылдамайды.
302-3. Егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса, конкурстық комиссия конкурстық өтінімді көрме өткізу үшін тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңінде қайтарады.
302-4. Әлеуетті өнім берушілер семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізу үшін тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшін, мұндай конкурстың өткізілуі туралы хабарланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Заңның 18-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізуді ұйымдастырудағы тәжірибесі көрсетілген ұсыным хаттарды;
әлеуетті өнім беруші ұсынатын, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық іс жүзіндегі шығындарын қамтитын бағаны;
2) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
патенттің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізуді ұйымдастырудағы тәжірибесі көрсетілген ұсыным хаттарды;
әлеуетті өнім беруші ұсынатын, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық іс жүзіндегі шығындарын қамтитын бағаны тапсырады.
302-5. Семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізу кезінде комиссия конверттерді ашу және конкурс қорытындылары туралы хаттамалар жасайды.
302-6. Конкурстық комиссия конкурстың қорытындыларын конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылғаннан бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмеген мерзімде шығарады.
302-7. Конкурстық комиссия, егер:
1) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болмаса;
2) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса, конкурстық өтінімнен бас тартады.
302-8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, егер конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін конкурстық өтінім ұсынған және конкурстық өтінімінің бағасы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспайтын ең болмағанда бір әлеуетті өнім беруші бар болса, конкурс өткізілді деп таниды.
302-9. Тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссияның мүшелері осы тараумен реттелмеген жағдайларда Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.";
Ережеге 1-қосымша алынып тасталсын;
Ережеге 2-қосымшада:
4-бағанда "толық" деген сөз "қысқаша" деген сөзбен ауыстырылсын;
9-бағанда "теңге*" деген сөз "теңге" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Сатып алынуы бір қаржы жылынан асатын мерзімде жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
N |
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы |
Сатып алу тәсілі |
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (суреттеу) |
Өлшем бірлігі |
Саны, көлемі |
Тауарды беру, жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі |
Тауарды беру, жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтерді көрсету орны |
Сатып алу үшін жоспарланатын сома, теңгемен |
Аванстық төлем мөлшері, % |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Жиыны |
|||||||||
Барлығы |
";
* ескертпе алынып тасталсын;
"Бас бухгалтер, қолы" деген сөздер алынып тасталсын;
Ережеге 3-қосымшада:
бүкіл мәтін бойынша "нысан бойынша" және "нысандар бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
"ашық/жабық" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақта "(Ашық/Жабық) конкурс" деген сөздер "Конкурс" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақта "тиіс" деген сөз "құқылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың екінші абзацында "он жұмыс күні мерзіміне" деген сөздер "кемінде он күнтізбелік күн мерзімге" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
2) тармақшада:
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді.";
алтыншы абзацта:
"банк филиалының" деген сөздерден кейін "қолы мен мөрі бар" деген сөздермен толықтырылсын;
"банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының" деген сөздер "анықтаманың" деген сөзбен ауыстырылсын;
"алынуға" деген сөз "берілуі" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзацта ", сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер)" деген сөздер алынып тасталсын;
сегізінші абзац алынып тасталсын;
тоғызыншы абзацта:
"жинақтаушы зейнетақы қорларына" деген сөздер алынып тасталсын;
"салық органының басшы немесе орынбасары қол қойған, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған" деген сөздер "не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзац алынып тасталсын;
3) тармақшада:
екінші абзац алынып тасталсын;
бесінші абзацта "бас мердігердің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге" деген сөздер "әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көлемдері мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді";
6) және 7) тармақшалар алынып тасталсын;
18-тармақта "мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамының" деген сөздерден кейін "ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақтың екінші абзацында "(Жабық конкурс өткізілетін кезде осы абзац алынып тасталады)" деген сөздер алынып тасталсын;
27-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацында "мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамының" деген сөздерден кейін "ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
31-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.";
34-тармақтың екінші абзацында "(жабық конкурсты қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
39-тармақта "(Жабық конкурс өткізу кезінде осы тармақ алынып тасталады)" деген сөздер алынып тасталсын;
43-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшада:
екінші абзацта "берушінің" деген сөзден кейін "толық" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары |
|
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (СТН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы |
|
Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні |
";
5, 6, 7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
"Басшының" деген сөзден кейін "немесе оның орынбасарының" деген сөздермен толықтырылсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшада:
екінші абзацтың қазақша мәтінінде "көрсетіледі" деген сөздің алдында "толық" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта "Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (банктің немесе оның филиалының толық атауын, СТН, БСК, ЖСК мен мекен-жайын қоса алғанда)" жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы";
5, 6, 7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әлеуетті өнім берушінің атауы ___________________________";
2-тармақта:
"жыл сайынғы көлемі" деген сөздер "көлемі" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Шарттың құны, теңгемен" деген бағанның атауында "теңге" деген сөзден кейін "(көрсетілмесе де болады)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
"Моделі мен шығарылған жылы" деген баған алынып тасталсын;
"Жағдайы (жаңа, жақсы, нашар) және пайдалануға жіберу мерзімінің аяқталуы" деген бағанда "және пайдалануға жіберу мерзімінің аяқталуы" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (әлеуетті өнім берушінің осы конкурс (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлері көрсетіледі)
Р/с |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Лауазымы |
Осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау саласындағы жұмыс өтілі |
Диплом, куәлік және білім туралы басқа құжаттары бойынша біліктілігі немесе мамандығы |
Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса) |
Азаматтығы |
";
