"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1306 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы деп белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім және ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
      2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;
      3) кәсіпорынның құрылымында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін құруды;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Осы қаулы кәсіпорын әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1306 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).