"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі)
245-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қарашадағы N 1075
қаулысының
күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1326 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану
келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол
келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары
қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі
Р/с N |
Салық төлеуші |
1 |
"Маерск Ойл ГмбХ" компаниясының қазақстандық филиалы |
2 |
"АДЖИП ККО" компаниясының қазақстандық филиалы |
3 |
"Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорны |
4 |
"Жамбай" ЖШС |