5-тармақта "және растайтын құжаттардың көшірмесін қоса беру" деген сөздер алынып тасталсын;
7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әлеуетті өнім берушінің атауы __________________________";
2-тармақта:
"жыл сайынғы көлемі" деген сөздер "көлемі" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қызметтер көрсетілген орын мен күн" деген бағанда:
"орын мен күн" деген сөздер "орны және жылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Шарттың құны, теңге" деген бағанның атауында "теңге" деген сөзден кейін "(көрсетілмесе де болады)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
"Моделі мен шығарылған жылы" деген баған алынып тасталсын;
"Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар) және пайдалануға жіберудің аяқталу мерзімі" деген бағанда "және пайдалануға жіберудің аяқталу мерзімі" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (әлеуетті өнім берушінің осы конкурс (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлері көрсетіледі)
Р/с |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Лауазымы |
Осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау саласындағы жұмыс өтілі |
Диплом, куәлік және білім туралы басқа құжаттары бойынша біліктілігі немесе мамандығы |
Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса) |
Азаматтығы |
";
Ескертпе * алынып тасталсын;
7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 8-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әлеуетті өнім берушінің атауы ___________________________";
2-тармақта:
"жыл сайынғы көлемі" деген сөздер "көлемі" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Шарттың құны, теңге" деген бағанда "теңге" деген сөзден кейін "(көрсетілмесе де болады)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (әлеуетті өнім берушінің осы конкурс (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлері көрсетіледі)
Р/с |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Лауазымы |
Осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау саласындағы жұмыс өтілі |
Диплом, куәлік және білім туралы басқа құжаттары бойынша біліктілігі немесе мамандығы |
Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса) |
Азаматтығы |
";
6 және 7-тармақтар алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшада:
Төртінші абзацта "жалпы сомасы (жазумен)__________теңгеге (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі)" деген сөздер "(тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурс (лот/-тар) бойынша атауын" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"конкурсқа қатысуға түпкілікті мерзім өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғандығын не өзгерткендігін және (немесе) толықтырғандығын;
танылған конкурс қатысушысы өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде тапсырмағандығын не кері қайтарып алғандығын;
конкурстың жеңімпазы етіп анықталған қатысушы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығын;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағандығын не уақтылы орындамағандығын.";
"(Банктің (банк филиалының) бірінші басшысы немесе оның орынбасарының және бас бухгалтер тұлғасында)" деген сөздер алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 11-қосымша алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшада:
тақырыбындағы "бас мердігер" деген сөздер "әлеуетті өнім беруші" деген сөздермен ауыстырылсын;
"М.О" деген аббревиатуралар алынып тасталсын;
"М.О" деген аббревиатуралардан кейін абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:
"Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесе орындаушыға) беретін жұмыстар мен қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен аспауға тиіс.";
Ережеге 4-қосымшада:
2-тармақтың 6) тармақшасында "акцияларының елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта "акцияларының елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 60-1-тармақпен толықтырылсын:
"60-1. Әлеуетті өнім беруші (мердігер) конкурстық өтінімге (бар болған кезде) қазақстандық қамтуды қамтамасыз етуді міндетіне алады.";
Ережеге 5-қосымшада:
3-тармақтың 1) тармақшасында "акцияларының елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың төртінші абзацында "акцияларының елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 73-1-тармақпен толықтырылсын:
"73-1. Әлеуетті өнім беруші (мердігер) конкурстық өтінімге (бар болған кезде) қазақстандық қамтуды қамтамасыз етуді міндетіне алады.";
Ережеге 6-қосымшаның тақырыбында "ашық" деген сөз алынып тасталсын;
Ережеге 9-қосымшада:
"Өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің нарығында кәсіби біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі бар мамандардың болуы" бағанындағы "Өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің нарығында кәсіби біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі" деген сөздер "Кәсіби біліктілік деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ерікті сертификаттау туралы құжаттың болуы" бағанындағы ", жұмыстарды, қызметтерді" деген сөздер "отандық тауар өндірушілер үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес менеджменттің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуы" бағанында:
"менеджменттің" деген сөз "сапа менеджментінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мемлекеттік" деген сөз "Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Отандық тауар өндірушінің мәртебесі" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Отандық тауар өндірушінің, отандық жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушінің мәртебесі";
"Отандық жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушінің мәртебесі" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстандық мазмұн";
Ережеге 10-қосымшада:
1-тармақта "ашық (жабық, екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып) конкурс өткізді" деген сөздер "конкурс екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
1) тармақшада "ашық, жабық," деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақшада "мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурстың қорытындылары туралы хабарландырудың мәтінін Бюллетенде жариялау үшін мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган белгілеген заңды тұлғаға жіберсін және" деген сөздер алынып тасталсын;
Ережеге 11-қосымшада "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің қолдары" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің және бірінші басшының не жауапты хатшының немесе өзге, Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның, тапсырыс берушінің не оның міндетін атқарушы тұлғаның қолдары.";
Ережеге 13, 14, 15, 16 және 17-қосымшалар алынып тасталсын;
Ережеге 18-қосымшаға 1-қосымшаның тақырыбында "ашық" деген сөз алынып тасталсын;
Ережеге 19-қосымшаның 1-тармағында "ашық, жабық," деген сөздер алынып тасталсын;
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 205 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 9, 114-құжат);
2) "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 тамыздағы N 802 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 32, 345-құжат).
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екі жүз жиырма үшінші, екі жүз отыз жетінші, екі жүз алпыс төртінші, екі жүз сексен бірінші, екі жүз сексен алтыншы, екі жүз тоқсан бірінші, екі жүз тоқсан төртінші және бес жүз он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов