Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1314 Қаулысы

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2008 жылғы 31 желтоқсандағы
      N 1314 қаулысымен   
      бекітілген      

Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес қызметінің мақсаты салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды пысықтау болып табылады.
      3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Салық салу мәселелері жөніндегі кеңес туралы ережені (бұдан әрі - Ереже) басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары

      4. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетелдірудің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
      2) салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлсіздіктерді және қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      3) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару схемаларының жолын кесу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      5. Кеңес өзінің міндеттеріне сәйкес мыналарға құқылы:
      1) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шақыруға және тыңдауға;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан Кеңестің міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұрауға және алуға;
      4) салық салу мәселелері бойынша сараптама мен консультациялар өткізу үшін белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, ұйымдардың мамандарын, отандық және шетелдік мамандарды тартуға;
      5) Кеңестің шешімдерін орындау жөнінде тапсырмалар беруге.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      6. Кеңестің төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Кеңестің отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
      7. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2013 N 607 қаулысымен.
      8. Жұмыс органы Кеңес жұмысының ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады:
      1) күн тәртібін қалыптастырады;
      2) Кеңесте қарау үшін ұсыныстар жинауды жүзеге асырады.
      Кеңесте қарау үшін жұмыс органына салық төлеушілер, қауымдастықтар, мемлекеттік органдар ұсыныстар енгізуге құқылы. Бұл ретте, ұсыныстар жеке сипатта болмауы тиіс;
      3) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылау жасайды;
      4) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
      9. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңес отырысынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
      10. Кеңес отырысының материалдары Кеңестің мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
      11. Кеңестің отырысы оның төрағасының жеке бастамасы, Кеңес төрағасы орынбасарының бастамасы не Кеңестің қарауына ұсынылатын материалдар негізінде Кеңес мүшесінің бастамасы бойынша шақырылады.
      Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде үш рет өткізіледі және егер оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
      12. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша отырысқа қатысып отырған мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.
      13. Кеңестің шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.

4. Кеңестің қызметін тоқтату

      14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
1314 қаулысына     
қосымша        

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Құрамға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.08.03 № 782 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

       Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.16 N 1082, 2011.08.22 N 933, 2012.03.26 N 353, 2012.05.08 N 590, 2012.11.13 N 1445, 17.06.2013 N 607 Қаулыларымен.

Салық салу мәселелері жөніндегі
консультациялық кеңестің құрамы

Ахметов              - Қазақстан Республикасының
Серік Нығметұлы        Премьер-Министрі, төраға

Орынбаев             - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары,
Ербол Тұрмаханұлы      төрағаның орынбасары

Келімбетов           - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайрат Нематұлы        орынбасары, төрағаның орынбасары

Құсайынов            - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы       бюджеттік жоспарлау вице-министрi, хатшы

Исекешев             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы        орынбасары – Қазақстан Республикасының
                       Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Жәмішев              - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Досаев               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы    бюджеттік жоспарлау министрі

Мамытбеков           - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы     министрі

Боданов              - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Айвар Жиреншеұлы       қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                       күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының
                       орынбасары (келісім бойынша)

Мақажанова           - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Ғалия Ақатайқызы       судьясы (келісім бойынша)

Аханов               - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің
Серік Ахметжанұлы      төрағасы (келісім бойынша)

Баталов              - Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы
Райымбек Әнуарұлы      (келісім бойынша)

Ертілесова           - Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының
Жаннат Жұрғалиқызы     төрайымы (келісім бойынша)

Қарабалин            - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Ұзақбай Сүлейменұлы    Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі (келісімі
                       бойынша)

Мырзахметов          - "Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық
Абылай Исабекұлы       экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                       бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Тәменова             - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Жанна Сәрсенбайқызы    Шетелдік инвесторлар кеңесі салық салу
                       мәселелері жөніндегі жұмыс тобының тең
                       төрайымы (келісім бойынша)